Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы


Медициналық, фармацевтикалық бiлiм берудi жетiлдiру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгiзу



бет4/4
Дата22.02.2016
өлшемі324.5 Kb.
#480
1   2   3   4

5.5. Медициналық, фармацевтикалық бiлiм берудi жетiлдiру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгiзу

      Бағдарлама шеңберiнде дипломға дейiнгi, дипломнан кейiнгi бiлiм беру және денсаулық сақтау кадрларын үздiксiз кәсiби дамыту жүйесiн жетiлдiру, сондай-ақ ғылымды одан әрi дамыту және денсаулық сақтаудағы инновациялық технологияларды енгiзу жоспарланып отыр. «Назарбаев университетi» базасындағы Медициналық мектепте дәрiгерлердi даярлау Америка моделi бойынша жүргiзiлетiн болады. Кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесiмен салыстырғанда, бұл модель шеңберiнде Рremed мiндеттi кәсiпке дейiнгi даярлық болуы, Медициналық мектепке түсу үшiн арнайы iрiктеу рәсiмi, сондай-ақ қорытынды аттестаттау алу үшiн тәуелсiз емтихан тапсыру көзделген.

      Мақсаты: денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабiлеттi кадр әлеуетiн құру және инновациялық технологияларды дамыту.

      Негiзгi мiндеттерi:


      1) денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейiнгi, дипломнан кейiнгi бiлiм беру және оларды үздiксiз кәсiптiк дамыту жүйесiн жетiлдiру.
      2) ғылымды одан әрi дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгiзу.

      Нәтижелер көрсеткiштерi:


      халықаралық басылымдарда жарияланымдардың үлесiн 2013 жылға қарай 10 %-ға дейiн, 2015 жылға қарай 12 %-ға дейiн (2009 ж. - 6%) ұлғайту;
      барлық медициналық ЖОО-ларды 2015 жылға қарай аккредиттеу.

      Қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар


      1. Денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейiнгi, дипломнан кейiнгi бiлiм беру және оларды үздiксiз кәсiптiк дамытуды жетiлдiру аясында мынадай жұмыстар жоспарланып отыр:
      1) денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесiн басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгiзу:
      денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесiн өңiрлiк қажеттiлiк негiзiнде жетiлдiру;
      медициналық ЖОО-лардың, колледждердiң бiтiрушi түлектерiнiң және денсаулық сақтау саласының практикадағы қызметкерлерiнiң бiлiмдерiн және дағдыларын тәуелсiз бағалау институтын енгiзу.
      2) Материалдық-техникалық базаны жаңғырту:
      студенттер жатақханаларын салу;
      медициналық ЖОО-лардың оқу-клиникалық орталықтарын және зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес қазiргi заманғы жабдықтармен толық жарақтандыру;
      3) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру:
      Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру жүйесiн одан әрi дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзiрлеу және iске асыру;
      дәрiгерлердi халықаралық озық стандарттарға сәйкес «Назарбаев университетi» базасында даярлаудың инновациялық жүйесiн енгiзу;
      шетелдiк аккредиттеу ұйымдарының қатысуымен медициналық ЖОО-ларды аккредиттеу;
      шетелдiк үздiк тәжiрибелердi ескере отырып, медициналық бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын жетiлдiру;
      инновациялық бiлiм беру технологияларын енгiзу, профессорлар мен оқытушылар құрамының әлеуетiн көтеру, шетелдiк үздiк тәжiрибенi тарту;
      медицина қызметкерлерiнiң үздiксiз кәсiптiк бiлiм беру және дамыту жүйесiн жетiлдiру.

      2. Ғылымды одан әрi дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгiзу мыналарды көздейдi:


      1) медицина ғылымын басқарудың және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгiзу:
      мультиорталық зерттеулерiн, оның iшiнде жетекшi әлемдiк ғылыми орталықтармен дамыту;
      денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландырудың гранттық жүйесiн дамыту;
      денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн бағалаудың халықаралық индикаторларын енгiзу;
      2) медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту:
      Астана қаласында регенеративтiк медицина, молекулалық биология  және жасуша технологиялары орталықтары бар «Өмiр туралы ғылыми орталық» ғылыми-зерттеу кешенiн құру;
      әлемдiк үздiк стандарттарға сәйкес келетiн жабдықтармен жарақтандырылған ұжымдық пайдаланылатын 2 ғылыми орталық құру;
      ЖОО ғылымының деңгейi мен сапасын арттыру;
      денсаулық сақтау саласында жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау, оның iшiнде РҺD магистратура және докторантура шеңберiнде ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламаларын жетiлдiру;
      әлемге танылған ғалымдарды шақыра отырып, жас және перспективалы ғалымдардың шетелде тағылымдамаларын ұйымдастыру.

5.6. Дәрiлiк заттардың халық үшiн қолжетiмдiлiгiн және сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту

      Дәрiлiк заттардың қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында пациенттерге дәрiхана мен дәрiлiк затты таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi реформалау жүргiзiлетiн болады.


      Бұл тетiк фармацевтика нарығындағы субъектiлердiң, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң көпшiлiгiн амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысуға тарту жолымен халыққа дәрiлiк заттардың нақты қолжетiмдiлiгiн жақсартуға мүмкiндiк бередi.
      Жоспарланып отырған iс-шаралар бүкiл халықтың сапалы дәрiлiк заттарға тең қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкiндiк бередi, дәрiлiк заттар бағасының жыл сайынғы өсуiн төмендетедi, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде сатып алынатын дәрiлiк заттардың көлемi мен тiзбесiн кеңейтедi және отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту үшiн жағдай жасайды.

      Мақсаты: халықты сапалы, тиiмдi, қауiпсiз дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде қолжетiмдiлiгiн ұлғайту.

      Негiзгi мiндеттер:
      1) халықты сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
      2) денсаулық сақтау ұйымдарын қазiргi заманғы медициналық техникамен жарақтандыру және олардың сервистiк қызмет көрсету жүйесiн қалыптастыру;
      3) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесiн жетiлдiру.

      Нәтижелер көрсеткiштерi:


      бiрыңғай дистрибуция жүйесi арқылы ТМККК шеңберiнде дәрiлiк заттарды сатып алудың көлемдерiн 2013 жылға қарай 70 %-ға дейiн, 2015 жылға қарай 80 %-ға дейiн (2009 ж. - 0%) жеткiзу;
      ауылдық елдi мекендерде ТМККК шеңберiнде дәрiлiк заттарды берудi жүзеге асыратын объектiлердiң санын 2013 жылға қарай 3200-ға дейiн, 2015 жылға қарай 3300-ға дейiн (2009 ж. - 3000) ұлғайту.

      Қол жеткiзу жолдары


      1. Халықты сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру мыналарды көздейдi:
      амбулаториялық дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етудi жетiлдiру және бекiтiлген бағалар бойынша ТМККК шеңберiнде дәрiлiк заттарды босатуды жүзеге асыратын дәрiханалық ұйымдар санын көбейту арқылы пациенттерге дәрiхананы және дәрiлiк затты таңдау құқығын беру;
      формулярлық жүйенi дамыту және пациенттер мен медицина қызметкерлерiн ұлттық ақпараттық дәрi-дәрмек орталығы арқылы объективтi және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету жолымен ұтымды фармокотерапия (дәрiлiк заттарды тиiмдi тағайындау және пайдалану) қағидаттарын енгiзу;
      ауылда дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру, оның iшiнде БМСК ұйымдары мен жылжымалы дәрiхана пункттерi арқылы ауыл тұрғындарына (дәрiханалық ұйымдары жоқ ауылдарда) дәрiлiк көмектiң жеке қолжетiмдiлiгiн одан әрi қамтамасыз ету;
      Дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бiрыңғай дистрибуциясы жүйесiн жетiлдiру.

      2. Денсаулық сақтау ұйымдарын қазiргi заманғы медициналық техникамен жарақтандыру және олардың сервистiк қызмет көрсету жүйесiн қалыптастыру мақсатында мыналар жоспарлануда:


      заңнамада белгiленген тәртiппен медициналық техниканы жеткiзудiң лизингiлiк схемаларын пайдалану жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
      медициналық техниканың, оның iшiнде қымбат бағалы жабдықтардың кепiлдiктен кейiнгi сервистiк қызмет көрсету келiсiмшарттары жүйесiн енгiзу.

      3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесiн


жетiлдiру үшiн:
      1) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлердi үйлестiру, рұқсат беретiн құжаттарды өзара тану, дәрiлiк заттардың сапасын кеден одағы аясында инспекциялау мен бақылаудың ықпалдастырылған жүйесiн құру;
      2) дәрiлiк заттардың сапасын мемлекеттiк бақылау жүйесiн:
      «Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК зертханаларын (оның iшiнде аумақтық) қазiргi заманғы зертханалық технологиямен материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жетiлдiру және қызметкерлердi оқыту;
      аккредиттеу туралы ереженi және зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестiгiне аккредиттеу жүйесiн әзiрлеу;
      Еуропа фармакопея дәрiлiк заттар сапасын бақылау (ОМСL) жөнiндегi ресми зертханалардың еуропалық желiсiне кiру үшiн дайындық iс-шараларын жүргiзу;
      фармацевтикалық инспекциялардың (РIС/S) халықаралық ынтымақтастық жүйесiне кiру үшiн мемлекеттiк және сараптау органының мамандарын оқыту;
      контрафактiлiк және жалған өнiмдердiң өндiрiсi мен таралуына қарсы iс-қимыл бойынша iс-шаралар өткiзу;
      медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiн жалған дәрiлiк заттарды анықтауға арналған экспресс зертханалармен қамтамасыз ету арқылы жетiлдiру жоспарлануда.

6. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Бағдарламаны iске асыру екi кезеңде жүзеге асырылады.


      Бiрiншi кезеңде (2011 - 2013 жылдар) мына мiндеттердi шешу көзделедi:
      қоғамдық денсаулық қорғау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылдың бiрыңғай ұлттық стратегиясын әзiрлеу;
      халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтiк бағдарламалар кешенiн әзiрлеу және енгiзу;
      Iс-шаралар бағдарламасы шеңберiнде жүргiзiлетiн бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесiн әзiрлеу;
      денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру, оның iшiнде кеден одағы мен ДСҰ-ның талаптарына сәйкес оны үйлестiру;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды жетiлдiру;
      денсаулық сақтау жүйесiне әлеуметтiк қызметкерлер институтын енгiзу әдiстемесiн әзiрлеу;
      медициналық көмектiң сапасын басқару жүйесiн әзiрлеу;
      БҰДЖ-ды одан әрi жетiлдiру;
      денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту тетiктерiн әзiрлеу;
      медицина ғылымын басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгiзу;
      Дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бiрыңғай дистрибуциясын жетiлдiру;
      дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы сапаны бақылау жүйесiн жетiлдiру.
      Екiншi кезеңде (2014 - 2015 жылдар) мына мiндеттердi шешу көзделедi:
      Бағдарламаның бiрiншi кезеңiнде әзiрленген стратегиялар мен әдiстемелердi енгiзу;
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды және жарақаттарды диагностикалау мен емдеудiң халықаралық стандарттарын, хаттамаларын және әдiстемелерiн енгiзу;
      өмiр мен денсаулық үшiн қауiп-қатер факторларын төмендету жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, қоғамның, жұмыс берушiлердiң және азаматтардың ведомствоаралық және сектораралық тиiмдi өзара iс-қимылын iске асыру;
      жеке және қоғамдық денсаулықты нығайтуға және сақтауға мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершiлiгiн енгiзу;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиiмдiлiгiн арттыру және стандарттарды қазiргi заманғы халықаралық талаптарға (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) сәйкес келтiру;
      ТМККК шеңберiнде дәрiлiк заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтердiң тiзбесiн кеңейту;
      БМСК-ның әлеуметтiк бағдарланған моделiн құру;
      денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландырудың медициналық қызметтiң сапасына бағдарланған жүйесiн енгiзу;
      денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесiн басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгiзу;
      медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту;
      медицина қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мәртебесi мен уәждемесiн көтеру;
      дәрiлiк заттардың сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру;
      денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық техникамен жарақтандыру және оларға сервистiк қызмет көрсету жүйесiн қалыптастыру;
      халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жаңа өндiрiстер құру арқылы отандық дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндiрiсiн дамыту.

7. Қажеттi ресурстар

      Бағдарламаны iске асыруға 2011 — 2015 жылдары республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.


      Бағдарламаны iске асыруға мемлекеттiк бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн. теңгенi, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен (жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн нысаналы трансферттердi қоса алғанда) 356 596,8 млн. теңгенi, жергiлiктi бюджет қаражатынан 2 762,1 млн. теңгенi құрайды.
      2011 - 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет