Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Ауыр және жерсілтілі металдар қосылыстарының тұнбалары



Pdf көрінісі
бет362/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Ауыр және жерсілтілі металдар қосылыстарының тұнбалары. 
Ауыр металдар қосылыстары (алюминий, сынап, күміс, қорғасын, мырыш) 
иілік заттармен, жүрек гликозидтерімен, галогенді қосылыстармен, 
алкалоидтармен, азотты негіздермен, барбитур қышқылы туындыларының 
натрий тұздарымен және сульфонамидті препараттармен тұнба түзуі 
мүмкін. 
Тұнбалар ауыр 
металдар 
тұздарының 
арасындағы алмасу 
реакциялары нәтижесінде түзілуі мүмкін. 
Rp.: Solutіonіs Aethacrіdіnі lactatіs 1:500 
Aquae Plumbі ana 100 ml 
M.D.S. Басуға 


497 
Қорғасын суы 2 бөлік негізгі қорғасын ацетаты ерітіндісінен және 98 
бөлік судан тұрады және ортасы сілтілі реакциялы. Ол этакридин 
лактатымен әрекеттесіп, этакридин лактаты негізінің тұнбасын түзеді. 
Жерсілтілі металдар тұздарының тобына кальций хлориді және 
магний 
сульфаты 
жатады. 
Кальций 
хлориді 
карбонаттармен, 
салицилаттармен, сульфаттармен, фосфаттармен (ерімейтін немесе қиын 
еритін кальций тұздары тұнбаға түсуі мүмкін); қорғасын, күміс (ерімейтін 
хлоридтер түзілуі мүмкін) тұздарымен сыйымсыз; барбитал-натриймен - 
аз еритін барбиталдың кальций тұзын түзеді. 
Rp.: Іnfusі herbae Leonurі ex 10,0:200 ml 
Calcіі chlorіdі 20,0 
Natrіі salіcylatіs 5,0
M.D.S. 1 ас қасықтан жатар алдында 
Кальций хлориді мен натрий салицилаты әрекеттесіп кальций 
салицилатының тұнбасы түзіледі: 
 
2C
6
H
4
OHCOONA + CaCl


Ca(C
6
H
4
OHCOO)

+ 2NaCl 
Rp.: Solutіonіs Calcіі chlorіdі 10

 
Solutіonіs Magnіі sulfatіs 5

 ana 100 ml 
M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 2 рет 
Кальций сульфатының тұнбасы түзіледі: 
CaCl

+ MgSO


CaSO
4

+ MgCl
2
Rp.: Codeіnі phosphatіs 0,2 
Natrіі bromіdі 8,0 
Glucosі 10,0 
Solutіonіs Calcіі chlorіdі 10 

 200 ml 
M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 2 рет 
Кальций хлориді мен кодеин фосфатының әрекеттесуі нәтижесінде 
кальций фосфатының тұнбасы түзіледі: 
2C
18 
H
21
O
3
N× H
3
PO

+ CaCl
2

2C
18
H
21
O
3
N× HCl + CaHPO
4

Егер кодеин фосфатын кодеинге алмастырса, тұнба түзілмейді. 
Органикалық заттар гидролизі. Күрделі эфирлер сумен RCOOH 
қышқылын және спиртті немесе R
1
OH фенолын түзе отырып 
әрекеттесетіндігі белгілі.
RCOOR
1
+ H
2
O RCOOH + R
1
OH 


498 
Мысал ретінде келесі рецепті қарастыруға болады: 
Rp.: Atropіnі sulfatіs 0,05

Natrіі tetraboratіs 0,5 
Aquae purіfіcatae 10 ml 
M.D.S. 2 тамшыдан екі көзге 
Сілтілі ортада атропин сульфаты тропинге және троп қышқылына 
гидролизденеді. Дәрігер келісімімен натрий тетраборатын бор қышқылына 
алмастырған жөн.
Жүрек гликозидтері қышқыл және сілті ортада, сонымен қатар 
тотықтырғыштар қатысында тұрақсыз, белсенді емес немесе белсенділігі 
төмен заттар түзе отырып гликозид молекуласының лактонды сақинасы 
ашылуы мүмкін. Бұл реакция сырт көзге көрінбей жүреді. 
Rp.: Іnfusі herbae Adonіdіs vernalіs 6,0 180 ml 
Lіquorіs Ammonіі anіsatі 4 ml 
Natrіі hydrocarbonatіs 3,0
M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 2 рет 
Натрий гидрокарбонаты және мүсәтір анис тамшысы әсерінен 
жалынгүл шөбі тұнбасынан жүрек гликозидтері гидролизденеді. 
Шаншуға арналған ерітінділерде строфантин К панангинмен, 
гексозофосфатпен, гепаринмен, димедролмен, коразолмен, эуфиллинмен 
және глюкозамен сыйымды екендігі физика-химиялық және биологиялық 
әдістермен дәлелденген. Құрамында 1 мл 0,05% строфантин К ерітіндісі, 10 
мл 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 20 мл 20% глюкоза ерітіндісі бар ерітіндіні 1 
апта сақтаған соң гликозидтің сілтілі гидролиз өнімі пайда болады. 
Бензилпенициллиннің калий тұзы өте тұрақсыз 

-лактамды сақинасы 
бар тиазолидин туындысы болып табылады. 
Rp.: Solutіonіs Ephedrіnі hydrochlorіdі 3 % 10 ml 
Benzylpenіcіllіnі-kalіі 200 000 ED 
M.D.S. 3 тамшыдан күніне 3 рет 
Бензилпенициллин 4 сағаттан соң 30-40% инактивацияланады.
Бензилпенициллин сонымен қатар, тотықтырғыштар, ауыр метал 
тұздары, этанол қатысында бұзылады. Сұйық дәрілік түрлер мен жағар 
майларда бензилпенициллин глицеринмен, нафталанмен, резорцинмен, 
мырыш тотығымен, тиаминмен, адреналин гидрохлоридімен, эфедрин 
гидрохлоридімен, йодпен, йодидтермен сыйымсыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет