Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Эфир майлары мен спиртте еритін заттарды (ментол, камфораны)



Pdf көрінісі
бет92/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Эфир майлары мен спиртте еритін заттарды (ментол, камфораны) 
енгізу. Камфора, ментол және осыған ұқсас заттар, және де эфир майлары
жинақ құрамына аз мөлшерде енеді, сондықтан жинақ массасындағы 
олардың біркелкі таралуына, 1:10 қатынасында 90 % этил спиртінде ерітінді 
түрінде енгізу арқылы қол жеткізіледі. Жинақты шыны пластинка бетіне
жұқа қабатпен орналастырып, алынған материалды пульверизатордың 
көмегімен, өсімдік материалының үстіне себеді, содан кейін жинақты жиі 
араластыра отырып, ашық ауада кептіреді.
Rp : Radicis Althaeae
8,0 
Radicis Glycyrrhizae
6,0 
Foliorum Salviae
5,0 
Olei Menthae piperitae gtts X 
Misce, fiat species 
Da. Signa. Стақан қайнаған сумен демдеп, 15 минут тұндырады. 
Күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдау. 
БП 
Foliorum Salviae
5,0 
Radicis Althaeae
8,0 
Radicis Glycyrrhizae
6,0 
Olei Menthae piperitae gtts X 
Spiritus aethylici 90% 2 ml 
Өлшемі 5 мм аспайтын бөлшектерге дейін майдаланған шалфей 
жапырақтарының 5,0 г өлшеп, шаңнан тазартып, майдаланған шикізатқа 3 
мм бөлшекке дейін майдаланған, 8,0 г жалбызтікен тамыры мен 6,0 г мия 
тамырын қосып, мұқият араластырады, араластырылған шикізатқа (90% 2 мл 
этил спиртіндегі 10 тамшы жаблыз майын) ерітіндіні сеуіп пергаментті 
капсулаға қаптайды.
Дозаланған жинақтар. Дозаланған (мөлшерленген) жинақтар түрінде 
күшті әсер ететін дәрілік өсімдіктерді тағайындайды. Мөлшерленген 
жинақтарды дайындау келесі ерекшеліктермен айқындалады: жинақтың 
әрбір жеке мөлшерін (1 қабылдау мөлшері) жеке пакетте дайындалып
шығарылады.


144 
Rp : Herbae Adonidis vernalis
2,0 
Rhizomatis cum radicibus Valerianae 1,5 
Misce, fiat species 
Da tales doses № 10 
Signa. Әрбір мөлшерін жеке 1 стакан қайнаған сумен демдеп, 30 
минут тұндыру. Күніне 1 ас қасықпен 3 рет қабылдау.
Есептеу: 
Herbae Adonidis vernalis
2,0 ∙ 10 =20,0 
Rhizomatis cum radicibus Valerianae 1,5 ∙ 10 = 15,0 
Жалпы салмағы:
20,0+15,0 = 35,0 г 
Бір реттік дозасы
35,0/10 = 3,5 г 
Жалынгүл күшті әсер ететін заттарға жататын болғандықтан, оның бір 
қабылдауға арналған мөлшері міндетті түрде тексеріледі. Бұл кезде 
есептеудің жеңілдетілген әдісін қолдануға болады. 200 мл 2,0 г жалын 
гүлінің мөлшері сәйкес келеді, ал 15 мл (ас қасық) – 0,15 г тең мөлшерінен 
аспайды.
20,0 г жалын гүл мен 15,0 г шүйгіншөп тамырлары мен тамырсабақтарын 
майдалап елейді. 10 рет 2,0 г жалынгүл мен 1,5 г шүйгіншөп тамырлары мен 
тамырсабақтарын жеке араластырады. Әр мөлшерін жеке пакеттерге 
орамдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет