Қазақстан Республикасының дсұ-ға ену процесі



бет2/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#130426
1   2   3   4   5

Қызмет көрсетулер саласында өздерінің тиімді түрде дамуы үшін аса жоғары дәрежедегі қорғанысты қажет ететін сезімтал секторлардың тізбесі белгіленген: қаржылық, құқықтық, коммерциялық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік қызметтер, құрылыс, зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы қызметтер.


Жаңадан қалыптасып келе жатқан және өзінің құрылуында қолдау мен қорғауды қажет ететін қызмет көрсетулердің көптеген салалары бойынша Қазақстан ешбір міндеттемелер қабылдай алмайды. Олардың өздерінің бұдан арғы дамуын белгілемей ырықтандырған жағдайда қызмет көрсетулердің осы рыноктарынан айырылып қалу қаупі төнеді, Қазақстандағы құрылыс қызметтерін көрсету рыногы осындай жағдайға ұшыраған болатын. Оның үстіне, егер де Қазақстандағы сауда балансы оң таңбалы болса, ҚР төлемдік балансының қызмет көрсетулер балансы шетелдік қызмет көрсетулерді жеткізушілер табыстарының жылыстап кетуі себебінен бірқатар жылдар бойы теріс таңбалы болуда.

БҰҰ-ның жіктемесі 104 сектордан құралған, олардың арасынан Қазақстан 53 сектор бойынша қызмет көрсетулер саласында міндеттемелер алған және солар бойынша жіктеменің 591 ішкі секторының 235 ішкі секторы бойынша міндеттемелер алған.

Қызмет көрсетулер саласындағы міндеттемелер тізімі бойынша Қазақстан БҰҰ-ның Жіктемесінің қызмет көрсетулер секторының жалпы санының 51%-ын қабылдаған, салыстыру үшін Ресей қызмет көрсетулердің жалпы санының 62%-ын қабылдаған, бұл 11%-ға артық.

Қазақстан қызмет көрсетулердің келесі ішкі секторларындағы қызмет көрсетулердің жекелеген түрлері бойынша міндеттемелер алуды көздеп отырған жоқ: кәсіптік, зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы қызметтер бойынша, жылжымайтын мүлікке қатысты қызмет көрсетулер бойынша, басқа түрдегі коммерциялық қызмет көрсетулер бойынша, көтерме сауда бойынша қызмет көрсетулер, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетулер бойынша және әлеуметтік салаға қатысты қызмет көрсетулер бойынша. Алайда қызмет көрсетулердің аталмыш секторлары бойынша олардың бұдан арғы уақытта даму стратегиясын белгілеп кеткен қажет.


3. Қазақстанның ДСҰ -ға енуімен байланысты проблемалар
ДСҰ-ға ену Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға бірігуге арналған стратегиялық бағытының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік рынокта өзінің шикізатын сатып отырғандықта және мұнда ерекше қиындықтар байқалмағандықтан, үкіметтің ДСҰ-ға енуге деген талпыныстары негізсіз болып көрінуі мүмкін. Алайда мұндай проблемалар бір сәтке арналған және жеке міндеттерге негізделумен емес, елдің ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарына негізделумен шешіледі. Аяққы өнім өндірісінің дамуын Қазақстанның сыртқы рынокқа шығуымен ғана қамтамасыз етуге болады, соңғысы ішкі сұраныстың шектелгендігінің орнын толтырады. Алайда бұл жолда әлемнің көптеген елдерінің тарапынан көрсетілетін саудалық тосқауылдар түріндегі түрлі кедергілер туындауы мүмкін. Қазақстан өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты үшін соншама қажетті болып келетін барынша ықпал ету режиміне қатысты кепілдікке тек ДСҰ-ға мүше болған жағдайда ғана ие болады. Қазіргі уақытта Қазақстан өнімдері - ферросилиций мен металдарға қарсы демпингке қарсы дауларды АҚШ, Аргентина, Қытай, Таиланд және Ресей жүргізуде.

Қазақстанның ДСҰ-ға ену проблемасын талқылау барысында Қазақстанның өз дамуындағы осыншама жауапты қадамға дайын ба, жоқ па, оның экономикасының жағдайлары мен шарттары ДСҰ-ның өз мүшелеріне қоятын талаптарына жауап бере ме, ол аталмыш талаптарды өзі үшін елеулі нұқсан келтірмей орындай ала ма деген сияқты сауалдар айрықша мағынаға ие болады.

Осы уақытқа қарсы Қазақстан көптеген нарықтық реформаларды жүзеге асырып үлгерген және экономикасын нарықтық экономикаға айналдыру бойынша өтпелі кезеңді басынан өткерген. ЕО және АҚШ Қазақстанның нарықтық экономикалы ел екендігін мойындады.

Мемлекеттің аздаған шамада араласуымен экономиканың ашықтығының қажетті деңгейіне қол жеткізілді, сыртқы сауда ырықтандырылған, меншіктің 80%-ы жекеменшік болып табылады, елде макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізілген, теңгенің айырбас бағамы тұрақты болуда. Осылайша, республикамыз экономикалық дамудың басты критерийлері бойынша халықаралық саудаға өзара шектеулерді орнатусыз қосыла алады.

Сонымен қатар Қазақстанның ДСҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие болғалы тоғыс жылдан бері едәуір көлемдегі рәсімдік-ұйымдастыру жұмысы жүргізілген:

Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық топтың 4 отырысы және Қазақстанның тауарлар мен қызмет көрсетулерге қазақстандық рынокқа жол ашу жөніндегі бастапқы ұсыныстарын талқылауға арналған екітараптық келіссөздердің 7 раунды өткізілген болатын. Сонымен қатар, ішкі қолдау көрсету мен ауыл шаруашылығын демеуқаржыландыру шаралары бойынша плюритеральді талқылаулар өткізілген болатын.

Республиканың заңдарын халықаралық сауда ережелерімен үйлесімдеуде үлкен прогреске қол жеткізілді. Ішкі рынокты қорғау, селекцялық жетістіктерді қорғау, стандарттау, патенттер бойынша жаңадан заңдар қабылданды, Парламентте Кедендік Кодекстің жаңа нұсқасы жатыр. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы бойынша тоғыс жыл бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып енудің ақпараттық кезеңінің аяқталуы мен Қазақстанның ДСҰ мүшелерімен ену шарттарын белгілеу жөніндегі келіссөздік процесінің белсенді фазасына өтуі табылады.

Тауарларға рыноктарға жол ашу жөніндегі егжей-тегжейлі екітараптық келіссөздерді жүргізу ниетін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыстық топтың құрамына кіретін 33 мүше-елдердің ішіндегі 15 ел білдірген болатын: АҚШ, ЕО, Канада, Швейцария, Жапония, Австралия, Латвия, Польша, Грузия, Болгария, Бразилия, Мексика, Чехия мен Словакия, Эстония мен Пәкістан.

Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесіне әсер ету тұрғысынан аса маңызды ДСҰ мүше-елдері болып АҚШ, ЕО, Жапония, Канада, Австралия және Швейцария.

Сонымен қатар, біз Қазақстанның экономикасы нарықты болғанымен, әлі жеткілікті мөлшерде дамымағандығын түсінуге тиіспіз.

Белгілі болғандай, ДСҰ-ға ену тәжірибесінде жаңадан енетін елдердің екі мәртебесі қалыптасты: дамушы елдің мәртебесі және өтпелі кезең режимінің мәртебесі. Постсоциалистік елдердің көпшілігі ДСҰ-ға ену кезінде дамушы елдің мәртебесіне ие болуды тиімді деп санайды, ол ДСҰ-ның жекелеген ұстанымдары мен ережелерінің арасындағы бірқатар айрықшалықтарды пайдаланып қалуға мүмкіндік береді. ДСҰ-дағы дамушы елдің мәртебесі Ұйымға енуден кейінгі өтпелі кезең бойы төлемдік баланстың теңгерілімін қамтамасыз етумен, «жас» өнеркәсіп салаларын қорғау мақсатымен импорттық кедендік тарифтердің, импортты лицензиялаудың және өзге шектеулердің күшін сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ДСҰ мүшелері кедендік тарифтің 100%-дық мөлшерлемелерін байланыстыру, сондай-ақ оларды тауарлардың белгілі бір тобына қатысты төмендету және күшін жою, рынокқа тауарлар мен қызметтерге жол ашу жөніндегі міндеттемелерді ДСҰ-ның аса дамыған мүше-елдерінің міндеттемелерінен төмен болмайтындай деңгейде қабылдау деген сияқты аса қатаң шартарды қояды.

ДСҰ-ға ену туралы шешім қабылдау кезінде республиканың экономикасының дамуына әсер етуі мүмкін барлық жағымды және жағымсыз зардаптарын бағалау қажет. Өзге мемлекеттермен тең құқылы қатынастар негізінде халықаралық жүйеге біріккен жағдайда шығынға ұшырамай пайда табуға мүмкін емес екендігін естен шығармаған дұрыс. Пайда шығындарға қарағанда артық болуға тиіс және соңғылары елдің ұлттық мүдделері мен мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс.

Сыртқы сауданы оң таңбалы сауда балансымен дамыту ДСҰ-даға кіруден табыс табудың ең маңызды әдісі болып табылады. Экспорттың артуы елге табыстың келіп құйылуын арттырады және отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ өндіріс деңгейін арттырады және сол арқылы экспорттық мүмкіндіктерді күшейтеді. Сонымен қатар импорттың артуы ішкі рыноктағы бәсекені дамытады, тұтынушылардың қажеттерін бұрынғыдан да арзан тауарлармен қанағатандыруды арттырады.

Қазақстан әлемдік шаруашылық пен әлемдік құрылымдарға біріккен, ашық нарықтық экономикалы ел ретінде танылумен қатар, ол автоматты түрде ДСҰ-ның барлық мүшелерімен қарым-қатынастарында барынша ықпал етудің қалыпты және толық режиміне қол жеткізеді, бұл ең алдымен осындай режимге екі тараптық негізде ие болуға болмайтын жағдайлар үшін маңызды болып келеді.

Қазақстан сонымен қатар өз тауарларының транзитіне арналған жолдарға ие болады. Осының барлығы түптеп келгенде сыртқы сауданың дамуы мен артуына ықпалын тигізетін болады.

Бұл Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларымен сыртқы саудасын дамыту үшін ерекше маңызды болып келеді. Қысқа және ортамерзімді келешекте Қазақстанның ДСҰ-ға енуі ең алдымен сауда тұрғысынан маңызды болып табылмайды, себебі ол сыртқы рыноктарға инвестициялардан басқа (шикізаттарды санамағанда) ештеңе ұсына алмайды. Бұл жағдайда оның инвестицияларды шикізат өңдеу мен өңдеу өндірістерінің одан да жоғары сатыларын дамытуға тартуға үміттенуіне болады.

Қазақстан үшін ДСҰ-ның саудалық дауларға қатысты, әсіресе ретсіз түрде, бұрынғысынша оны нарықтық емес, жоспарлы экономикалы ел деп санаумен, Қазақстанның экспорттық тауарларына қатысты қолданылатын демпингке қарсы дауласулар кезіндегі режимі үлкен маңызға ие болуы мүмкін. ДСҰ-ның мүшесі болу саудалық-саяси дауларды ескерілген қатаң рәсімдер шеңберінде одан да әділетті негізде шешуге мүмкіндік береді.

ДСҰ-ға енумен Қазақстан ұлттық мүдделерін басшылық ретінде қолданумен әлемдік сауданы реттейтін нормаларды әзірлеуге қатысу құқығына ие болуға үміттене алады. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық саясат жөніндегі жедел ақпарат пен ДСҰ мүше-елдері үкіметтерінің жоспарларына қол жеткізу мүмкіндігі туындайды, бұл одан да тиімді сауда саясатын әзірлеуге мүмкіндік береді.


4. Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуынан көретін экономикалық зардаптары
ДСҰ-ға мүше болудағы шарттардың біріне елдің сыртқы сауданы, реттеу шараларын, әсіресе импортты шектеудің тарифтік және тарифтік емес шараларын қабылдауы бойынша мүмкіндіктерін шектеу жатады.

Үкімет сонымен қатар ДСҰ-ға ену аясы тар мақсат емес екендігіне негізделеді. Біз өзіміз ДСҰ-ның режимдері мен механизмдерін өз еліміздің мүдделеріне арнап пайдалану алуға тиіспіз.

Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің маңызды ерекшеліктерінің бірі сол – ол оның ішкі жағдайларымен ғана белгіленбейді. Ол ТМД елдерімен, ЕврАзЭС-тегі төрт елмен, Орталық Азияның төрт елімен экономикалық одаққа кіреді. Олардың әрқайсысында Қазақстан өзіне белгілі түрдегі келісімшарттық міндеттемелерді алған, олардың әрқайсысында барлық мүше-елдер белгіленген режимдер мен механизмдердің шеңберлерінде қатаң түрде өзара әрекеттеседі.

Келесі заңдылықты атап кеткіміз келеді: ел неғұрлым әлсіз болған сайын, оның ДСҰ-ға аса қатаң шарттармен енуі соғұрлым жылдам болады, себебі оның жоғалтатын ештеңесі жоқ. Мысалы, Қырғызстанның ДСҰ-ға енуі үшін оған кедендік баждарды күрт төмендетуіне, ал кейбір тауарларға қатысты тіпті олардың күшін жоюына, лицензиялаудың күшін жоюға, жергілікті және шетелдік кәсіпкерлерге арнап ортақ түрдегі заңнамалық режимін енгізуіне тура келді. ДСҰ-ға енгеннен кейінгі Қырғызстандағы кедендік баждың орташа мөлшерлемесі 10% болып, сараланбайтын болды. ДСҰ-ға енумен Қырғызстан өзіне кедендік баждардың қолданыстағы мөлшерлемелерін арттырмауға міндеттеме алды.

Әрине, ДСҰ-ның әлемдік сауданы реттейтін ұстанымдары мен нормалары соншалықты қатаң бола тұра, аталмыш ұйымға жаңадан еніп жатқан елдер үшін олар бірқатар елдермен белгілі бір мерзімге өзінің екі тараптық саудалық қатынастарын келісімдеп, сақтауына рұқсат ететіндігін ескерген жөн. Бұл Қырғыз Республикасына бір мезгілде ДСҰ-да және ЕурАзЭҚ -те болуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы елдің ДСҰ-ға енуінің салдарынан халықаралық саудада орын алуы мүмкін ұтылыстары мен шығындарына қарамастан елдің ұзақмерзімді келешектегі өз экспорт құрылымының дамуы мен ондағы қосылған құнға ие тауарлардың үлесінің артуы жағына қарай өзгеруімен ие болатын артықшылықтарды ескеру қажет.

Сонымен қатар, осы кезеңде де ДСҰ-ға енудің жағымсыз салдарын толықтай жоятын болмаса, тым болмағанда оларды жұмсартуға мүмкіндік беретін кез келген шараларды қабылдау қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болары еді:


  • Қазақстан мен ДСҰ серіктес-мүше-елдерінің құқықтарының, мүдделері мен міндеттемелерінің теңгеріліміне қол жеткізу, міндеттемелерді «бірінен соң бірін» қабылдаудың орнына, келіссөздерді міндеттемелердің «қоржынына» негізделумен жүргізу;

  • Қазақстан мен келіссөзді жүргізуші-елдердің мүдделерінің теңгеріліміне қол жеткізу мақсатымен келіссөздер бойынша біздің серіктерімізге арнап қарсы шарттармен үйлестірумен тауарлар мен қызмет көрсетулерге жол ашу бойынша жеңілдіктерді, ДСҰ-ның түрлі келісімдері бойынша міндеттемелерді қалыптастыру;

  • ЕурАзЭҚ қатысушы-елдерімен рыноктардан тауарларға, капитал мен жұмыс күшіне жол ашуды реттеу жөніндегі келісімделген шараларды жүргізу, енудің ортақ тұрғысын әзірлеу. Қазақстан Ресей Федерациясының аймағы бойынша өтетін транзиттен өте тәуелді болып отырғандығымен қатар, көптеген тауарлар бойынша Қазақстан сонымен қатар бәсекелес болып табылатындықтан, РФ-мен аталмыш ұйымға бір уақытта кіру қажет;

  • ДСҰ-ға енуге даярлану ісі халықаралық ұйымдардың тарабынан келесі салалар бойынша техникалық қолдауды белсенді түрде іздестірумен қатар жүруі тиіс: мемлекеттік қызметкерлерге арналған ДСҰ-ның ережелерін, тауарлар мен қызметтердің халықаралық стандарттарын қолдану жөніндегі, соның ішінде саудалық келіссөздерді жүргізу шеберлігін арттыру мақсатымен тиімді тренингтер мен семинарларды, ұйымдастыру; ұлттық сауда орталықтарын дамыту және оларды сауда мен инвестициялар жөніндегі ғаламшарлық ақпараттық желімен жалғастыру; сауданы дамытудың ұлттық орталықтарын ұйымдастырудағы техникалық көмек;

Сонымен қатар Қазақстанда мемлекеттік аппарат пен кәсіпкерлік салаларға арнап ДСҰ-ның тақырыптарын білетін арнайы мамандарды даярлаудың мемлекеттік жүйесін құру қажет.
2.3. Қазақстанның ДСҰ-ға қатысудан көретін артықшылықтары.

ДСҰ-ға мүше болудың жалпы потенциалдық артықшылықтарын келесі түрде қосындылауға болады:

-ДСҰ мүшелерімен саудалық қатынастардың дамуының болжамдалатындығы мен сенімділігі;

- ДСҰ мүшелері ие болатын құқықтарды пайдалану;

- саудалық қатынастарда үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін саудалық серіктестердің сауда саясаты мен тәжірибесінің ашықтығының едәуір мөлшерде жақсаруы;

- дауларды ДСҰ шеңберінде шешу механизміне қол жеткізу, ол саудалық серіктестер саудалық мүдделерге қысым жасаған жағдайда соңғыларын қорғауды қамтамасыз етеді;

- ДСҰ-ны соның шеңберіндегі көптараптық саудалық келіссөздерде қатысу арқылы өзінің саудалық және экономикалық мүдделерін ілгері жылжытудың құралы ретінде пайдалану.

ДСҰ-ның келісімдері мүше-елдерге сыртқы сауданы, ең алдымен бүкіл экспортты кеңейтуге арналған мүмкіндіктерді қалыптастырады және одан да қауіпсіз және болжамдалатын сауда ортасн құруға жетелейтін одан да қатаң көптараптық ережелерді қамтамасыз етеді. Көп жағдайларда ДСҰ-ға мүше емес елдер халықаралық саудада тиімділігі төмен шарттармен қатысатын болады, себебі осы келісімдерде ескерілген артықшылықтардың күші оларға тарамайды. Мысал ретінде ДСҰ-ның келесі келісімдерін атап кетуге болады:



Тоқыма мен киім-кешек бойынша келісім – қатыспайтын елдер осы Келісімде ескерілген, сауданы ырықтандырудан туындайтын артықшылықтарға ие болмайды; көбінесе бұл өздеріне қатысты шектеулер он жылдық өтпелі кезең бойы сақталатын тауарларға қатысты импорттық квоталарды кезең-кезеңмен жоюға қатысты болады. Сонымен қатар, қатыспайтын елдер олардың тоқыма мен киім-кешек экспортына қатысты шектеулердің, соңғыларының күшін жою мерзімдерін көрсетусіз енгізілу проблемасына тап болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы бойынша келісім – көп жағдайда қатыспайтын елдер осы келісіммен және мүшелердің нарыққа жол ашу саласындағы жеңілдіктер тізімінде ескерілген ең аз міндеттемелерден пайда таба алмайды, соңғылар тек ДСҰ мүшелеріне ғана тарайды. Екінші жағынан, ДСҰ мүшелері жүргізген тарификациялаудың нәтижесінде олардың ауылшаруашылық тауарларын экспорттауына қатысты кедендік баждардың жоғары мөлшерлемелері салынатын болады. Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім ДСҰ мүшелерінің ауылшаруашылық өнімдеріне қатысты мөлшерлік импорттық шектеулерді қолдануды тыйым салған болса, саудаға қатысатын кейбір ірі қатысушылардың Уругвайлық раундының қорытындылары бойынша өзгертілген заңдары қатыспайтын елдерден ауылшаруашылық тауарларының импортына қатысты мөлшерлік шектеулерді қолданудың мүмкіндігін бұрынғысынша сақтап отыр.

Демпингке қарсы әрекет, демеуқаржылар мен өтемақылау шаралары туралы келісімдер – аталмыш келісімдерге сәйкес барлық ДСҰ мүшелері демпингке қарсы және өтемақылық тексерулер барысында нұқсанның келтірілу фактісінің тексеруін жүргізуге құқылы. Сонымен қатар, саудаға қатысатын кейбір ірі қатысушылардың Уругвайлық раундының қорытындылары бойынша өзгертілген заңдарына сәйкес нұқсанның келтірілу фактісін тексерудің күші қатыспайтын елдерден әкелінетін тауарларға арнап тарамайды. Сонымен қатар, ДСҰ-ға қатыспайтын елдерге қарсы, тәжірибе көрсетіп отырғандай, демпингке қарсы шараларды реттеу тәртібімен мөлшерлік шектеулер қолданылуы мүмкін, бұл кемсітушілік шарасы болып табылады және ДСҰ-ның мүше-елдерге арналған ережелерімен тыйым салынған (тек бағаларға қатысты міндеттемелерге рұқсат етіледі).

Қорғау шаралары жөніндегі келісім – бұл Келісімнің негізгі ережелерінің күші (ең аз кемсітушілік ауытқулармен барынша ықпал ету режимі ұстанымына негізделумен қорғау шаралары қолдану; экспортты өз еркімен шектеу туралы келісімдердің күшін жою; кеңес беру және хабарландыру тәрізді қорғау шараларын енгізу жөніндегі рәсімдерді қатаң түрде орындаудың қажеттігі тәрізді) қосылып жатқан елдерге қатысты тарамайтын болады, бұл халықаралық саудадағы олардың кемсітілуін күшейтіп жіберуі мүмкін.

Қызмет көрсетулердің саудасы жөніндегі бас келісімге –жариялылық пен біртіндеп ырықтандыру жағдайларында, барлық сауда серіктестерінің экономикалық өсіп-өркендеуіне және дамушы елдердің дамуына ықпал ету мақсатымен қызмет көрсетулердің саудасына арналған ұстанымдар мен ережелердің көп тараптық жинағы кіреді .

Саудадағы техникалық тосқауылдар туралы келісім (СТТ) міндетті стандарттардың болуымен туындалған саудаға қарсы кедергілерді шектеу шаралын ескереді және осы саладағы барынша жоғары транспаренттікті қолдайды. ДСҰ-ға мүше-ел өзінің аймағына өзге мүшелердің жеткізетін тауарларына арнап барынша ықпал ету режимін және стандарттау мен сертификаттауды қолдануға қатысты ұлттық режимін ұсынады.

ДСҰ-ға қосылу рәсімі өзара байланысқан үш процестен құралады:



1. Қосылатын елдің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ-ның көптараптық саудалық келісімдерімен үйлесімділігін қарастыру.

Бұл келесі түрде орындалады: қосылатын ел сыртқы саудалық режимі туралы өзінің меморандумын ұсынады, ол ретті түрдегі жауап берулер мен сауалдар қою барысында қарастырылады, артынша Жұмыстық топтың баяндамасы мен қосылу туралы хаттама әзірленеді, онда қосылу шарттары көрсетіледі. Қосылудың осы бөлімі ДСҰ-ның барлық мүдделі мүшелерінің қатысуымен көптараптық негізде орындалады, алайда сыртқы сауда режиміне қатысты кейбір мәселелер қосылатын ел мен ДСҰ-ның жекелеген мүшелерінің өзара ресми емес түрдегі екітараптық немесе көптараптық келіссөздерін өткізуді қажет етіп қалуы мүмкін.

Қазақстанның қосылуы туралы өткізіліп жатқан келіссөздердің барысында төмендегі салалар бойынша көптеген сауалдар кездесіп жатты:


  • баға құрылымын реттеудің нормалары мен тәжірибесі;

  • салық салу жүйелері;

  • жекелеген экономикалық секторлардағы, атап айтқанада, ауыл шаруашылығындағы демеуқаржылар;

  • шетелдік инвестициялар режимі;

  • төлемдік баланс;

  • кез келген тарифтік жеңілдіктерді, кедендік алымдарды, тарифтік салық салу саласындағы айрықшалықтарды және т.б. қоса алғандағы импорттық кедендік тариф;

  • қорғау шаралары және ұлттық өндірушілерді қорғаудың өзге шаралары (демпингке қарсы және өтемақылау шаралары);

  • импортық лицензиялау;

  • экспортты реттеу;

  • мемлекеттік саудалық кәсіпорындар;

  • импорттық тауарлардың стандарттау мен сертификаттау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;

  • валютаны айырбастаумен қатысты әрекеттер;

  • сыртқы саудаға жататын статистика және жарияланымдар;

  • зерделік меншікке қатысты құқықтарын қорғау жүйесі.

2. Тауарлардың саудасы саласына қатысты міндеттемелер бойынша келіссөздер (негізінен импортық тауарларды тиісті түрле қысқарту мен байланыстыру арқылы).

Бұл келіссөздерді қосылушы ел екітараптық негізде басты саудалық серіктестерімен (әдетте, бұл былайша айтқанда, негізгі және елеулі түрдегі экспорттаушы) жүргізеді. Ауыл шаруашылығы саласындағы ерекше жеңілдіктерді қоса алғандағы (б.а. нарыққа жол ашу, экспорттық демеуқаржылар және ішкі қолдау шаралары) тарифтік жеңілдіктердің тізімі қосылу туралы хаттаманың ажырағыссыз бөлігін құрайды және ондағы жеңілдіктердің күші шүбәсіз барынша ықпал ету режимінің негізінде барлық ДСҰ мүшелеріне тарайды.



3. Қосылушы елдің қызмет көрсетулер саудасы саласындағы міндеттемелерін әзірлеу жөніндегі келіссөздер де екітараптық негізде жүргізіледі және олардың нәтижесі болып қосылу туралы хаттамаға қосымша ретінде тіркелетін міндеттемелер тізімі табылады. Аталмыш тізімнің күші барынша ықпал ету режиміне негізделумен сондай-ақ өзге ВТО мүшелеріне тарайды. Сонымен қатар, қосылатын елдің жекелеген саудалық серіктес-елдердің пайдасына РНБ-дан алынған шарттарды келісімдеу мүмкіндіктері бар.

Ізденуші-елдердің ДСҰ-ға қосылуының маңызды шарты болып олардың ұлттық заңдары мен сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеу тәжірибесін <Уругвайлық раундысының> келісімдер қоржынының ережелеріне сәйкес етіп келтіру табылады.




III-тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДСҰ-ға ЕНУІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.
3.1. Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің проблемалары.
Бұл жерде Қытайдың үлгісі көрнекі болып табылады: ол осы көптараптық сауда жүйесіне енуге он жарым жылдан артық уақыт әзірленген болатын. Осы жылдардың қорытындылары таңғаларлық болып табылады: электрқуатын, түсті металдарды, қант, химиялық талшықтар мен тыңайтқыштардың өндірісі бойынша Қытай ең ірі өндірушілердің қатарына кірген, ал бидай, өсімдік майы, мақта, цемент, тоқыма жіп өндірісі бойынша әлемде алғашқы орныды иеленген. Сауда көлемдері бойынша - тоғызыншы орында тұр. Ел экспортының 85%-ын өнеркәсіп өнімдері құрайды, бастапқы өңдеу тауарлары небәрі 13% құрауда.

Бірігу кері айналмайтын процеске айналды, және көп елдердің ДСҰ-ға кіруге деген ниеті әлемдік ғаламдану беталысына объективті түрде сәйкес келеді.

ДСҰ-ның басты мақсаты - әлемдік сауданы оны импорттық баждардың деңгейін біртіндеп төмендетумен, тауарлар мен қызмет көрсетулерді халықаралық алмасудағы түрлі тарифтік емес және өзге түрдегі кедергілерді жою әдістерін қолданумен ырықтандыру. Алайда ДСҰ-ға ену барлық жағдайда және барлығын бірдей өсіп-өркендеуге әкеле бермейді, сондықтан ниет білдіргендерге көзделіп отырған әсердің ұйымға мүше болып кірудің жағымсыз зардаптарынан қаншалықты мөлшерде асып кететіндігін белгілеп алған қажет.

Сонымен қатар, Қытай ДСҰ-дан өзара қарым-қатынастардың түрлі салаларында жеңілдіктерді талап етіп отырған. Алайда тіпті осындай ұзақ даярлану кезеңінің өзі Аспан асты еліне қайғысыз келешекке кепілдік бере алмайды. Мысалы, көптеген сарапшылардың пікірінше, Қытайдың ДСҰ-ға қосылуы жақындағы бес жылда елдің шамамен алғанда 1,5 млн фермерінің жыл сайын жұмысынан айырылуына әкеп соқтыруы мүмкін (ауыл шаруашылығына қатысты демеуқаржылардың келісімлген мөлшерлері ЖІӨ-нің 8,5%-ін құрағанның өзінде). Тарифтердің төмендетілуі автомобиль өнеркәсібіндегі мыңдаған жұмыс орындарына қауіп төндіретін болады. Импортқа қатысты жоғары кедендік баждар (атап айтқанда, көптеген американдық тауарларға қатысты олар 25%-тен асуда) қазіргі кезде компьютерлер тәрізді жоғары технологиялық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін сақтап отыруға мүмкіндік береді. Алайда Қытайдың басшыларының пікірінше ДСҰ-ға ену әлсіреп бара жатқан экспортты жандандырып (әлемдік рыноктардағы қытайлық тауарлардың үлесі кем дегенде екі есе - 7%-ке дейін артатын болады), қосымша инвестицияларды тартатын болады, және бұл орын алуы мүмкін шығындардың орнын жабуға мүмкіндік береді.

Әрине, Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ұйымға қосылуды жақтайтындар бұл жағдайда қазақстандық кәсіпорындардың өндірістің тиімділігін арттыруға деген ынтасы, демпингке қарсы қуынымдардан қорғану мүмкіндіктері пайда болады деп тұжырымдайды. Мысалы, аталмыш ұйымның келісімдер қоржынына тарифтер мен сауда жөніндегі басты келісім, ауыл шаруашылығы жөніндегі, тоқыма бұйымдары мен киім-кешек жөніндегі, демпингке қарсы рәсімдер жөніндегі, қорғау шаралары жөніндегі келісім, даулардың шешілуін реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы келісім және т.б. ережелер кіреді. Аталмыш келісімдер мен экономиканың ашықтығы озық технологиялардың ішкі рыногының дамуына ықпалын тигізетін болады, бұл өз кезегінде отандық өндіріске әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әлемдік экспорттық құрылымынң талдауы көрсетіп отырғандай, онда дайын өнімдер басым болып келеді (87%), шикізаттың үлесі небәрі 13% құрауда, қызмет көрсетулердің экспорты күрт өсіп келеді. Қазақстанда экспорттік-импорттық құрылым мүлде басқаша: экспортта - шикізат тауарлардың үлесі, ал импортта – дайын өнім мен қызмет көрсетулердің үлесі басым болып келеді.

2004ж. алғашқы жартыжылдығында былтырғы жылдың соған сәйкес кезеңі бойынша сыртқы саудалық айналымның көлемі 19,5%-ға артқаны жағдайында импорттың өсу қарқындары экспорттың өсу қарқындарынан шамамен 8 есе асып кеткен, бұл сыртқы саудалық айналымның оң таңбалы сальдосының төмендеуіне әкеп соқтырады. Мысалы, 2002ж. қаңтар-маусым айлары аралығында если ол $2019,7 млн. құраса, ағымдағы жылдың соған сәйкес кезеңінде небәрі $1263,9 млн. құраған. ТМД елдерімен саудалық сальдо теріс таңбалы болып шықты, сөйтіп ол -409,5 млн. долл. құрады, ал былтырғы жылдың соған сәйкес мерзімі бойынша ол -22,8 млн. долл. құраған болатын, сөйтіп ол осылайша 18 есе өсіп кеткен! Сондықтан ДСҰ-ға енудің қарсыластары бұл елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп санайды, және алдымен тиімді экономиканы құруды ұсынып отыр. Әрине, дайын өнім мен қызмет көрсетулер экспортының аса төмен үлесі жағдайында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бәсекеге қабілетті салалар мен кәсіпорындарға үлкен соққы болады. Ең алдымен бұл тамақ өнеркәсібіне, машина жасау саласына жағымсыз әсерін тигізетін болады. Импорттың ағымы жаңадан аяғына тұрып келе жатқан мұнай-газ жабдықтарының өндірісін жаншып тастайды. Кедендік баждарды жою тауарлардың транзитінен түсетін табыстардың азаюына әкеп соқтырады.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, ғаламдану (ал, ДСҰ, сөзсіз түрде, оның тиімді құралдарының бірі болып табылады) бәсекелестікті әлсіздерді сауықтыру құралынан оларды жю құралына айналдырады, себебі дамымаған елдерді табыстан айырумен шектелмей, даму мүмкіндігінен айырады. Тәжірибеден көруге болатындай, ДСҰ-ға ену осы елдердің ішкі рыногын, ең алдымен тауарларға арнап ашумен, сол арқылы ол оны инвестицияларға қарсы жауып тастайды (елдердің аталмыш ұйымға кіргенінен кейінгі дамуының баяулауын дәл осы себеппен түсіндіруге болады). Осыған орай отандық кәсіпорындардың трансұлттық технологиялық тізбектерге ену келешегі көмескі болып отыр. Біріншіден, технологиялық деңгейі ТҰК қажеттеріне сәйкес келетін кәсіпорындар солардың құрамына енгізіліп қойған, және Қазақстанның ДСҰ-ға енуі оларға ешқандай әсерін тигізе қоймайды. Екіншіден, ТҰК құрамына енумен, бұл кәсіпорындар инновациялар мен инвестицилардың сондай бір орасан зор ағымын сезе алмайтын болар еді.

Қазақстандық экспорттаушылардың демпингке қарсы тексерулерден (атап айтқанда, уранның экспорты, АҚШ-тың қазақстандық ыстықтай илектелген болатқа қатысты демпингке қарсы санкциялары бойынша) көретін шығындары экспорттың жалпы көлеміне қарағанда мемлекеттік саясаттың басымдылықтарының біріне айналатындай сонша да бір үлкен емес: бұл тұрғыдан алғанда елімізге экспорттық түсімнің қайтарылмауын қысқартқан (мысалы екі есе) едәуір жеңіл және тиімді болады.

Жоғарыда айтылып кеткендей, ДСҰ-ға ену ұзақ әзірлену кезеңін қажет етеді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы көрсетіп отырғандай, біздің (Ресейдің де) қытайлықтарға ұсынылғандай жеңілдіктерге қол жеткізуге деген талпынысымыз түрлі себептермен сәтсіз болуда. Ал бұл жеңілдіктер өздері үшін күресуге тұрарлық-ақ. Мысалы, ДСҰ-ға қосылғаннан кейінгі импорттық тарифтың деңгейі отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуі тиіс. Сондықтан көп елдер енудің алдында өз рыноктарының қорғанысын күшейтуде: себебі Ұйымға енгеннен кейін импорттық тарифтерді көтеру мүмкін болмай қалады. Қазақстан керісінше әрекет етеді. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілерді (әсіресе экономиканың аграрлық секторындағы) қорғау тікелей шетелдік инвестицияларға ықпал ету режимімен және ішкі рынокты адал емес саудалық серіктестердің өктемдік саясатынан қорғаумен үйлестірілуі тиіс, бұл республика бойынша жұмыс орындарының неғұрлым көп санын құруға ықпалын тигізетін болады. Сонымен қатар, ДСҰ-ға ену үшін Қазақстанға аймақтарға қатысты өмірлік қажеті бар транферттер мен табиғи монополиялардың қызметтеріне қатысты төмен тарифтердің күшін жоюға тура келеді, себебі ДСҰ талаптарына сәйкес олар экспортты демеуқаржыландыру ретінде қарастырылатын болады. Мұның бізді ешқандай жақсылықтарға әкелмейтіні түсінікті.

Тағы бір проблемаға аймақтық бірігу айналып келеді. Ғаламдану жағдайларында елдердің барған сайын көптеген саны дәл соған бағытталуда. Мысал ретінде Еуропада - ЕО, Америкада - НАФТА (ол Канада, АҚШ және Мексиканы біріктірген), бізде – ЕурАзЭҚ-ты атап кетуге болады. ШОС күшіне енуде. Аймақтық қолдаушылықтың нығаю жағдайларында ДСҰ-ның ережелерін елемеу және олардың шешімдерін орындамау жиі орын алуда. Бұл жағдайда Қазақстан ДСҰ-ға енумен және өзін ғаламшарлық бәсекелестікке ашумен кепілденген түрде тек шығындарға ғана ие болатын болады, себебі оның шикізаттан басқа ұсынатын ештеңесі жоқ. Бұл жағдай ЕО-қа (қазақстандық экспорттың басым бөлігі солай қарай кетеді) Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінің (отандық экспорттың тағы бір бөлігі) енуімен шиеленісе түседі. Осының барлығы Қазақстанның экономикасы үшін жағымсыз зардаптарды тудыратын болады: экспорттың азаюы, импорттың өсуі және сыртқы қарыздарды төлеу республиканың алтынақшалай қорын азайтып, ауқымды құнсыздану қаупін тудырады. Бұл жағдайдан шығудың жолы біреу ғана - ел үшін аса ауыр болып келетін экономикалық және саяси зардаптарды тудыратын сырттан жаңадан қарыз алу.

Осылайша, қорытынды біреу: бізге асығудың қажеті жоқ, себебі ДСҰ-ға қазіргі асығыс кіру елдің экономикалық қауіпсіздігіне үлкен қауіп тудырады. Қытай халқының келесі бір мақалы бар: "Есік сол не өзге жаққа қарай ашық болуы мүмкін, алайда ол ешқашан екі жаққа бірдей ашық болмайды". Сондықтан осы бір жауапты қадамның барлық мүмкін болар жағымды және жағымсыз зардаптарын салыстыра отырып, барлығын тағы да бір мұқият таразылап шығу қажет. Сонымен қатар, ТМД елдеріне ДСҰ-ға жалғыздан емес, әрекеттегі интеграциялық бірлестіктердің (мысалы, ЕврАзЭС-тың) ішіндегі экономикалық параметрлерді алдын-ала салыстырумен, топтап кірген дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет