Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қр медициналық жоғары оқу орындарының ОҚУ-Әдістемелік бірлестігі



бет3/3
Дата15.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#138059
1   2   3

Қоңыр раушан

Шиповник коричный

Rosa cinnamomea L.

Раушангүлділер тұқымдасы

Rosaceae

Биіктігі 2 м қабығы қоңыр-қызыл түсті жалтыр, бұталары жіңішке және де жапырақ сағағының қуысына қос-қостан орналасқан тікендері бар тікенді бұта. Жапырақтары дара қауырсынсалалы, 5-7 жұп ұзын-жұмыртқа тәрізді бүйір жапырақшаларынан тұрады. Жемістері домалақ немесе домалақ-жұмыртқа тәрізді, жалтыр, қызыл-қызғылт-сарғыш түсті, төбесінде гүл тостағаншасы қалып қойған. Рессейдің Еуропалық бөлігінің, Батыс Сібірдің, Қазақстанның орман және орман-далалы зоналарында кездеседі. Өзен жайылмаларында, шалғындарда, бұта араларында, сирек ормандарда, тоғай шеттерінде, алаңқайларда өседі. Көркемді және дәрілік өсімдік ретінде мәдени өсіріледі.



Дәрілік шикізаты. Жемістері. Иісі жоқ, дәмі тәттілеу-қышқыл. Шикізат ретінде әртүрлі формадағы ұзындығы 1-2,5 см гүлтостағаншалары мен жеміс табанынан тазартылған бүтін жемістерді қолданады.

Химиялық құрамы. Жемістерінің жұмсағына С витамині (3,3-10,8% құрғақ жемісіне шаққанда, немесе 2,76-5,20% жемісінің абсолюттік құрғақ массасына шаққанда) кіреді. Бұдан басқа, жемістердің құрамына каротиноидтар (виолаксантин, антерксантин, зеаксантин, цисрубиксантин, рубиксантин, ликопин, цис-ликопин, ß- және γ-каротин); Е және Р-витаминдері; флавоноидтар (тилирозид, кемпферолдың кумароилглюкозиді, изокверцитрин, кемпферол, кверцетин); антоциандар мен лейкоантоцианидиндер; липидтер, стероидтар, үштерпенді спирттер және қанттар (глюкоза, фруктоза, ксилоза) кіреді.

Раушанның тұқымынан алынған майлы экстрактысының құрамына қанықпаған майлы қышқылдар, каротиноидтар және Е-витамині кіреді. Сыртқа анальды жарылуларда және де бейспецификалық ойық жара (язвалық) колитте клизма ретінде қолданады.



Емдік қасиеті. Раушан жемістерін оның құрамындағы С витаминің, флавоноидтар мен каротиноидтардың кешеніне қарай бағалайды. Жемістері мен оның препараттары цингаға қарсы әсер көрсетеді, ағзадағы тотығу-тотықсыздану процесстерін күшейтеді, өт айдайтын қабілеті бар, сыртқы ортаның әсеріне қарсылықты күшейтеді. Жемістерінің қайнатпасын жүректің әлсіреуінде, диареяда, асқазан колиттерінде, циститте, нефритте, несеп және өт тас ауруларында, қатерлі анемияда, пневмонияда, диабетте қолданады, сонымен бірге қайнатпасы өт айдайтын және антигельминтті әсерге ие.

Қоңыр раушан
Қолданылуы. Раушан жемістерінің тұнбасын (10:200) витаминді және жалпы әлдендіретін дәрі ретінде ішеді. 1/2 стаканнан күніне 2-3 рет қолданылады. Бүйрек және несеп қапшығында тас пайда болғанда ішуге ұсынылады, ал мешелде және аяқтың «әлсіздігінде» су моншасы түрінде қолдануға кеңес беріледі.
Шілтержапырақты шәйқурай

Зверобой продырявленный

Hypericum perforatum L.

Шәйқурайлар тұқымдасы

Hypericaceae

Биіктігі 30-100 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік өскен, жоғарғы жағы тармақты, цилиндр тәріздес, сабағының ұзындығы бойына екі шығыңқы қабырғалары бар. Жапырағы қарама-қарсы, эллипс немесе ұзын-жұмыртқа тәріздес, шеттері тегіс, отырмалы, ұштары доғал, көптеген көрініп тұратын ашық және қара бездері бар. Гүлдері көп санды, кең сыпырғы немесе қалқанша тәрізді гүл шоғырына жиналған. Гүл тәжі алтын-сары түсті, күлтешелері ұзынша-эллипс пішінді, бүйірлері симметриясыз, үстіңгі жағы қисық кесілген, шеттерін без жауып тұрады, күлте жапырақшаларының ең үстіңгі жағы тісті. Жемісі ұзын-жұмыртқа тәрізді қорапша. Тұқымдары ұсақ, ұзынша, қоңыр түсті, ұсақ ұялы. Маусымнан тамызға дейін гүлдейді, жемісі шілдеде піседі.



Дәрілік шикізаты. Медицинада жер үсті бөлігін (шөбін) пайдаланады. Шәйқурайдың шөбінен ацетонмен экстракциялау арқылы антимикробты препарат новоиманин алады.

Шәйқурайдың шөбін гүлдеп тұрған кезінде піспеген жемістері пайда болмай тұрып, өсімдіктің 25-30 см ұзындықтағы жоғарғы жағын, сабақтардың қатты бөліктерінсіз пышақпен немесе орақпен кесіп алады. Шикізатты шатырда, жақсы желдетілген жерлерде немесе кептіргіштерде 40-60°С температурада жұқа қабатта (5-7 см) қағазда, матада немесе торда жайып жиі араластыра отырып кептіреді. Кептірілген шөптен қоспалар мен қатты сабақтарды алып тастайды. Жинау кезінде өсімдіктің бір бөлігін тиіспей қалдырады, бұл өсімдіктің шалғынының қайта өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсімдікті тамырымен жұлуға болмайды, себебі бұл өсімдіктің тез жойылып кетуіне алып келеді.



Химиялық құрамы. Шәйқурай шөбінің құрамында флавоноидтар (гиперозид, кверцетин, изокверцетин, кверцитрин, рутин және т.б.), 5-6% антоциандар, 10-12% илік заттар, каротин, 0,2-0,3% эфир майы, аскорбин қышқылы, Р және РР витаминдері, 17% шайырлы заттар, сапониндер, холин, никотин қышқылы, фотосенсибилизациялық заттары (гиперицин және т.б.) бар, сонымен бірге алкалоидтар іздері және т.б. табылған.

Медицинада қолданылуы. Шәйқурай шөбінің тұнбасын гингивиттер мен стоматиттерді емдеу және алдын алу үшін шайма түрде, ал қанайтын және инфекциялы жараларда компресс күйінде қолданады. Шөбінің тұндырмасымен жағымсыз иісті жою үшін ауызды шаяды, сонымен бірге қызыл иекті нығайту


Шілтержапырақты шәйқурай

үшін оны жағуға пайдаланды. Шәйқурайдың галенді препараттарын өт жолдарының және өт қапшығының дискинезияларында, гепатиттерде, холециститтерде, өттегі тас ауруларының алғашқы белгілерінде, сөл бөлу жетімсіздігіндегі гастритте, метеоризмде, ағзада сұйықтың және электролиттердің қалып қалуынан болатын бүйрек ауруларында қолданады. Сонымен қатар оларды көмекші дәрмек ретінде несеп тас ауруында перифериялық қан айналымының бұзылуында қолдануға болады. Қайнатпасын балаларда кездесетін түнгі несеп ұстамауында ішеді.

Новоиманин инфекциялық жараларда, флегмоналарда, абсцесстерде, күбірткеде, құлақ, тамақ, мұрын ауруларында, трофикалық язваларда және күйіктерде сыртқа пайдаланады. Бұл препарат ұлпалардың регенеративті қасиеттерін күшейтеді, жаралардың жазылу процессін тездетеді. Операциядан кейінгі инфильтраттарда, лимфодениттерде, аденофлегмоналарда, остеомиелиттің кейбір түрлерінде, өкпе мен плевраның іріңді зақымдалуында, операциядан кейінгі жараларда новоиманинді электрофорездің көмегімен қолданады. Новоиманиннің аэрозольді ингаляциясын бронхитте, пневмоторакстарда, өкпе абсцесстерінде, іріңді плевриттерде, баспада, жедел респираторлы ауруларда және созылмалы тонзилиттің асқынуында пайдаланады, сонымен бірге балаларға да қолдануға болады.
Жылқы қымыздық

Щавель конский

Rumex confertus Willd.

Тарандар тұқымдасы

Polygonaceae

Қысқа, қалың, аздап тармақты көпбасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 1,5 м және қалыңдығы 2 см жоғары жағы тармақты, сабағы тік, көбінесе жалғыз-дара орналасқан, жалаңаш, тегіс емес болып келеді. Жапырақтары кезегімен орналасқан. Төменгі сабақты жапырақтары жүрек тәріздес негізі бар ұзын-үшбұрыш-жұмыртқа тәріздес, үштік емес, шеттері иреленген, ұзындығы 25 см, ені 12-13 см; жоғарғы жапырақтары кішілеу, жұмыртқа-ланцет тәрізді. Барлық жапырақтары сағақты, жоғарғылары қысқа сағақты. Сағақтарының астында сабақты қоршап алатын қызыл түстес воронка тәрізді қабықша түзіледі. Жапырақтарының төменгі беткейі қысқа түкті, әсіресе жүйкелерінде. Гүлдері ұсақ, жасыл түсті алты күлте жапырақшаларының гүл серігі бар ұзын, жіңішке және қою сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына үлкен емес күлте басы түрінде жиналған. Жемістері – үшқырлы, дөңес, қоңыр түсті ұзындығы 4-5 мм гүл серігінде үш өсіп кеткен ұяшықтарда орналасқан жаңғақтар. Мамыр-маусымда гүлдейді. Жемістері маусым-шілдеде піседі.



Дәрілік шикізаты. Тамырлары мен тамырсабақтары. Шикізатын күзде жер үсті бөлігінің дамуы тоқтаған кезде жинайды. Тамырлары мен тамырсабақтарын күрекпен қазып алып, топырағын қағып тастайды, жер үсті бөліктерін кесіп тастап, ағын суда жақсылап жуады. Қалың тамырсабақтарын ұзынынан, ал ұзын тамырларын көлденең кеседі. Кейде кептірер алдында

Жылқы қымыздық

шикізатын солдырады. Шикізатты жинау кезінде, жас өсімдіктерді қалдырып отырады. Жылқы қымыздық тамырларын күн астында да және көлеңкеде де кептіруге болады. Шикізатты жұқалап (3-5 см) қағазға немесе матаға жайып кептіреді. Қолайсыз ауа райында кептіргіштерде 50-60°С температурада араластыра отырып кептіреді.



Химиялық құрамы. Жылқы қымыздық тамырларында 4% дейін құрамында хризофан қышқылы мен хризофанол кіретін антрахинон туындылары бар; бұдан басқа, пирокатехинді топтағы илік заттар (15%-ға дейін, яғни рауғашқа қарағанда көбірек); флавоноидтар, кофе қышқылы, эфир майы, шайырлар, темір (органикалық қосылыс ретінде) бар. Жемістерінде антрахинон туындылары мен илік заттар табылған. Жапырағынан флавоноидтар (гиперозид, рутин және т.б.), аскорбин қышқылы, каротин табылған. Өсімдіктің барлық бөлігінде кальций оксалатының үлкен мөлшері бар. Химиялық құрамы жөнінен жылқы қымыздық рауғашқа ұқсас.

Медицинада қолданылуы. Жылқы қымыздықты қайнатпа мен ұнтақ күйінде колиттер мен энтероколиттерді, геморройды емдеуге пайдаланады. Аз дозада олар бырыстырғыш, ал үлкен дозада іш жүргізетін қасиет көрсетеді. Қымыздықтың препараттары бүйректің несеп тасы ауруларында қолдануға болмайды.
Қара жемісті арония

Арония черноплодная

Aronia melanocarpa Elliot.

Раушангүлділер тұқымдасы

Rosaceae

Биіктігі 3 м бұта. Бұталарының өнім беретін жасы 10 жылға дейін. Жапырақтары кезекті орналасқан, кең дөңес немесе керіжұмыртқа тәрізді, ұзындығы 4-8 см, ені 3-5 см, жәй, шеттері бүтін, жазда ашық-жасыл түсті, күзде қызыл; жапырағының үстіңгі беті тері сияқты жылтыр, тегіс, күңгірт-жасыл түсті, ал төменгі бетін аздап ақ түк басқан.

Гүлдері 12-35 данадан қалқанша гүл шоғырына жиналған, күлтешелері ақ немесе қызғылт түсті. Арония мамыр-маусымда жапырағын түзгеннен 2 аптадан кейін гүлдейді, гүлденуі 12-15 күнге созылады. Жемістері домалақ немесе аздап созылыңқы, алма тәрізді, диаметрі 1,5 см-ге дейін, жалаңаш, қара түсті, жылтыр, кейде көгілдір қабат пайда болады, кейде күңгірт-қызыл түсті, сөлді, қышқылтым-тәттілеу бырыстырғыш дәмі бар. Жемістері тамыз-қыркүйекте піседі алғашқы аязға дейін түспейді.

Дәрілік шикізаты. Медицинада қара жемісті аронияның жас немесе құрғақ жемістері қолданылады. Аронияның көптеген бағалы қасиеттері бар олар: жыл сайын жақсы өнім береді, өнім беруі ерте басталады, ұзаққа созылады, жемістері алғашқы аязға дейін бұталарында сақтала береді, қысқа төзімді, топырақ талғамайды, тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды, көбеюге қабілетті. Жемістерін жинаған кезде асықпайды, себебі жемістері ерте қарайып үлгереді, жемістерінің едәуір жақсы дәмі кейінірек күзде бітеді. Бұл кезде жемістерін құстардан сақтау керек.


Қара жемісті арония

Химиялық құрамы. Арония жемістерінде қант (10% дейін), алма және басқа органикалық қышқылдар (1,3% дейін), пектиндер (0,75% дейін) және илік заттар (0,6% дейін) бар. Олардың құрамына сонымен бірге витаминдер де: аскорбин қышқылы, Р-витаминді белсенділігі бар заттар, каротин, рибофлавин, фоли қышқылы, никотин қышқылы, токоферолдар, филлохинон, пиридоксин, цианин, тиамин және т.б. кіреді. Жемістерінің жұмсақ етінде амигдалин, кумарин және т.б. қосылыстар да табылған. Олардың құрамына кіретін микроэлементтердің ішінен жемістердің 100 г жұмсағына шаққанда көбінесе темір 1,2 мг, марганец 0,5 және йод 5-8 мг кездеседі.

Медицинада қолданылуы. Медицинада аронияның сөлі және жемістерін піскен кезінде кеңінен қолданады. Ұнтақ күйіндегі Р-витаминін алу үшін аронияның жемістерін пайдаланады. Р-витаминін гипо- және авитаминоздарда, сәулелі ауруда, ревматизмде, гипертониялық ауруда, қан тамырларының өткізгіштігі нашарлағанда қолданады. Жиналған арония жемістері олардың құрамында бактерицидті қасиетке ие заттардың болуына байланысты ұзақ сақталады. Арония жемістері гипотензивті әсер көрсетеді, тәбетті ашады, қышқылдық пен асқазан сөлінің қорытқыш қабілетін көтереді, қалқанша бездердің қызметін жақсартады.

Гипертонияны, қышқылдығы төмендегендегі гастритті, тамырлардың өткізгіштігі жоғарылағанда, тиреотоксикозда, гипо- және авитаминоздарда, атеросклерозда (аронияның 100 г жемістерін немесе 50 мл сөлін немесе 100,0 өткізілген жемістерін, 1 кг жемістеріне 700 г қант деп есептеп, күніне 2-3 рет пайдаланды) ішеді.

Арония жемістерінің сөлін гипертониялық ауруының алғашқы сатысында, әр түрлі қан кетулерде, атеросклерозда, анацидті гастриттерде пайдаланады. Жемістерін гипертонияда, гепатиттерде, аллергияларда, улануда пайдаланады.

Арония сөлін 30-50 мл күніне 3 рет тамақтың алдында 30 минут бұрын 10-30 күн бойына қабылдайды. Жемістерін 50-100 г-нан күніне 3 рет қабылдайды. Олардың емдік қасиеті өңдеу кезінде де сақталады.


Батпақты ақшайыр

Сушеница топяная

Gnaphalium uliginosum L.

Астерлер тұқымдасы

Asteraceae

Биіктігі 5-20 см, әдетте тамырына дейін кең бұтақты бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтарын жүнді-сұр-түсті қалың түк басқан. Жапырағының ұзындығы 2-5 см, кезекті, ұзын-ланцет тәрізді, қалың-түкті, бір жүйкелі. Тамыры кіндіктамыр, жіңішке әрі қысқа. Гүл шоғыры күрделі көптеген жұмыртқа тәрізді гүл себеттерінен тұрады, себеттері бурыл, шеттері пленка тәрізді бірдей емес жапырақшалармен қоршалған. Гүлдері қосжынысты, қоңыр-сары түсті себетке жиналған. Жемістері жасыл-сұр түсті, 10 бөлек түктерден тұратын айдары бар ұзынша келген тұқымдардың құтысы.





Батпақты ақшайыр

Табиғи жағдайда ақшайырдың өскіндері мамырдың аяғында пайда болады, гүлдеу кезеңі маусым-тамызда байқалады; тамыздың аяғында кейбіреулерінде жемістері пайда бола бастайды, қазан айының аяғына таман өсімдік тіршілігін әдетте жояды. Сонымен өсімдіктің орташа өмір ұзақтығы шамамен 5 ай.



Дәрілік шикізаты. Медицинада өсімдіктің барлық бөлігін тамырымен бірге пайдаланады. Батпақ ақшайырдың шөбін гүлдеп тұрған кезінде маусым-тамызда жинайды. Жинау кезінде әр квадрат метр шалғыннан 2-4 өсімдікті ұрыққа қалдырып отыру керек. Шикізатты кептіргіштерде 40°С температурада кептірген жөн немесе жақсы желдетілген бөлмелерде, ашық ауада көлеңкелі жерлерде кептіру дұрыс.

Химиялық құрамы. Батпақ ақшайырдың жер үсті бөліктерінде 4% дейін илік заттар, эфир майы, флавоноидтар, алкалоидтар, 16%-ға дейін шайырлар, 30 мг % дейін каротин табылған.

Медицинада қолданылуы. Батпақ ақшайырдың препараттары қабынуға қарсы, бырыстырғыш және антибактериальды қасиеттерді көрсетеді. Олар тері және кілегей қабаттарының беткейіндегі жаралар мен жарақаттардың регенерациясы мен эпителизациясын жылдамдатады; ішек перистальтикасын күшейтеді; қанның ұюын жақсартады, седативті әсер көрсетеді, жүрек соғуын баяулатады.

Батпақ ақшайырдың препараттарын өз бетінше немесе көк көкшегүл препараттарымен бірге асқазан мен он екі елі ішектің язвасында пайдаланады. Сыртқа қолданғанда батпақты ақшайырдың препараттары жарақаттардың, ойық жаралардың (язвалардың) және күйіктердің жазылуын жылдамдатады. Ақшайырды гипертонияның және стенокардияның алғашқы сатыларында тағайындайды. Батпақты ақшайырдың тұнбаларын немесе қайнатпаларын ұзақ қолдану науқастарда кері жанама әсер туғызбайды.



ҚОРЫТЫНДЫ
Флавоноидтар – бұл көптеген өсімдіктер тобының фенолды қосылыстары. Олардың құрылымдық негізін бір-бірімен үшкөміртектік тізбекпен қосылған екі (А және В) бензол сақинасынан тұратын қаңқа құрайды. Флавоноидтардың қазіргі заманғы жіктелуі үшкөміртектік фрагменттің тотығу дәрежесіне, бүйірдегі фенилды радикалдың орнына, гетероциклдың шамасына және басқа да белгілерге негізделген. Флавоноидтардың үш негізгі кластарын бөліп көрсеткен: а) С2 жағдайында бүйір фенилды радикалы бар нағыз флавоноидтар (эуфлавоноидтар); б) С3 жағдайында фенилды радикалы бар изофлавоноидтар; в) С4 жағдайында фенилды радикалы бар неофлавоноидтар.

Көптеген флавоноидтар сары түске боялған (флавондар, флавонолдар, халкондар, аурондар) немесе түссіз (катехиндер, лейкоантоцианидиндер, флаванондар, изофлавондар) қатты қиыршықты заттар. Ең ашық түстер антоциандарға тән, олар өсімдік ұлпаларына қызыл, көк немесе күлгін түс беріп тұрады. Гликозилденген түрлері, дағдыдағыдай, суда жақсы ериді, органикалық еріткіштерде (хлороформ, эфир және басқа) ерімейді немесе аз ериді. Агликондары төменгі спирттерде (метил, этил), ацетонда, этилацетатта және сілтілер ерітінділерінде жақсы ериді.

Дәрілік өсімдік шикізаттарында және препараттарда флавоноидты қосылыстарды сапалық реакциялар және хроматографиялық әдістер көмегімен айқындайды. Флавоноидтарға тән реакция цианидинді сынама (Цинода сынамасы), ол флавоноидтарды қышқылды ортада Mg+2 қатысуында атомды сутекпен тотықсыздандыруға негізделген.

Флавоноидтарды өсімдік шикізатында және препараттарында сандық анықтау үшін физико-химиялық әдістер кеңінен қолданылады, әсіресе, спектрофотометрия және фотоколориметрия әдістері. Флавоноидтар спектрдің УК-аймағында жарықты жұту қабілетіне негізделген спектрофотометриялық әдісті жиі жағдайда хроматографиямен бірлесіп жасайды, бұл заттар жиынтығын жеке компоненттерге бөліп тазартуға мүмкіндік береді.

Флавоноидтар ағзаға әсер етуі кең спектрге ие. Жеке айтқанда олар мынадай қасиеттер көрсетеді: гепатопротекторлы әсер –“Легалон”, “Силибор”, “Гепабене” препараттары; капиллярларды нығайтатын әсер немесе Р-витаминді белсенділік – шәйдің катехиндері “Рутин”, “Аскорутин”, “Кверцетин” (жапон софорасынан); кардиотоникалық әсер – долана тұндырмасы, “Кардиовален”, “Кардиоплант”; гипотензивті әсер – сасықшөп тұндырмасы, батпақ ақшайырдың тұнбасы; тыныштандыратын әсер – сасықшөп тұндырмасы; қабынуға қарсы әсер, жаралар мен эрозияларды жазатын әсер. “Ликвиритон”, “Флакарбин” препараттары язваға қарсы қолданылады. Өт айдайтын әсер - “Фламин” препараты, салаубастың құрғақ экстрактысы, “Танацехол” (түймешетеннен), “Конвафлавин” (меруертгүлден), “Флакумин” (скумпиядан) көрсетеді; несеп айдайтын әсерге – дала қырықбуыны, байкал томағашөбінің флавоноидтары ие; гипоазотемиялық белсенділікті “Леспенефрил” (басты леспедецадан) препараты көрсетеді. “Леспефлан” (екі түсті леспедецадан) бүйрек жетімсіздігінде қолданылады; вирусқа қарсы белсенділікті – үшкіржапырақты тал флавоноидтары (лютеолин-7-гликозид), “Аренарин”, “Хелепин” препараттары көрсетеді.
Өз бетінше бақылауға арналған сұрақтар

1. Флавоноидтарға биологиялық белсенді заттар ретінде анықтама беріңіз.

2. Флавоноидтардың жіктелуі неге негізделген? Флавоноидтар топтарын атап шығыңыз?

3. Флавоноидтардың негізгі физико-химиялық қасиеттерін атап шығыңыз.

4. Әр топтың қосылыстарының формуласын мысалға келтіре отырып жіктелуін жазыңыз.

5. Флавоноидты өсімдіктерді жинау, кептіру және сақтау ережелері.

6. Шикізаттың (зерттеу объектілерінің) сыртқы түрінің спецификалық белгілерін атап шығыңыз.

7. Шикізаттың зерттеу объектісінің анатомиялық құрылысының диагностикалық белгілерін атап шығыңыз.

8. Зерттеу объектісінің шикізатының химиялық құрамын атаңыз.

9. Флавоноидтардың шикізатта болуын дәлелдеу үшін қолданылатын сапалық реакциялар цианидинді сынаманың химиялық реакцияларын және алюминий хлоридімен комплекс түзу химиялық реакцияларын жазыңыз.

10. Флавоноидтардың мөлшерін өсімдік шикізатында сандық анықтау әдістері.

11. Шикізатты сақтау ережелерін атаңыз (сақтау тобы, сақтау жағдайлары).

12. Әр зерттелетін шикізаттың фармакологиялық тобын, оның қолдану жолдарын, препараттарын атаңыз.

Өз бетінше бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. Долана гүлдерінен алынатын препарат:

A. сөл

B. шырын


C. тұндырма

D. құрғақ экстракт

E. “Коринфар” препараты
2. Құс таранның өсетін жері:

A. құрғақ құмды топырақтар

B. егістіктер, бақшалар

C. батпақты жерлер, су жағалары

D. орман шеттері, бұта арасын

E. тасты беткейлер


3. Несеп айдайтын дәрі-дәрмек ретінде пайдаланатын шикізат:

A. көк гүлкекіре

B. тікенді долана

C. шілтержапырақты шайқурай

D. айланшөп таран

E. құс таран


4. Шайқурай шөбінен алынатын препарат:

A. рутин


B. кверцетин

C. сөл


D. тұндырма

E. шырын
5.Долана жемістері ... препарат ретінде қолданылады

A. қан тоқтататын

B. жүрек-қан тамыларының

C. өт айдайтын

D. витаминді

E. несеп айдайтын
6. Өсімдік шикізатының құрамында флавоноидтардың бар екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын реакция:

A. “лактонды сынама”

B. кремневольфрам қышқылымен

C. “цианидинді сынама”

D. Молиш реактивімен

E. микроайдау

7. Айланшөп таран шөбі ... препарат ретінде қолданылады

A. қақырық түсіргіш

B. несеп айдайтын

C. тыныштандырғыш

D. жүрек-қан тамырларының

E. қан тоқтатқыш


8. Монохроматикалық сәулеленудің белгілі бір толқын ұзындығында флавоноидтар ерітіндісінің оптикалық тығыздығын (жұтылу) анықтауға негізделген өсімдік шикізаттындағы флавоноидтар мөлшерін анықтауға қолданатын әдісті ... деп атайды

A. флюорометриялық

B. колориметриялық

C. гравиметриялық

D. спектрофотометриялық

E. потенциометриялық


9. Долана туысының дәрілік өсімдіктерінің тұқымдасы:

A. Lamiaceae

B. Fabaceae

C. Rosaceae

D. Asteraceae

E. Hypericaceae


10. Медицинада қолданылатын шикізаттан дайындалатын өсімдік аты Polygonum ...

A. aviculare

B. minor

C. mite


D. alopecuroides

E. alpinum


11. Рутин флавоноидтар жіктелуі бойынша ... туындыларына жатады

A. флавон

B. флавонон

C. флавононол

D. флавонол

E. халкон


12. Шайқурай шөбінің флавоноидтар мөлшерін МФ ХІ басылымы бойынша анықтайтын әдіс:

A. титрометриялық

B. спектрофотометриялық

C. гравиметриялық

D. йодометриялық

E. фотоэлектроколориметриялық


13. Байкал томағашөбінің тамырларын ... препарат ретінде қолданылады

A. қан тоқтатқыш

B. витаминді

C. гипотензивті

D. несеп айдайтын

E. ангиопротекторлы


14. Өсімдік шикізатында флавоноидтардың бар екендігін дәлелдеу үшін МФ ХІ басылым бойынша қолданылатын реакция:

A. күйдіргіш натрмен

B. Люголь ерітіндісімен

C. концентрлі күкірт қышқылымен

D. алюминий хлоридімен

E. тотық темір хлоридімен


15. Құс таранның шикізаты ретінде ... қолданылады

A. шөбін


B. жапырақтарын

C. гүлдерін

D. тамырларын

E. жемістерін


16. Шайқурай шөбінің жинау кезеңі:

A. гүлдеу алдында

B. гүлдей бастағаннан жеміс берудің соңына дейін

C. гүлдеп тұрған кезінде

D. бүкіл вегетациялық кезең бойына

E. сабағы өсе бастаған кезеңінде


17. Жапон софорасынан рутин алу үшін қолданылатын шикізаты:

A. жапырақтары

B. қабығы

C. гүлдері

D. шанақтану

E. жемістері


18. Таран туысының өсімдіктерінің тұқымдасы:

A. Lamiaceae

B. Polygonaceae

C. Rosaceae

D. Asteraceae

E. Hypericaceae


19. Қосжапырақты гинкгоның шикізаты ретінде ... қолданылады

A. жемістері

B. қабығы

C. тамырлары

D. гүлдері

E. жапырақтары


20. Бұрыш таран шөбін ... мөлшері бойынша стандарттайды

A. кверцетиннің

B. кверцетинге есептегендегі флавоноидтар суммасының

C. рутиннің

D. рутинге есептегендегі флавоноидтар суммасының

E. 70% спиртпен сығылған экстрактивті заттардың


21. Батпақты ақшайырдың өсетін аймақтары:

A. құрғақ құмды топырақтар

B. кебетін батпақтар, дала

C. өзен жайылымдар

D. ылғалды қылқанды ормандар

E. тау өзендерінің жағалаулары


22. Егістік қуаңдәрінің шикізаты ретінде ... қолданылады

A. шөбін


B. тамырсабақтары тамырларымен

C. гүлдерін

D. тамырларын

E. тамырсабақтары мен тамырларын


23. “Фламин” және “Аренарин” препараттарының құрамындағы шикізат:

A. кәдімгі түймешетен

B. қара ырғай

C. құмдық салаубас

D. дала қырықбуыны

E. батпақ ақшайыр


24. Түймешетен гүлдерін ... мөлшері бойынша стандарттайды

A. лютеолиннің

B. фенолкарбон қышқылдарының

C. флавоноидтар суммасының

D. 70% спиртпен сығылатын экстрактивті заттардың

E. флавоноидтар мен фенолкарбон қышқылдарының суммасының


25. Батпақ ақшайырды ... препарат ретінде қолданылады

A. гипотензивті

B. седативті

C. өт айдайтын

D. тер айдайтын

E. несеп айдайтын


26. Дала қырықбуының таралуы аймағы:

A. тек Қиыр Шығыста

B. тек тропикалық елдерде

C. Қ.Р. барлық аймағында

D. тек Кауказда

E. тундра аудандарында


27. Лютеолин флавоноидтар жіктелуі бойынша ... туындыларына жатады

A. флавон

B. флавонон

C. флавононол

D. флавонол

E. халкон


28. Қара ырғайдың шикізаты ретінде ... қолданылады

A. шөбін


B. жапырақтарын

C. гүлдерін

D. тамырларын

E. жемістерін


29. Батпақ ақшайыр шөбінің флавоноидтар мөлшерін МФ ХІ басылымы бойынша анықтайтын әдіс:

A. титрометриялық

B. спектрофотометриялық

C. гравиметриялық

D. йодометриялық

E. фотоэлектроколориметриялық


30. Медицинада шөбі қолданылатын өсімдіктің аты Eguisetum ...

A. palustre

B. pratense

C. sylvaticum

D. arvense

E. fluviatile


31. Шегіргүл шөбі ... препарат ретінде қолданылады

A. қантоқтататын

B. витаминдік

C. қақырық түсіргіш

D. гипотензивті

E. өт айдайтын


32. Түймешетен гүлдерінен алынатын препарат:

A. тұндырма

B. танацехол

C. танакан

D. хологогум

E. травесил


33. Сасықшөп шөбі ... препарат ретінде қолданылады

A. қан тоқтататын

B. өт айдайтын

C. қақырақ түсіргіш

D. гипотензивті

E. седативті


34. Дала қуаңдәрінің тұқымдасы:

A. Lamiaceae

B. Caprifoliaceae

C. Rosaceae

D. Fabaceae

E. Asteraceae


35. Құмдық салаубас гүлдерінің флавоноидтар мөлшерін МФ ХІ басылымы бойынша анықтайтын әдіс:

A. титрометриялық

B. гравиметриялық

C. полярографиялық

D. спектрофотометриялық

E. фотоэлектроколориметриялық


36.Ononis arvensis – ... өсімдігігің латынша атауы

A. қара ырғай

B. батпақты ақшайыр

C. дала қуаңдәрісі

D. кәдімгі түймешетен

E. дала шегіргүлі


37. Сасықшөп жапырақтарының анатомиялық құрылысына тән ... жәй түкшелердің болуы

A. қалың қабырғалы, 3-5 жасушалы

B. жұқа қабырғалы, көпжасушалы, дөңсүйелді

C. жұқа қабырғалы, біржасушалы

D. шоқты

E. біржасушалы, көпжасушалы

38. Сасықшөп шөбінің жинау кезеңі:

A. шанақтану – гүлдей бастағанда

B. толық гүлдеу кезеңі

C. жеміс беру

D. гүлдей бастағаннан жеміс пісу аяғына дейін

E. сабақтың өсуі


39. Медицинада қолданылатын өсімдіктен дайындалатын шөп:

A. Leonurus glaucescens

B. Leonurus tataricus

C. Leonurus sibiricus

D. Leonurus cardiaca

E. Leonurus lanata


40. Суретте көрсетілген флавоноидтарға жататын қосылыс:

A.




B.


C.

D.

E.


41. Салаубас гүлдері ... препарат ретінде қолданылады

A. седативті

B. кардиотоникалық

C. несеп айдайтын

D. өт айдайтын

E. іш жүргізетін


42. Гинкго жапырақтарынан алынатын препарат:

A. рутин


B. келлин

C. танакан

D. танин

E. пастинацин


43. Суретте көрсетілген изофлавон туындыларына жататын қосылыс:

A.


B.





C.


D.


E.



44. Суретте көрсетілген формула:

A. лютеолиннің

B. рутиннің

C. гиперозидтің

D. кверцетиннің

E. кемпферолдың
45. Дала қырықбуын шөбі ... препарат ретінде қолданылады

A. седативті

B. өт айдайтын

C. несеп айдайтын

D. қақырық түсіргіш

E. тонусты көтеретін


46. Құс таран шөбінің негізгі әсер етуші заттары:

A. хромондар

B. флавоноидтар

C. фенолгликозидтер

D. кумариндер

E. лигнандар


47. Медицинада шөбін дайындайтын өсімдік:

A. Equisetum palustre

B. Equisetum sylvaticum

C. Equisetum pratense

D. Equisetum arvense

E. Equisetum fluviatile


48. Суретте көрсетілген флавонон туындыларына жататын қосылыс:

A.

B.


C.

D.

E.

49. Долана жемістерінен алынатын препарат:



A. шырын

B. “Курантил”

C. “Пастинацин”

D. рутин


E. сұйық экстракт
50. Құс таран шөбін … мөлшері бойынша стандарттайды

A. эфир майының

B. экстрактивті заттардың

C. илік заттардың

D. флавоноидтар суммасының

E. полисахаридтер суммасының


51. Гүлкекіре гүлдерінен алынатын препарат:

A. тұндырма

B. сөл

C. су тұнбасы



D. ұнтақ

E. шырын
52. Суретте … жапырағының анатомиялық құрылысы көрсетілген

A. дала шегіргүлі

B. шілтержапырақты шәйқурай

C. өзекті сасықшөп

D. құс таран

E. бұрыш таран
53. Құмдық салаубастың тұқымдасы:

A. Asteraceae

B. Apiaceae

C. Lamiaceae

D. Fabaceae

E. Ericaceae


54. Суретте көрсетілген формула:

A. кверцетиннің

B. кемпферолдың

C. гиперозидтің

D. кумариннің

E. рутиннің


55. Шайқурай шөбін ... препарат ретінде қолданылады

A. седативті

B. өт айдайтын

C. қабынуға қарсы

D. қақырық түсіргіш

E. несеп айдайтын


56. Жапон софорасы бутондарынан алынатын препарат:

A. тұндырма

B. құрғақ экстракт

C. псорален

D. рутин

E. келлин


57. Дала қырықбуын шөбін ... препарат ретінде қолданылады

A. спазмолитикалық

B. қақырық түсіргіш

C. өт айдайтын

D. кардиотоникалық

E. несеп айдайтын


58. Флавон туындыларына жататын қосылыс:

A.




B.


C.



D.



E.

59. Бұрыш таран шөбінің флавоноидтар мөлшерін МФ ХІ басылымы бойынша анықтайтын әдіс:



A. йодометриялық

B. фотоэлектроколориметриялық

C. спектрофотометриялық

D. гравиметриялық

E. нейтралдау
60. Шайқурай шөбінің әсер етуші заттары:

A. флавоноидтар

B. хромондар

C. кумариндер

D. лигнандар

E. фенолгликозидтер


61. Су таран шөбінен (бұрыш таран) ... алынады

A. флавоноидтар суммасы

B. рутин

C. сұйық экстракт

D. құрғақ экстракт

E. сөл
62. Шикізаты ретінде “шөбі” жиналатын өсімдік:

A. Hypericum eleqans

B. Hypericum perforatum

C. Hypericum scabrum

D. Hypericum montanum

E. Hypericum hirsutum
63. Суретте көрсетілген флавонол туындыларына жататын қосылыс:

A.


B.

C.
D.

E.

64. МФ ХІ басылымына сәйкес шайқурай шөбін ... мөлшері бойынша стандарттайды



A. рутиннің

B. 70% спиртпен бөлінетін экстрактивті заттардың

C. рутинмен есептегендегі флавоноидтар суммасының

D. сумен бөлінетін экстрактивті заттардың

E. гиперициннің
65. Сасықшөп шөбін ... препарат ретінде қолданылады

A. тыныштандырғыш

B. тонусты көтеретін

C. өт айдайтын

D. несеп айдайтын

E. қақырық түсіргіш


66. Суретте көрсетілген формула:

A. рутиннің

B. кверцетиннің

C. гиперозидтің

D. витексиннің

E. авикуляриннің


67. Суретте ... жапырағының анатомиялық құрылысы көрсетілген

A. шайқурай

B. бұрыш таран

C. шегіргүл

D. құс таран

E. сасықшөп


68. Сасықшөп шөбінен алынатын препарат:

A. спиртті тұнба

B. рутин


C. флавоноидтар суммасын

D. қою экстракт

E. шырын
69. Көк гүлкекіренің латынша атауы:

A. Gossipium hirsutum

B. Valeriana officinalis

C. Centaurea cyanus

D. Cassia acutifolia

E. Vaccinium vitis idea


70. Батпақты ақшайыр шикізатының химиялық құрамына ... кіреді

A. алкалоидтар

B. жүрек гликозидтері

C. витаминдер, флавоноидтар

D. хромондар

E. антрацентуындылары


Тест сұрақтарына жауаптар:

1-В; 2-В; 3-А; 4-D; 5-B; 6-C; 7-E; 8-D; 9-C; 10-А; 11-D; 12-B; 13-C; 14-D; 15-А; 16-C; 17-D; 18-B; 19-E; 20-B; 21-B; 22-D; 23-C; 24-E; 25-А; 26-C; 27-А; 28-C; 29-B; 30-D; 31-C; 32-B; 33-E; 34-B; 35-D; 36-C; 37-B; 38-А; 39-D; 40-B; 41-D; 42-C; 43-C; 44-А; 45-C; 46-B; 47-D; 48-А; 49-E; 50-D; 51-C; 52-B; 53-А; 54-E; 55-C; 56-D; 57-E; 58-А; 59-C; 60-А; 61-C; 62-B; 63-C; 64-C; 65-А; 66-B; 67-E; 68-А; 69-С; 70-С.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Адекенов С.М. Химическое изучение растительного сырья Казахстана- источника фитопрепаратов // Разработка и внедрение новых лекарственных средств и организационных форм фармацевтической деятельности: сб. науч. тр.- Томск, 2000.- 63 с.

2. Баймухамбетов М.А., Рахимов К.Д., Алимгазинова Б.Ш., Нургожин Т.С. Фитотерапия сердечно-сосудистых заболеваний.- Алматы, 2000.- 320 с.

3. Головкин Б.Н., Руденская Р.Н., Трофимова И.А., Шретер А.И. Биологически активные вещества растительного происхождения. – М.: Наука, 2001. – 240 с.

4. Государственная фармакопея СССР: Вып.2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье. / МЗ СССР. – 11-е изд., доп. М.: Медицина, 1990.– 400 с.

5. Дроздова И.Л., Бубенчикова В.Н. Исследование фенольных соедиений листьев лопуха большого (Arctium lappa L.) // Фармация. – 2003. - №3. – 12 с.

6. Куцык А.В., Середа А.В., Попова Т.П., Рыбаченко А.И., Литвиненко В.И. Спектрофотометрическое определение флавоноидов в траве шлемника байкальского // Фармаком. – 1998. – № 2. – С. 18-20.

7. Куркин В.А., Запесочная Г.Г., Лебедев А.А. и др. Флавоноиды как государственные стандартные образцы и их значение для целей стандартизации сырья и препаратов // Х Рос. нац. конгр. ”Человек и лекарство”: Тез. докл. – М., 2003. – С. 728.

8. Лекарственные растения Государственной фармакопеи / Под ред. И.А. Самылиной, В.А. Северцева. – М.: «АНМИ», 1999. – 496 с.

9. Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. Фармакогнозия / Под. ред. Г.П. Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2006. – 845 с.: ил.

10. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. – М.: Медицина, 2002. – С. 536- 573

11. Музычкина Р.А. Реакции и реактивы для химического анализа некоторых групп БАВ в лекарственном растительном сырье. Учебное пособие. – Алматы, 2002. – С. 32.

12. Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А. Качественный и количественный анализ основных групп БАВ в лекарственном растительном сырье и фитопрепаратах. – Алматы, 2004. – 238 с.

13. Пронченко Г.Е. Лекарственные растительные средства. – М.: Гэотар-Мед., 2002. – 285 с.

14. Практикум по фармакогнозии / Под ред. В.Н. Ковалева. – Харьков: Золотые страницы, 2004. – 508 с.

15. Пронченко Г.Е., Рендюк Т.Д., Маркарян А.А. Лекарственные растения и лекарственное растительное сырье, содержащие фенольные соединения. – М.: Русский врач, 2006. – 158 с.

16. Рендюк Т.Д., Вандышев В.В. Лекарственные растения и лекарственное растительное сырье, содержащие флавоноиды. – М.: Русский врач, 2001. – 152 с.

17. Сапронова Н.Н., Сорокина А.А. Формулы биологически активных соединений. – М.: Русский врач, 2000. – 210 с.

18. Сорокина А.А. Методы фармакогностического анализа // Фармация. – 2002. – № 5. – С. 29-30

19. Смирнова Л.П., Первых Л.Н. Количественное определение суммы флавоноидов в цветках бессмертника песчаного // Химико-фармацевтический журнал, 1998. – №6. – С. 35-38.

20. Фомичева Е.А., Костенникова З.П. Изучение компонентного состава флавоноидов и фенолкарбоновых кислот в гомеопатических настойках чистотела большого хроматографическими методами // Фармация. – 2001. - №3. – 17 с.

21. Conde E., Cadahia E., Garcia – Vallejo. HPLC analysis of flavonoids and phenolic acids and aldehydes in Eucalyptus spp. // Chromatographia. – 1995. – Vol. 41, №11/12. – P. 657-660.

22. Garcia D., Fernandez A., Saenz T. et al. Antiinflammatory effects of different extracts and harpagoside isolated from Scrophularia frutescens L. // Pharmacology. – 1996. – Vol. 51, №6. – P. 443-446.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет