БАҚЫЛАУ ҮШІН АРНАЛҒАН ТЕСТТЕР
1. Негізгі статистикалық сипаттамаларға не жатады?
А). мода, медиана, стандартное отклонение
B). Пирсон корреляция коэффициенті
C). Спирмен корреляция коэффициенті
D). t-критерий, Фишер критерийі
E). мәнділік деңгейі
2. Гистограмма не үшін қолданылады?
А). екі айнымалы арасындағы тәуелділікті визуалдау
B). орташа, дисперсия, стандартты қатені анықтау
C). айнымалының жеке мәндерінің пропорцияларын көрсету
D). өмір сүру уақыттарының орташасын сипаттап, емдеудің жаңа әдістерін ескілермен салыстыру
E). таңдалған айнымалылардың жиіліктерінің тарамдалуын графикалық көрсету
3. Екі параметрдің өзара байланысының дәрежесін анықтау үшін статистикалық талдаудың қандай әдісі қолданылады?
А). дискриминанттық талдау
B). корреляциялық талдау
C). статистикалық сипаттамаларды анықтау
D). факторлық талдау
E). шеңбер диаграмма
4. Бір параметрдің бір уақытта бірнеше параметрмен өзара байланысының дәрежесін анықтау үшін статистикалық талдаудың қандай әдісі қолданылады?
А). параметрлік емес статистика
B). көптік регрессиялық талдау
C). дисперсиялық талдау
D). шашырау диаграммасы
E). факторлық талдау
5. Бір-бірінен айырмашылығы бар объектілерден тұратын екі топтағы орташаларды салыстыру үшін анықтау үшін статистикалық талдаудың қандай әдісі қолданылады?
А). дискриминанттық талдау
B). сипаттамалық статистика
C). тәуелді таңдамалар үшін t-критерий
D). тәуелсіз таңдамалар үшін t-критерий
E). корреляциялық талдау
6. Бірдей объектілерден тұратын екі топтағы орташаларды салыстыру үшін статистикалық талдаудың қандай әдісі қолданылады?
А). факторлық талдау;
B). тәуелді таңдамалар үшін t-критерий;
C). кластерлік талдау;
D). тәуелсіз таңдамалар үшін t-критерий;
E). дискриминанттық талдау.
7. Параметрдің тарамдалу заңын анықтау үшін статистикалық талдаудың қандай әдісі қолданылады?
А). жиіліктер кестесі;
B). факторлық талдау;
C). шашырау диаграммасы;
D). дисперсиялық талдау;
E). дискриминанттық талдау.
8. Таңдалған айнымалылардың жиіліктерінің тарамдалуын графикалық көрсету үшін статистикалық талдаудың қандай әдісі қолданылады?
А). дискриминанттық талдау;
B). жиліктер кестесі;
C). гистограмма;
D). тәуелді таңдамалар үшін t-критерий;
E). кластерлік талдау.
9. Зерттеу объектісін сипаттайтын және мәндердің сандық шкаласында өлшенетін айнымалылар қалай аталады:
А). ранжирленген;
B). категорияланған;
C). сапалы;
D). сандық;
E). комплексті.
10. Зерттеу объектісін сипаттайтын және градациялардың тұрақты көпшесінен мәндер қабылдайтын айнымалылар қалай аталады:
А). ранжирленген;
B). номиналды;
C). логикалық;
D). сандық;
E). комплексті.
11. Егер корреляция коэффициенті 0 болса, бұл нені білдіреді:
А). шамалар арасындағы байланыс әлсіз және тура;
B). шамалар арасындағы байланыс қатты және тура;
C). шамалар арасында байланыс жоқ;
D). шамалар арасындағы байланыс әлсіз және кері;
E). шамалар арасындағы байланыс қатты және кері.
12. Егер корреляция коэффициенті 1-ге жақын болса, бұл нені білдіреді
А). шамалар арасындағы байланыс әлсіз және тура;
B). шамалар арасындағы байланыс қатты және тура;
C). шамалар арасында байланыс жоқ;
D). шамалар арасындағы байланыс әлсіз және кері;
E). шамалар арасындағы байланыс қатты және кері.
13. Егер корреляция коэффициенті -1-ге жақын болса, бұл нені білдіреді:
А). шамалар арасындағы байланыс әлсіз және тура;
B). шамалар арасындағы байланыс қатты және тура;
C). шамалар арасында байланыс жоқ;
D). шамалар арасындағы байланыс әлсіз және кері;
E). шамалар арасындағы байланыс қатты және кері.
14. Әдетте практикада қолданылатын α мәнділік деңгейінің шамасы.
А). 0,05
B). 0,1
C). 1
D). -0,01
E). 0
15. Варианттар саны бірдей етіп вариациялық қатарды екі қатарға бөлетін бөлетін, кездейсоқ шаманың мәні қалай аталады:
А). мода
B). медиана
C). квартиль
D). таңдама орташа
E). вариация коэффициенті
16. Жиілігі ең көп кездейсоқ шаманың мәні қалай аталады:
А). мода
B). медиана
C). квартиль
D). таңдама орташа
E). вариация коэффициенті
17. Таңдама орташа квадраттық ауытқу неге тең:
А). таңдалған орташаның квадрат түбіріне;
B). таңдалған дисперсияның квадрат түбіріне;
C). таңдама дисперсияның квадратына;
D). таңдама орташаның квадратына;
E). таңдама орташа мен сумме дисперсиясына.
18. Гистограмма құру үшін абсцисса осі бойынша не салынады?
А). мәндер жиіліктері;
B). мәндер бойынша орташалар;
C). мәндер дисперсиясы;
D). мәндер диапазондары;
E). мәндер шашырауы.
19. Гистограмма құру үшін ордината осі бойынша не салынады?
А). абсолют мәндер жиіліктері;
B). мәндер бойынша орташалар;
C). мәндер дисперсиясы;
D). мәндер диапазондары;
E). мәндер шашырауы.
20. Дәрігерді үйге шақыру – бұл кездейсоқ шама:
А). үздіксіз
B). дискретті
C). соңғы
D). детерминирленген
E). кездейсоқ
21. Сипаттамалары генеральды жиынтық параметрлеріне сәйкес келетін таңдама қалай аталады:
А). нақты
B). қалыпты
C). репрезентативті
D). генеральлы
E). жақсы
22. Таңдамадағы объектілер санын арттыру кезіндегі орташа квадраттық қате:
А). артады
B). азаяды
C). өзгермейді
D). алдымен артады, сосын азаяды
E). алдымен азаяды, сосын артады
23. Егер сенімділік юеру ықтималдығы 0,999 болса, онда мәнділік деңгейі неге тең:
А). 0,005
B). 0,1
C). 0,01
D). 0,001
E). 1
24. Студенттердің бір тобының дене шынықтыру сабағына дейінгі жүрек соғу жиілігін өлшеді, ал екінші топтан сабақтан кейін алды. Алынған таңдамажиынтықтар не болып табылады?
А). тәуелсіз
B). тәуелді
C). кері байланысты
D). тура пропорционал тәуелді
E). жекелей байланысты
25. Тәжірибе кезінде не бір мән, не басқа мән, алдын-ала белгісіз мән қабылдай алатын шама қалай аталады:
А). айнымалы
B). детерминирленген
C). тұрақты
D). кездейсоқ
E). категориалды
26. Генеральды жиынтықтан жинақталған жиынтық қалай аталады:
А). таңдама
B). ранжирленген
C). таңдалған
D). жинақталған
E). жиынтық
27. Жиынтыққа келесі мәндер алынды: орташа 5,0; орташа квадраттық ауытқу 1.5; орташа қатесі 0,5. Онда таңдама көлемі қандай:
А). 3
B). 9
C). 5
D). 8
E). 7
28. Корреляциялық талдаудың басты мақсаты:
А). айнымалы арасындағы байланыс фомасын анықтау;
B). айырмашылықтардың мәнділік дәрежесін анықтау;
C). екі таңдаманың орташаларының айырмашылық нақтылығын анықтау;
D). функционалды тәуелділік сипатын анықтау;
E). кездейсоқ айнымалылар арасындағы байланысты анықтау;
29. Регрессия теңдеуіндегі коэффициенттерді есептеу үшін қандай әдіс қолданылады:
А). анықталмаған көбейткіштер
B). ең кіші квадраттар
C). шартты орташа
D). оптимизация
E). Рунге-Кутт
30. формуласы нені анықтау үшін қолданылады:
А). орташа арифметикалық таңдама
B). таңдама дисперсия
C). таңдаманың орташа квадраттық ауытқуы
D). стандартты қате
E). орташа арифметикалық екі таңдаманың айырмашылығының t критерийі
Жауаптардың эталондары
1-А
|
2-E
|
3-B
|
4-B
|
5-D
|
6-B
|
7-А
|
8-C
|
9-D
|
10-B
|
11-C
|
12-B
|
13-E
|
14-А
|
15-B
|
16-А
|
17-B
|
18-D
|
19-А
|
20-B
|
21-C
|
22-B
|
23-D
|
24-А
|
25-D
|
26-А
|
27-B
|
28-E
|
29-B
|
30-C
|
Достарыңызбен бөлісу: |