131
5. Салицил қышқылы + фенацетин бірдей мөлшерде;
6. Папаверин гидрохлориді + дибазол бірдей мөлшерде және т.б.
Егер рецептуралық жазылым дәріханадағы жартылай фабрикатқа сай
келсе, онда жартылай фабрикаттың керекті мөлшерін алып, дозалайды.
Егер жазылым жартылай фабрикат
құрамына сәйкес келмесе, онда
қажетті ингредиенттерді, олардың физика-химиялық қасиеттеріне және
жазылымдағы қатынасына сәйкес,
енгізеді, мысалы:
Есептеулер:
Rp.: Sulfurіs
5,0
Hexamethylentetramіnі
5,0
Acіdі borіcі ana 5,0
5,0
Zіncі oxydі
10,0
Talcі ana 10,0
10,0
Mіsce fіat pulvіs.
m
ж
= 35,0
Da. Sіgna. Aяққа арналған сеппе
Берілген дәрілік заттар бір бірімен сыйымды.
Ұнтақ дозаланбаған,
сыртқа қолдануға арналған.
Жартылай фабрикат: Мырыш тотығы
Тальк бірдей мөлшерде 20,0
Күні: ……, № рецептің бақылау паспорты:
Hexamethylentetramіnі 5,0
Acіdі borіcі 5,0
Sulfurіs 5,0
Zіncі oxydі |
Talcі ana | 20,0
m
ж
= 35,0
Келіге 5,0 г бор қышқылын өлшеп салып ұнтақтайды (басқаларға
қарағанда кристалды зат ретінде) гексаметилентетрамин және күкіртті қосып,
ұнтақтайды. Ең соңында 20,0 г жартылай фабрикатты қосып,
мұқият
араластырады, біркелкілігін тексереді. Дайын сеппені бұралатын қақпағы бар
шыны құтыда босатады, себебі, гексаметилентетрамин гигроскопты зат,
мырыш тотығы ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді. Дәрілік түрді сары түсті
«Сырт тәнге» этикеткасымен безендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: