11
Жаңа дәрілік құрал – мемлекеттік тіркеуден кейін, алғашқы рет
медициналық қолдануға және өндіруге рұқсат етілген дәрілік құрал.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы – дәрілік
құралдардың сапасын және қауіпсіздігін нормалайтын,
мемлекеттік
стандарттар және ережелер жинағы.
Қайта өндірілген дәрілік құрал (генерик) – құрамы, сапа
көрсеткіштері, қауіпсіздігі, тиімділігі бойынша және оригиналды дәрілік
құралдардың қорғау құжаттарының жарамды күші біткеннен кейін айналымға
түскен оригиналды дәрілік құралдарға ұқсас дәрілік құрал.
Көмекші заттар – өндіру және дайындау
процесі барысында дәрілік
түрлердің қажетті қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қосылатын, табиғаты
органикалық немесе бейорганикалық заттар.
Дәрілік құралдың сапасы – қолдану мақсатымен әсер ету қабілетіне
ықпал ететін дәрілік құралдың қасиеттері мен сипаттамаларының жинағы.
Парафармацевтиктер – құрамында емдік дозадағы дәрілік құралдары
бар биологиялық белсенді қоспалар.
Патенттелген дәрілік құралдар – Қазақстан Республикасында
патенттік
заңдылықпен қорғалған, қолдануға құқығы бар оригиналды дәрілік құралдар.
Серия – бір технологиялық цикл нәтижесінде алынған, біркелкі дәрілік
құралдың белгілі мөлшері.
Серия нөмірі – сериясын арнайы теңестіруге, өндірістік және бақылау
операцияларының толық кезектілігін анықтауға мүмкіндік
беретін цифрлік,
әріптік немесе әріптік-цифрлік белгі.
Фармакологиялық құрал – клиникалық сынақ объектілері болып
табылатын арнайы фармакологиялық белсенділігі анықталған биологиялық
белсенді зат немесе биологиялық белсенді заттар қоспасы.
Достарыңызбен бөлісу: