Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет4/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#192379
1   2   3   4   5

Тесттік тапсырмалар:

1. Қызба кезінде температураның жоғарлауы пирогендердің жылу орталығына әсер етуіне негізделген, жылу орталығы қайда орналасқан:



  1. бас миы қыртысында

  2. ретикулярлы формацияда

  3. гипоталамуста

  4. сопақша мида

  5. лимбикалық жүйеде

2. Қызба кезіндегі температураның жоғарлауы қай кезде субфебрильді деп аталады:

  1. 38 - 39° С

  2. 39 - 41° С

  3. 37 - 38° С

  4. 41° С жоғары

  5. 42° С жоғары

3. Қызба кезіндегі температураның жоғарлауы қай кезде шамалы деп аталады:

  1. 37 - 38° С

  2. 38 - 39° С

  3. 39 - 41° С

  4. 41° С жоғары

  5. 42° С жоғары

4. Қызбаның бірінші стадиясына тән:

  1. тер бөлінудің күшею

  2. қалтыраудың пайда болуы

  3. артериялық қан қысымының төмендеуі

  4. іш өту

  5. Чейн-Стокс тыныс алуының дамуы

5. Гипертермияның бірінші фазасында дамиды:

  1. тері қан тамырларының кеңеюі

  2. тері қан тамырларының тарылуы

  3. қанның ұюы

  4. зат алмасудың төмендеуі

  5. жылу түзілудің төмендеуі

6. Ауаның иісті газдармен және өндірістік улармен ластануы салдарынан гипоксия дамиды:

    1. экзогендік

    2. тыныстық

    3. қандық

    4. ұлпалық

    5. эндогендік

7. Циркуляторлық гипоксияның негізгі механизмі:

  1. сыртқы тыныстың бұзылуыннан артериялық гипоксия

  2. тыныс алатын ауада О2-нің жеткіліксіздігінен артериалық гипоксия

  3. тіндер арқылы қанның ағу көлемінің төмендеуі

  4. қанда оттегінің көлемінің азаюынан, қанның оттегің тасымалдау қасиетінің төмендеуі

  5. тіндердің оттегін тотығу-тотықсыздану реакциясына жұмсау қасиетінің төмендеуі

8. Тыныстық гипоксия үшін тән:

  1. веналық қанда оттегінің жоғары болуы

  2. гипокапния

  3. гипероксия

  4. артериялық қанда оттегінің парциалдық қысымының төмендеуі

  5. веналық қанда оттегінің парциалдық қысымының жоғарлауы

9. Карбоксигемолобиннің пайда болуы гемоглобиннің қосылуынан:

  1. CO2

  2. H2

  3. CO

  4. O2

  5. H2CO3

10. Гипоксиға бейімделудің жедел механизмі:

  1. сүйек кемігінің перплазиясы

  2. тіндік ферменттердің оттегін жұмсау қасиетінің жоғарылауы

  3. тыныстық ферменттердің санының жоғарылауы

  4. өкпе альвеоларының гиперплазиясы

  5. қанның орталыққа жиналуы


Ісіктер


  • Мақсаты: ісіктердің даму этиологиясы мен механизмдерін зерттеу, ісіктік µсулердің биологиялық ерекшеліктері мен антибластомдық резистенттілігінің механизмдерін игеру.

  • Оқыту мақсаты:

    1. ісіктердің пайда болу себептері мен механизмдерін, ісіктік ±лпаның ерекшеліктерін білу;

    2. ісік пен организм арасындағы µзара қатынасты т‰сіндіре білу;

    3. ісіктерді эксперименталдық т‰рде алудың єдістерін игеру;

    4. онкологияның дамуындағы орыс ғалымдарының (М.А. Новинский, Л.А. Зильбер, А.Д. Тимофеевский) рµлі туарлы білу;

    5. материалистік диалектика заңы негізінде канцерогенез механизмдерін білу;

    6. ісіктік прогрессияны жєне оның организммен байланысын анализдей білу.




  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ісіктік өсу (анықтамасы) түсінігі

  2. Жиілігі (µлім себебі ретінде) жағынан ісіктердің алатын орны. Қазақстанда ісіктердің µте жиі кездесетің түрлері

  3. Жиілеуге тенденциясы бар қатерлі ісіктік аурулар

  4. Ісіктердің ±лпалардың басқа да патологиялық µсу формаларынан ажырататың негізгі ерекшеліктері

  5. Ісіктік µсудің салыстырмалы автономдылығы

  6. Ісіктердің µсуінің шексіздігі

  7. Ісіктік ±лпалардың функционалдық, морфологиялық жєне биохимиялық анаплазиясы (атипиясы)

  8. Сау ±лпаға кіріп µсуіне (инфильтративтік µсу) ықпал ететін қатерлі ісіктердің ферменттік қ±рамының µзгерулері

  9. Ісіктер иммунологиясы

  10. Қатерлі ісіктер кезіндегі кахексия жағдайы

  11. Метастаз.




  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жануарларға эксперименттік зерттеу жүргізу;

- зерттеу нәтижелерін талқылау;

- хаттамалар жазу.


  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Ісіктік прогрессия дегеніміз не?

  2. Адамдарда ісіктердің пайда болуындағы т±қым қуалаушылық факторлардың, жыныстың, жастың, созылмалы ауруларды болуының, ж‰йке, эндокриндік, иммундық ж‰йелердің жағдайының маңызы қандай?

  3. Балалық жаста ісіктік µсулердің ерекшеліктері қандай болады?

  4. Ісік алды жєне рак алды жағдайларға т‰сініктеме беріңіз

  5. Организмнің антибластомдық резистенттілігі дегеніміз не, резистенттіліктің иммундық жєне иммундық емес факторлары?

  6. Аллогендік ингибирлеу мен интерлейкиндердің рµлі қандай?

  7. Ісіктердің пайда болуы мен дамуындағы антибластомдық резистенттіліктің депрессиясының маңызын т‰сіндіріңіз

  8. Ісіктер мен организмнің µзара байланысын т‰сіндіріңіз

  9. Метастаздану, рецидив дегеніміз не? Олардың пайда болу себептері?

  10. Ісіктік кахексия дегеніміз не?

  11. Ісіктік µсулердің профилактикасы мен терапиясының патофизиологиялық негіздерін сипаттаңыз

  12. Жарақаттардың жазылу патогенезін т‰сіндіріңіз

  13. «М‰шелер мен ±лпалардың трансплантациясы» (ауто-, гомо-, гетеротрансплантация) т‰сінігіне анықтама беріңіз

  14. Канцерогенез механизмін, ісіктердің прогрессиясын анализдеңіз

  15. Метастазды ең алдымен қай ±лпада табады?


Жағдайлық есептер:

1. Рентген бөлмесінде 15 жыл бойы рентгенолог болып жұмыс жасаған кісі дерматологқа терісінің зақымдануы бойынша қаралған. Қолының терісінде әртүрлі көлемді жаралар анықталған. Өз бетінше әртүрлі дәрілермен емделген, бірақ нәтиже болмаған. Науқаста терінің қандай ауруы дамуы мүмкін?

2. 20 жасар қыз бала хирургқа мойынының артқы жағында орналасқан қалының өсуіне шағымданып келген. Қал көлемі өсе бастаған, киіммен үйкелгенде ауырсынған. Неге қал өсе бастаған?

3. Тәжірибеде қоянның құлағын көмір күлімен ысқылау арқылы ұлпалардың ісіктік өсуі алынған. Көмір күлінің құрамына қандай химиялық канцероген кіреді?

4. Тәжірибе жүзінде жануарларға көп мөлшерде эстрогендік гормондар еңгізілген және оларда жыныстық гормондарының ісіктік өсуі шақырылған. Гормондар қандай канцерогендерге жатады?

5. Асқазанының рагы бар науқастың басқа да мүшелерінде жаңа түзілулер анықталған. Бұл құбылыс қалай аталады?


Тесттік тапсырмалар:

1. Өмір сүруге қабілетті жас ушаларды жинақтауды атаймыз:



  1. прогрессия

  2. селекция

  3. автономдық

  4. имортелизация

  5. анаплазия

2. Канцерогенді факторларға жатады:

  1. стафилококктар

  2. ретровирустар

  3. көрінетін сәулелер

  4. организмнің сенсибилизациясы

  5. кәрілік жас

3. Онкогенді қасиетке ие емес заттардың әсер етуіне байланысты канцерогендердің әсерінің күшеюін атаймыз:

  1. канцерогенез

  2. проканцерогенез

  3. коканцерогенез

  4. синканцерогенез

  5. антиканцерогенез

4. Протоонкогеннен трансформацияланатын генге (онкогенге) айналуы негізінде жатыр:

  1. қабыну

  2. гипогликемия

  3. мутация

  4. некроз

  5. гипоксия

5. Канцерогенездің алғашқы звеносын атаймыз:

  1. ісіктік прогрессия стадиясы

  2. селекция стадиясы

  3. промоция стадиясы

  4. инициация стадиясы

  5. малигнизация стадиясы

6. Канцерогенездің алғашқы этаптарында қайтымсыз ісіктік өсу зачаткаларының түзілуімен жүретін ісіктік өсу жас ушаларының көбею процесі атаймыз:

  1. инициация стадиясы

  2. селекция стадиясы

  3. ісіктік прогрессия стадиясы

  4. промоция стадиясы

  5. малигнизация стадиясы

7. Ісіктік өсудің гипербиотикалық процестердің басқа түрлерінен ерекшелігі:

  1. организммен тығыз байланысты сақтау

  2. туғызушы әсерлер жойылған соң өсуінің тоқтауы

  3. жас ушалардың жіктелуге қабілеттілігінің жойылуы

  4. жас ушалық көбеюдің жойылуы

  5. жас ушалардың пісіп-жетілуінің жылдамдауы

8. Ісіктік өсу ұлпаларының жіктелу деңгейінің төмендеуі, құрылымдық-химиялық құрылымының жеңілденуі атаймыз:

  1. дисплазия

  2. күрделену

  3. конвергенция

  4. анаплазия

  5. гипертрофия

9. Жануардың бір түрінен екінші түріне ісікті ауыстырып отырғызу аталады:

  1. аутотрансплантация

  2. изотрансплантация

  3. галотрансплантация

  4. гетеротрансплантация

  5. омиотрансплантация

10. Ісіктік өсудің салыстырмалы автономдылығы байланысты болуы мүмкін:

  1. клетка бөлінуінің шектелуі (лимиті) болуымен

  2. клетка бөлінуінің шектелуі (лимиті) болмауымен

  3. кейлондар санының жоғарылауымен

  4. эндорфиндердің синтезінің жоғарылауымен

  5. энкефалиндердің синтезінің төмендеуімен



Аллергия


  • Мақсаты: Аллергиялық реакциялардың себептерін, даму механизмдерін, көріністерін және алдын алудың кейбір принциптерін талдап, білудің қажеттілігін түсіну.




  • Оқыту мақсаты:

  1. аллергияның этиологиясын, экзогендік және эндогендік себептерді білу;

  2. аллергияның жіктелулерін білу;

  3. аллергияның патогенезін білу;

  4. адамдарда кеңінен таралған аллергиялық аурулардың патогенезін білу.




  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Аллергия түсінігін және себептерін анықтау

    2. Аллергиялық реакциялардың жіктелуі

    3. Аллергендердің түрлерін, олардың пайда болуы мен табиғатын сипаттау

    4. Жедел және баяу типті аллергиялық реакциялардың деңгейлерін сипаттау және олардың даму механизмдерін түсіндіру

    5. Имунитет пен аллергияны салыстыру және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру

    6. Жедел және баяу типті аллергиялыќ реакцияларды айқындау

    7. Жедел және баяу типті аллергия кезіндегі десенсибилизация (гипосенсибилизация) принциптерін анықтау.




      • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жануарларға эксперименттік зерттеу жүргізу;

- зерттеу нәтижелерін талқылау;

- хаттамалар жазу.

Терінің суыққа сенсибилизациясын анықтау (суық сынамасы)

Білектің ішкі бетіне мұзы бар диаметрі 5 см құтыны орналастырады. 15 мин.кейін қорытындысын бағалайды. Егер теріде айқын өзгерістер байқалмаса, реакция теріс, ал аздаған ќызару болса сынама оң болып саналады. Оң реакция құты шекарасынан асатын айқын гиеремиямен сипатталады.Барлық топтарда өткізген зерттеулер оқудан тыс уақытта қорытындылады.




  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Аллергия деген не? Неліктен патологиялық аллергиялық формалармен ауру өсуде?

  2. Инфекционды аллергендерге нені жатқызады?

  3. Поллиноздар деген не? Олардың пайда болу себебі не?

  4. Сенсибилизация механизмі қандай?

  5. Аллергия көріністерінің негізгі формалары қандай?

  6. Анафилаксия деген не? Анафилаксикалық шок қалай дамиды?

  7. Даму механизмі бойынша аллергиялық реакциялардың қандай екі типін ажыратады?

  8. Жедел типті аллергияның даму механизмі қандай?

  9. Баяу типті аллергияның даму механизмі қандай?

  10. Жедел типті аллергия кезінде қандай биологиялық активті заттар түзіледі? Баяу кезінде ше?

  11. Аутоаллергия деген не?

  12. Т- және В-лимфоциттер қалай түзіледі?

  13. Иммунологиялық қадағалау қалай іске асады? Т- және В-лимфоциттердің ролі?

  14. В-лимфоциттер Т-лимфоциттерсіз иммунитеттің гуморальды реакциясын іске асыра ала ма?

  15. Имунитеттің клеткалық реакцияларына қандай клеткалар қатысады?

  16. Мес клеткалары деген не? Оларды лимфоциттердің қандай түріне жатқызады?

17. Сіздерге иммунологиялық жүйенің генетикалық бұзылыстары туралы не белгілі?
Жағдайлық есептер:

1. Антигеннің шешуші дозасын енгізуіне жауап ретінде теңіз шошқасында летальды бітуге әкелмеген анафилактикалық шок дамиды. Егер шок синдромынан кейін алғашқы тәулік ішінде антигенді қайта енгізсек жануарда шоктың клиникалық көрінісі екінші рет дамиды ма?

2. Аллергеннің шешуші, анафилактикалық реакцияның дамуын индуцирлеуші дозасын енгізгенге дейін бір сенсибилизацияленген жануарға В-адренаблоктар, ал енгізсек В-адрестимулятор енгізіледі. Қай кезде аллергиялық реакцияның патохимиялық фазасы айқын көрінеді?

3. Бір топ жануарға көлемі 2-6 см2 тері трансплантанттарын, ал басқаларына сол донорлардан үлкендігі 30-60 см2 қиындыларды орналастырған. Бірінші топ жануарларында бөліну алғашқы 14 күнінде бөледі, ал екінші топта қиындылардың 50% бір және одан да көп ай өмір сүрген. Екінші топ жануарларында трансплантант өмірінің үлкен ұзақтығын қалай түсіндіруге болады?

4. Донорлардан алынған, туберкулинге және дифтериялық токсиндіке сенсибилизерленген лимфоциттердің культурасына туберкулин қосылған. 40 мин. Кейін лимфоциттердің клеткасы жоқ экстракты интакты реципиентті енгізіледі. Осылайша реципиентке сенсибилизация күйі беріле ала ма?

5. Екі топ қояндарға бірдей көлемді тері аллотрансплантанттары араластырылды. Бұған дейін бір топ қояндарға аллотрансплантаттар донор қояндарынан алынған лейкоциттердің суспензиясы терішілік енгізілді. Алдын ала донорлардың лейкоциттері енгіздірілген қояндарда тері трансплонттардың тез бөлінуін қалай түсіндіруге болады?


Тесттік тапсырмалар:

1. Спецификалық десенсибилизация көмегімен аллергияны емдеу кезінде түзіледі:



  1. Jg E класының антиденелері

  2. Jg G һ41-3 класының антиденелері

  3. иммундық блоктаушы антиденелер

  4. Jg M класының антиденелері

  5. куәгер анитденелер

2. Аллергиялық аурулардың көбеюі мен таралуының маңызды факторы болып саналады:

  1. диагностика және емдеу кезінде рентген сәулесін көп қолдану

  2. жүрек-тамыр жүйесінің патологиясымен байланысты аурулардың көбеюі

  3. ғылым-техникалық прогресстің жеткіліксіздігінен жердің, ауаның, судың өнеркәсіп қалдықтарымен ластануы

  4. вакциянацияны істемеу

  5. терапияда тым көп глюкокортикоидтарды қолдану

3. Аутоантигендердің бөлінуінің патогендік факторы болып табылады:

  1. терінің және шырышты қабықтың барьерлік қызметтерінің бұзылуы

  2. клеткалардың және ұлпалардың биологиялық активті заттарға сезімталдығының жоғарлауы

  3. клеткалардың мен улпалардың "аллерген-антидене" комплексіне сезімталдығының жоғарлауы

  4. иммундық жүйесінің өзіндегі бұзылуы

  5. толерантты күйінің дамуы

4. Ауыстырылып отырғызылған ұлпаға қарсы шығатын реакцияны атқарады:

  1. стромалық клеткалар

  2. ауыстырылып отырғызылғын мүшеде болатын қан клеткалары

  3. ұлпада болатын иммундық жүйенің клеткалары

  4. тін сәйкестікті ұстағыш бас гендік клеткалар комплексі

  5. дәнекер ұлпаның клеткалар

5. Аутоантигендер болмайтын жасушалар, ұлпалар және мүшелерді атаңыз:

  1. қалқанша безі

  2. көз шынысының клеткалары

  3. миокард клеткалары

  4. жүйке клеткасы

  5. сперматозоидтар

6. Аллергияның жедел типіндегі “медиаторларға” жатпайды:

  1. гистамин

  2. Т-лимфоциттердің бласттрансформацияның факторы

  3. серотонин

  4. кининдер

  5. лейкотриендер

7. Анафилактикалық аллергиялық реакциялардың дамуына қатысатын иммуноглобулиндер классы:

  1. A

  2. M

  3. E

  4. G

  5. D

8. Баяу типті аллергиялық реакцияның патохимиялық сатысында түзіледі:

  1. гистамин мен серотонин

  2. лимфокиндер

  3. ацетилхолин мен брадикинин

  4. простагландиндер

  5. гепарин

9. Организмнің сенсибилизациялануының белгісі:

  1. терінің бүртіктенуі

  2. жергілікті улпаның ісінуі

  3. терде мен шырышты қабаттарында қанқұюлу (геморрагия)

  4. спецификалық иммуноглобулиндердің титрінің немесе Т-лимфоциттердің көбеюі

  5. қанайналым мен тыныс алу жүйелердің бұзылуы

10. "Аллергия " терминін ұсынған:

  1. Зильбер Л.А.

  2. Пашутин В.В.

  3. Багомолец А.А.

  4. Пирке және Шик

  5. Луи Пастер


Су-электролит алмасуының және қышқылдық-негіздік жағдайлардың бұзылыстары


  • Мақсаты: Сыртқы орта факторлардың патогенді әсерінен, гендік ақпараттың және реттелу жолдарының бұзылыстарынан пайда болатын су-электролит алмасуының бұзылыстарын зерттеу, осы бұзылыстардың себептерін, түрлерін, даму механизмдерін қарастыру. Су-электролит алмасуының алмасуының біріншілік бүліністерін, олардың жүрек-тамыр, эндокриндік, зәр шығару жүйелердің ауруларының негізінде қарастыру; қышқыл-негіз тепе-теңдігі б±зылуының себептері мен механизмдерін, олардың негізгі формаларын жєне зерттеу єдістерін игеру.




  • Оқыту мақсаты:

    1. судың организм үшін маңызын білу;

    2. су-электролит алмасуының реттелу жолын білу;

    3. сыртқы су балансының б±зылуының негізгі т‰рлерін жєне судың организмнің ішкі ортасы бойынша таралуын сипаттау;

    4. дизгидриялардың жіктелуін келтіру;

    5. электролиттік гомеостаздың б±зылуының типтік формаларын атау;

    6. организмнің ішкі ортасындағы натрий, кальций иондарының мµлшері мен таралуының б±зылу себептерін, негізгі механизмдерін жєне кµріністерін сипаттау;

    7. метаболиттік жєне функционалдық б±зылулар патогенезіндегі электролиттік баланстың б±зылуының маңызын сипаттау;

    8. организмнің ішкі ортасының қышқыл-негіз жағдайы б±зылуының жіктелу принциптері мен негізгі формаларымен танысу;

    9. газдық ацидоздар мен алкалоздарды игеру;

    10. газдық емес ацидоздар мен алкалоздарды, метаболиттік, экскреторлық (б‰ректік жєне гастроэнтералдық), экзогендік т‰рлерін ашу, аралас формаларымен танысу;

    11. қышқыл-негізі тепе-теңдігінің б±зылуының компенсациялық жєне компенсациялық емес формаларының кµрсеткіштерін жєне анықтау принциптерін игеру;

    12. єрт‰рлі ацидоз жєне алкалоздар кездеріндегі организмдегі б±зылуларды анықтау.




  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. су алмасудың негізгі бұзылыстары;

  2. су-элетролит балансының нервтік-гуморалдық реттелуі туралы қазіргі кµзқарастары;

  3. сыртқы су балансының б±зылуын жєне судың организмнің ішкі ортасы арқылы таралуын; негізгі т‰рлері;

  4. оң жєне теріс су балансы туарлы т‰сінігі; судың жєне электролиттердің жеткіліксіздігінен болатын сусыздануды; гипер-, изо- жєне гипоосмолярлық дегидратациялар;

  5. сусыздану кезіндегі негізгі физиологиялық ж‰йелердің қызметінің б±зылу патогенезі;

  6. сусыздануды эксперименталдық алу т‰рлері;

  7. патофизиологиялық терапия принциптері;

  8. дегидратациялық кома;

  9. организмде судың тым артық мµлшерде жиналуы;

  10. гипер-, изо- жєне гипоосмолярлық гипергидратация;

  11. «ісіну», «шемен (водянка)» т‰сініктеріне анықтама беру жєне олардың маңызы;

  12. ісінудің патогендік факторлары; қан мен ±лпалардағы гидрадинамиялық, осмостық жєне онкотикалық қысымдардың градиентінің маңызы, тамыр-±лпалық мембраналардың жағдайы, лимфа ағымының б±зылуы;

  13. ісінулердің дамуындағы нервтік-гормоналдық механизмдердің рµлі;

  14. ісінулердің патогендік жіктелуі;

  15. ісінулердің т‰рлері;

  16. ісінудің негізгі т‰рлерінің патогенезі: ж‰ректік, б‰йректік, қабынулық, токсикалық, аллергиялық, кахексиялық;

  17. ісінулер кезіндегі жергілікті жєне жалпы б±зылулар;

  18. ісінулердің зақымдаушы жєне қорғаныстық маңызы;

  19. ісінулердің терапиясының принциптері;

  20. ісінудің эксперименталдық моделдерінің сипаттамсы, олардың т‰рлері (гиперволемия, ваготомия, бас миын зақымдау немесе тітіркендіру жолымен, адреналин енгізумен жєне т.б.);

  21. өкпенің жедел ісінуі, патогенезі;

  22. қышқыл-негізі тепе-теңдігі б±зылулары кезіндегі компенсациялық реакциялар;

  23. қышқыл-негізі гомеостазы б±зылуларының компенсациясындағы буферлік ж‰йелердің рµлі;

  24. ақ егеуқ±йрықта метаболиттік ацидозды моделдеу;

  25. тєжірибелік жануардың тынысының µзгеру сипатын анықтау жєне оның себептерін т‰сіндіру;

  26. ацидоздың эксперименталдық моделі кезіндегі қышқыл-негіз тепе-теңдігінің кµрсеткіштерінің µзгеруі бойынша µкпенің функционалдық жағдайы;

  27. қышқыл-негіз тепе-теңдігі жағдайының негізгі б±зылу формаларының жіктелуі;

  28. газды жєне газдық емес ацидоздар мен алкалоздардың даму себептері мен механизмдері;

  29. қан сынамалары мен дайын тєжірибелік анализдерді зерттеу;

  30. қышқыл-негіз жағдайының б±зылу формаларын анықтау;

  31. қышқыл-негіз жағдайының б±зылулары кезіндегі метаболиттік жєне функционалдық б±зылулар.




  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жануарларға эксперименттік зерттеу жүргізу;

- зерттеу нәтижелерін талқылау;

- хаттамалар жазу.

Ақ егеуқ±йрықтарда µкпенің адреналиндік ісінуінің дамуы

Тєжірибе мақсаты: эксперимент ж‰зінде µкпе ісінуін алу жєне оның пайда болу механизмдерін анықтау.

Ақ егеуқ±йрыққа 100 г салмағына 0,1 мл мµлшерінде 0,1 проценттік адреналин ерітіндісін вена ішілік енгізеді. Екінші, интактық егеуқ±йрық бақылаулық болады.

Алғашқы егеуқ±йрықта µкеп ісінуінің дамуын бақылайды. Ол µлген соң екіншісінде µлтіріп, кеуде клеткасынан µкпелерін алады. ¤кпенің ісіну белгілерін анықтайды, µкпелерді µлшеп, формула бойынша µкпе коэффициентін анықтайды:

µкпе салмағы

----------------------------- х 100

егеуқ±йрық салмағы

Неге ісінген с±йықтық кµпіреді? Алынған нєтижелерге с‰йеніп µкпенің адреналиндік ісінуінің даму механизмін т‰сіндіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет