Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы



бет4/5
Дата26.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#159375
1   2   3   4   5
:

1) диаметрі 10-нан 60 мм дейінгі III сынып тазалығындағы үш линзадан құралған блоктар - тазарту, аспапқа орнату;

2) диаметрі 60-тан жоғары 200 мм дейінгі V сынып тазалығындағы бірлік линзалар – тазарт у және оправаға орнату;

3) линзаларының диаметрі 10-нан 60 мм дейінгі IV сынып тазалығындағы қос линзалы объективтер – тазалау және құрастыру;

4) линзаларының диаметрі 10-нан 40 мм дейінгі IV сынып тазалығындағы қос линзалы окулярлар – тазалау және құрастыру.

Параграф 3. Оптиканы тазалаушы, 3-разряд

301. Жұмыс сипаттамасы:

оптикалық-механикалық аспаптар мен құрылғыларға орнатылатын күрделі оптикалық бөлшектерді тазалау;

жабыны мен жарықтандырушы пленкасы бар тазалауға, ылғалды атмосфераны, дақтандырушы агенттерге сезімтал оптикалық бөлшектер мен құрамаларды тазарту;

құрастырылған аспаптардағы оптиканың ластанған жерін анықтау, қажетті қабаттарды ашу және тазалауды жүргізу;

қолжетімділігі шектеулі жерлердегі оптиканы тазалау;

кзге көрінетін жердің тазалығын бақылау.

302. Білуге тиіс:

тазалауға түсетін аспаптарда, оптикалық бөлшектер мен тораптардың орналасуын және өзара әрекетін;

түсті оптикалық шынының кең тараған маркаларын және олардың қасиеттерін;

оптикалық бөлшек жабындарының нысаны мен қасиеттерін;

тазартушы қоспалардың құрамы мен рецептурасын;

оптикалық бөлшектердің бетінің тазалығын және өңдеу дәлдігі сыныптарын;

оптикалық бөлшектердің бетінің тазалығын бақылау әдістерін; орындалатын жұмыс көлеиіндегі слесарь ісін.

303. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі 10 мм дейінгі II сынып тазалығындағы бес линзадан құралған блоктар - тазарту, аспапқа орнату;

2) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 300 мм дейінгі сыртқы жабыны бар айналар – тазарту;

3) гониометр мирлары – тазарту;

4) линзаларының диаметрі 10 мм дейінгі II сынып тазалығындағы қос линзалы окулярлар – тазалау және окулярды құрастыру;

5) АНБ и ПАБ-2 типіндегі аспаптар – оптикалық бөлшектерден сусымаларды жою.
Параграф 4. Оптиканы тазалаушы, 4-разряд

304. Жұмыс сипаттамасы:

оптикалық-механикалық аспаптар мен құрылғыларға орнатылатын ерекше күрделі оптикалық бөлшектерді тазалау;

түпкілікті құрастырылған аспаптардың қолжетімділігі шектеулі жерлердегі оптикасын үлкейткіш аспаптар жүйесін қолдана отырып тазалау;

тазалауға келіп түскен оптиканың тазалығы мен ақауларын бақылау;

аспаптардың оптикалық жүйесінің жекелеген бөлшектері ақауларының ілеспе картасын толтыру.

305. Білуге тиіс:

тазаланатын аспаптардың оптикалық схемасы мен жұмысын; оптикалық бөлшек жабындарының температура жағдайы мен қасиеттеріне қарай тазалаушы ертінділерге арналған компоненттерді іріктеу ережесін; оптиканы көп операциялы тазалау жолдарын;

11141-76 Мемстандарты бойынша оптикалық бөлшектер қабатының тазалығы сыныбын.

306. Жұмыс үлгілері:

1) жарығы күшті жоғары қуатты объективтердің 5 данадан жоғары линазалы блоктары – тазарту;

2) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 300-ден 600 мм дейінгі сыртқы жабыны бар айналар мен линзалар - түпкілікті тазарту;

3) II тазалығы сыныбындағы би-призмалы коллектив - 12-есе үлкейтумен түпкілікті тазарту;

4) 0 - 10 тазалығы сыныбындағы лимбалар, дифракционды торлар мен торшалар - көп операциялы тазалау түпкілікті тазарту;

5) 0 - 20 тазалығы сыныбындағы жылжымалы растралар - құрастырылған аспапта түпкілікті тазарту;

6) 0 - 20 тазалығы сыныбындағы алыс өлшемді және есептеу құрылғыларының торлары - түпкілікті тазарту.

7) тренажерлер – оптиканы бөлшектей және оптикалық жүйелерін ала отырып тазарту;

8) 0 - 10 тазалығы сыныбындағы алыс өлшемді құрылғылардың шкалалары - 12-есе үлкейтумен көп операциялы түпкілікті тазарту.

30. Оптикалық бөлшектерді тегістеуші

Параграф 1. Оптикалық бөлшектерді тегістеуші, 2-разряд

307. Жұмыс сипаттамасы:

оптикалық шыныдан жасалған қарапайым бөлшектерді айналма тегістеуші, жазық тегістеуші және сыдырушы станоктарда, сондай-ақ интенсивті режимдерді қолдана отырып жеке және көп станокты қызмет көрсету кезінде сферотегістеуші автоматтарда топтық әне даналап өңдеу қатаң, механикалық және басқа да бекіту әдістерімен қатаң және орташа тегістеу.

308. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін станоктардың құрылымым мен жұмыс принципін;

желімдеу айлабұйымдарының атауын, нысаны мен оларды қолдану шарттарын;

шыны мен абразивті ұнтақтардың маркаларын, олардың белгіленуін; алмазды және абразивті құралдың түрлерін;

қарапайым оптикалық бөлшектердіі сызбасын;

притирдің, толщиномердің, штангенциркульдің, линейканың нысанын және қолдану шарттарын;

квалитеттер мен өңдеудің бұдырлығы мен тазалығы параметрлері жүйесі туралы негізгі деректерді.

309. Жұмыс үлгілері:

1) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 10-нан 100 мм дейінгі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,15-тен жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,2-ден жоғары, бұрыштарына 10 минуттан жоғары қатаң және орташа тегістеу.

2) диаметрі 10-нан жоғары және 100 мм дейінгі бағанаға жапсырылған бөлшектер - R_z 60 бетін 14 - 16 бұдырлық квалитеттері бойынша айналма өңдеу.

3) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 10-нан 80-ге дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 1,5 жоғары немесе линза шетінің қалыңдығы 3,0 мм болған кездегі қалыңдығының диаметрге қатынасы 0,1 оң менискалар - қалыңдығы мен қисығына 0,2 мм жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу.

4) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 10-нан жоғары және 50 мм дейінгі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне 15 - 16 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу.

5) ені 1,5 мм жоғары фаскалар - тегістеу.
Параграф 2. Оптикалық бөлшектерді тегістеуші, 3-разряд

310. Жұмыс сипаттамасы:

оптикалық шыныдан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді интенсивті режимдерді қолдана отырып жеке және көп станокты қызмет көрсету кезінде сферотегістеуші автоматтарда топтық және даналап өңдеу кезінде эластикалық бекіту әдісімен баптай отырып, сондай-ақ айналма тегістеуші, жазық тегістеуші және сыдырушы станоктарда қатаң және орташа тегістеу.

311. Білуге тиіс:

әртүрлі сыдыру және тегістеу ызмет көрсететін станоктарының құрылымы мен жұмыс принципін, оларды баптау ережесін;

косиномердің, индикатор мен микрометрдің нысаны мен оларды қолдану шарттарын;

тегістеуші айналма мен абразивті ұнтақтардың сипаттамаларын, өңделетін шыныға және талап етілетін өңдеу таазалығына қарай оларды қолдану шарттарын;

оптикалық бөлшектерді тегістеудің жол берілетін режимдерін;

өңделетін шынының негізгі қасиеттерін; квалитеттер мен өңдеудің бұдырлығы мен тазалығы параметрлері жүйесі туралы негізгі деректерді.

312. Жұмыс үлгілері:

1) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 10-нан 100 мм дейінгі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,08-ден жоғары 0,15-ке дейінгі оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 12-14 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,1-ден жоғары 0,2 дейінгі, бұрыштарына 6 минуттан жоғары және 10 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

2) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 100-ден 200 мм және 10 мм дейінгі, үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 10-нан 100 мм күрделі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,1-ден жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,3-тен жоғары, бұрыштарына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

3) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 200-ден 300 мм дейінгі, үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 100-ден жоғары 200 мм және 10 мм дейінгі күрделі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,15-тен жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,4-тен жоғары, бұрыштарына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

4) диаметрі 10-нан жоғары және 100 мм дейінгі бағанаға жапсырылған оптикалық бөлшектер - R_z 40 бетін 12 - 13 бұдырлық квалитеттері бойынша дөңгелектеу;

5) диаметрі 100-ден 130 мм және 130 мм және 10 мм жоғары, диаметрі 10-нан 100 мм дейінгі күрделі, бағанаға жапсырылған оптикалық бөлшектер - R_z 70 бетін 14 - 16 бұдырлық квалитеттері бойынша дөңгелектеу;

6) диаметрі 10-мм ға және 200 мм жоғары беті күңгірт оптикалық бөлшектре - фасетирлеу;

7) қиысы, саңылаулары бар, сырты жылтыратылған оптикалық күрделі бөлшектер мен кварц пен ферриттен жасалған бөлшектер – фасетирлеу;

8) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 80-нен 200 мм және 10 мм дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 0,8-ден 1,5 дейінгі немесе линза шетінің қалыңдығы 1-5-тен 3,0 мм дейінгі қалыңдығының диаметрге қатынасы 1,0 оң менискалар - қалыңдығына 0,1 до 0,2 мм, қисығына 0,1-ден 0,2 мм дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

9) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 80-нен 200 мм және 10 мм дейінгі, диаметрі 10-нан 80 мм дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 1,0 мм жоғары, немесе линза шетінің қалыңдығы 3 мм жоғары болған кезде қалыңдығының диаметрге қатынасы 1,0 жоғары күрделі оң менискалар - қалыңдығына 0,3 мм, қисығына 0,5мм жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу.

10) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 10-нан жоғары және 50 мм дейінгі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне 12 - 14 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 5 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу.

11) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 50-ден 100 мм және 10 мм жоғары, үлкен жағының көлемі 50-нан 50 мм жоғары күрделі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне 15 - 16 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу.

12)дове призмалары, пентапризмалар, шатыр үлгісіндегі үлкен жағының көлемі 10-нан 50 мм дейінгі призмалар - сызықтық көлеміне 14 - 15 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу.

13) ені 0,5-тен 1,5 мм дейінгі фаскалар - тегістеу.

Параграф 3. Оптикалық бөлшектерді тегістеуші, 4-разряд

313. Жұмыс сипаттамасы:

оптикалық шыныдан жасалған күрделі бөлшектерді классикалық өңдеу режимдерін қолдана отырып топтық және даналап өңдеу кезінде, тегістеуші және сыдырушы станоктарда эластикалық бекіту әдісімен қатаң және орташа тегістеу.

314. Білуге тиіс:

әртүрлі сыдыру және тегістеу қызмет көрсететін станоктарының құрылымын, оларды баптау ережесін;

өңдеу әдісіне қарай абразивті айналмалар мен ұнтақтардың тегістеуші қабілетін;

шыны мен абразивтің маркасына қарай оптикалық бөлшектерді өңдеудің ең тиімді режимдерін;

шыныны өңдеу кезіндегі ықтимал ақауларды;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, оларды пайдалану ережесін.

315. Жұмыс үлгілері

1) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 10-нан 100 мм дейінгі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,08-ден жоғары 0,15-ке дейінгі оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 12-14 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,1-ден жоғары 0,2 дейінгі, бұрыштарына 6 минуттан жоғары және 10 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

2) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 100-ден 200 мм және 10 мм дейінгі, үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 10-нан 100 мм күрделі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,1-ден жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,3-тен жоғары, бұрыштарына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

3) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 200-ден 300 мм дейінгі, үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 100-ден жоғары 200 мм және 10 мм дейінгі күрделі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,15-тен жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,4-тен жоғары, бұрыштарына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

4) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 300 мм жоғары, үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 200-ден жоғары күрделі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,1-ден жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,4-тен жоғары, бұрыштарына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

5) диаметрі 10-нан жоғары және 100 мм дейінгі бағанаға жапсырылған оптикалық бөлшектер - R_z 10 бетін 8 - 11 бұдырлық квалитеттері бойынша дөңгелектеу;

6) диаметрі 100-ден 130 мм немесе 10 мм дейінгі, диаметрі 10-нан 100 мм дейінгі күрделі, бағанаға жапсырылған оптикалық бөлшектер - R_z 15 бетін 14 - 16 бұдырлық квалитеттері бойынша дөңгелектеу;

7) диаметрі 130 мм жоғары оптикалық бөлшектер – диаметріне 14 - 16 квалитеттер бойынша шектеумен дөңгелектеу;

8) саңылаулар бар абрлық көлемдегі бөлшектер - 0,05 мм. жоғары эксцентриситетпен дөңгелектеу;

9) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 80-нен 200 мм әне 10 мм дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 0,8-ден 1,5 дейінгі немесе линза шетінің қалыңдығы 1-5-тен 3,0 мм дейінгі қалыңдығының диаметрге қатынасы 1,0 оң менискалар - қалыңдығына 0,1 до 0,2 мм, қисығына 0,1-ден 0,2 мм дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу:

10) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 80-нен 200 мм және 10 мм дейінгі, диаметрі 10-нан 80 мм дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 1,0 мм жоғары, немесе линза шетінің қалыңдығы 3 мм жоғары болған кезде қалыңдығының диаметрге қатынасы 1,0 жоғары күрделі оң менискалар - қалыңдығына 0,3 мм, қисығына 0,5мм жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

11) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 200-ден 300 мм және 10 мм дейінгі, диаметрі 80-нен 200 мм немесе 10 мм дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 1,0 мм жоғары, немесе линза шетінің қалыңдығы 3,0 мм жоғары болған кезде қалыңдығының диаметрге қатынасы 1,0 жоғары күрделі оң менискалар - қалыңдығына 0,4 мм, қисығына 0,5мм жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

12) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 300 мм жоғары, диаметрі 200 мм жоғары, қалыңдығының диаметрге қатынасы 0,05 мм жоғары, күрделі оң және теріс менискалар - қалыңдығына 1 мм, қиысына 1 мм. жоғары шектеумен қатаң және орташа тегістеу;

13) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 10-нан 50 мм жоғары күрделі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне сызықтық мөлшеріне 10 - 11 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 4-тен жоғары және 5 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

14) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 50-ден 100 мм және 10 мм дейінгі, үлкен жағының көлемі 10-нан 50 мм күрделі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне сызықтық мөлшеріне 13 - 14 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 6-дан жоғары және 10 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

15) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 100 мм дейінгі, үлкен жағының көлемі 50-ден 10 мм күрделі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне сызықтық мөлшеріне 14 - 16 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 7 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

16) дове призмалары, пентапризмалар, шатыр үлгісіндегі үлкен жағының көлемі 10-нан 50 мм дейінгі призмалар - сызықтық көлеміне 8 - 12 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 5-тен жоғары 10 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

17) дове призмалары, пентапризмалар, шатыр үлгісіндегі үлкен жағының көлемі 50-ден 100 мм дейінгі, көлемі 10-нан 50 мм дейінгі күрделі призмалар - сызықтық көлеміне 14 квалитет бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 5-тен жоғары 10 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

18) ені 0,5 мм дейінгі фаскалар - тегістеу.

Параграф 4. Оптикалық бөлшектерді тегістеуші, 5-разряд

316. Жұмыс сипаттамасы:

барлық маркадағы оптикалық шыныдан, кварцтен, кристаллдардан, керамика мен ИКС шынысынан жасалған ерекше күрделі бөлшектерді классикалық өңдеу режимдерін қолдана отырып топтық және даналап өңдеу кезінде, тегістеуші және сыдырушы станоктарда эластикалық бекіту әдісімен қатаң және орташа тегістеу.

317. Білуге тиіс:

сыдыру және тегістеу ызмет көрсететін станоктарының құрылымы мен жұмыс принципін, оларды баптау ережесін; өңдеудің тәсіліне қарай абразивті айналама мен ұнтақтардың тегістеуші қабілетін;

дәл бөлшектерді өңдеуге арналған шынылы блоктау айлабұйымдарының түрлері мен жасалу тәсілдерін;

кристаллдардың түрлері мен олардың өңдеу әдістерін.

318. Жұмыс үлгілері:

1) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 10-нан 100 мм дейінгі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,08-ден жоғары 0,15-ке дейінгі оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 12-14 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,1-ден жоғары 0,2 дейінгі, бұрыштарына 6 минуттан жоғары және 10 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу.

2) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 100-ден 200 мм және 10 мм дейінгі, үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 10-нан 100 мм күрделі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,1-ден жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,3-тен жоғары, бұрыштарына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

3) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 200-ден 300 мм дейінгі, үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 100-ден жоғары 200 мм және 10 мм дейінгі күрделі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,15-тен жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,4-тен жоғары, бұрыштарына 10 минуттан жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

4) үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 300 мм жоғары, үлкен жағының немесе диаметр мөлшері 200-ден жоғары күрделі, қалыңдығының диаметрге немесе үлкен жағына қатынасы 0,1-ден жоғары оптикалық тегіс бөлшектер - ұзындығы мен еніне 15-16 квалитеттер бойынша, қалыңдығына 0,2-ден 0,4 мм дейін, бұрыштарына 5 минуттан жоғары және 10 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

5) диаметрі 10-нан жоғары және 100 мм дейінгі бағанаға жапсырылған оптикалық бөлшектер - 5 - 7 бұдырлық квалитеттері бойынша дөңгелектеу.

6) диаметрі 100-ден 130 мм немесе 10 мм дейінгі, диаметрі 10-нан 100 мм дейінгі күрделі, бағанаға жапсырылған оптикалық бөлшектер - 5-9 бұдырлық квалитеттері бойынша дөңгелектеу;

7) диаметрі 130 мм жоғары оптикалық бөлшектер – диаметріне 5-13 квалитеттер бойынша шектеумен дөңгелектеу;

8) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 10-нан 80- мм дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 0,65 дейінгі немесе линза шетінің қалыңдығы 0,5 мм дейінгі қалыңдығының диаметрге қатынасы 0,06 оң және теріс менискалар - қалыңдығына 0,06 мм, қисығына 0,08 мм дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

9) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 80-нен 200 мм және 10 мм дейінгі, диаметрі 10-нан 80 мм дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 0,7 мм дейінгі, немесе линза шетінің қалыңдығы 1,5 мм жоғары болған кезде қалыңдығының диаметрге қатынасы 0,06 жоғары күрделі оң менискалар - қалыңдығына 0,1 мм, қисығына 0,15мм жоғары шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

10) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 200-ден 300 мм, диаметрі 80-нен 200 мм немесе 10 мм дейінгі, қисық радиусының диаметрге қатынасы 0,9 мм жоғары, немесе линза шетінің қалыңдығы 3,0 мм жоғары болған кезде қалыңдығының диаметрге қатынасы 0,05-тен 1,0 мм дейінгі күрделі оң менискалар - қалыңдығына 0,01-ден 0,4 мм, қисығына0,15-тен 0,5 мм дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

11) тегіс-томпақ, қос томпақты линзалар мен диаметрі 300 мм жоғары, диаметрі 200 мм жоғары, қалыңдығының диаметрге қатынасы 0,05 мм дейінгі, күрделі оң және теріс менискалар - қалыңдығына 0,6-дан 1 мм, қиысына 0,6-дан 1 мм дейінгі шектеумен қатаң және орташа тегістеу;

12) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 10-нан 50 мм дейінгі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне 5-9 квалитеттер бойынша, бұрышы 4 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

13) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 50-ден 100 мм және 10 мм дейінгі, үлкен жағының көлемі 10-нан 50 мм күрделі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне сызықтық мөлшеріне 5-11 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 6 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

14) тік бұрышты және үлкен жағының көлемі 100 мм жоғары, үлкен жағының көлемі 50-ден 10 мм күрделі дальномер типтес призмалар – сызықтық көлеміне сызықтық мөлшеріне 10 - 13 квалитеттер бойынша, бұрышына 3-тен 7 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

15) дове призмалары, пентапризмалар, шатыр үлгісіндегі үлкен жағының көлемі 10-нан 50 мм дейінгі призмалар - сызықтық көлеміне 5 - 7 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 5 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

16) дове призмалары, пентапризмалар, шатыр үлгісіндегі үлкен жағының көлемі 50-ден 100 мм дейінгі, көлемі 10-нан 50 мм дейінгі күрделі призмалар - сызықтық көлеміне 8-13 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 5 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу;

17) дове призмалары, пентапризмалар, шатыр үлгісіндегі үлкен жағының көлемі 100-ден жоғары және 10 мм дейінгі, үлкен жағының көлемі 50 мм жоғары күрделі призмалар - сызықтық көлеміне 8-11 квалитеттер бойынша, бұрышы мен пирамидалылығына 5 минутқа дейінгі шектеулермен қатаң және орташа тегістеу.

31. Оптикалық аспаптарды юстирлеуші

Параграф 1. Оптикалық аспаптарды юстирлеуші, 2-разряд

319. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым тораптар мен жүйелерді призмалармен, айналармен, торлармен және басқа да оптикалық бөлшектермен бақылау-өлшеу аспаптарын қолданып, метал бөлшектерді оптикалық бөлшектермен жеткере отырып юстирлеу;

оптикалық осьтердің паралелдігін юстирлеу, оптикалық сызбаларда болуы мүмкін параллакс пен басқа да ақауларды жою;

иір дәне тісті тістемелердегі есептеу тетіктерімен байланысты бос жүрістерді жою;

объективтерді орталандыру, торлар мен призмаларды орнату, сурет сапасын тексеру;

юстирлеуге арналған қарапайым айлабұйымдарды жасау;

әртүрлі бет қабаттарын аралау, сүрту және шабрлау жолымен 0,02 мм дейінгі дәлдікпен жеткеру.

320. Білуге тиіс:

күрделі емес оптикалық аспаптардың нысанын, құрылымы мен юстирлеуді;

бақылау-өлшеу аспаптарының (индикаторлардың, микрометрлердің, оптикалық угломердің, калибрлердің) құрылымын, күрделі емес бақылау-өлшеу аспаптары мен бақылау-юстирлеу аспаптарын тексеруді;

оптикалық өндірісте қолданылатын қосалқы материалдардың қасиеттерін;

квалитеттер мен өңдеудің бұдырлығы мен тазалығы параметрлері жүйесі туралы негізгі деректерді.

321. Жұмыс үлгілері

1) призмалық және айналық блоктар – юстирлеу;

2) иірлі есптеу тістемелері – юстирлеу;

3) объективтер – юстирлеу;

4) күрделі емес оптикалық жүйелері бар аспаптар: 3 – 4 сыныпты нивелирлер, кипригельдер, буссолилер, көру трубкалары мен минуттық оптикалық аспаптар - юстирлеу.
Параграф 2. Оптикалық аспаптарды юстирлеуші, 3-разряд

322. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа тораптар мен жүйелерді бақылау-өлшеу аспаптарын қолданып юстирлеу;

көп линзалы объективтердің, күрделі призмалардың, айнаның, торлар мен басқа да оптикалық бөлшектері бар оптикалық жүйелерді бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып юстирлеу;

берілген дәлдікті қамтамасыз ететін юстирлеудің технологиялық кезектілігін таңдау;

әртүрлі бет қабаттарын аралау, сүрту және шабрлау жолымен 0,01 мм дейінгі дәлдікпен жеткеру.

323. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа оптикалық аспаптардың: нысанын, құрылымы мен юстирлеуді;

гониометрдің, автоколлиматордың, коллиматорлар мен басқа да қолданбалы және физикалық оптика, электроника мен гигроскопия аспаптарының құрылымын;

квалитеттер мен өңдеудің бұдырлығы мен тазалығы параметрлері жүйесі туралы негізгі деректерді.

324. Жұмыс үлгілері

1) бақылау-юстирлеу аспаптары мен айлабұйымдары – юстирлеу;

2) АНБ-1 үлгісіндегі есептеу аспаптары – юстирлеу;

3) нивелир қолданылатын оптикалық сызбалар – юстирлеу және суреттік сапасына және өткізу қабілетіне әсер ететін ақауларды жою;

4) команда беру аспаптарының қозғағыш тораптары – юстирлеу.
Параграф 3. Оптикалық аспаптарды юстирлеуші, 4-разряд

325. Жұмыс сипаттамасы:

жеке және ұсақ сериялы өндірістің күрделі тораптар оптикалық жүйелерін әртүрлі қабаттарды 0,005 мм дейінгі дәлдікпен аралау, сүрту, шабрлау жолымен жеткере отырып юстирлеу;

көп линзалы жүйелерді есептеуші механизмдермен байланысты күрделі бақылау-юстирлеу аспаптары мен айлабұйымдарды қолданып юстирлеу;

иір дәне тісті тістемелердегі есептеу тетіктеріноптикалық аспаптар бойынша тексере отырып жеткеру.

326. Білуге тиіс:

күрделі оптикалық тораптардың, механизмдер мен оптикалық аспаптардың құрылымын, өзара әрекет етуін және юстирлеуді;

арнаулы бақылау-юстирлеу аспаптарының: күрделі гониометрлердің, автоколлиматордың, коллиматорлар мен құрылымын және тексеруді.

327. Жұмыс үлгілері:

1) бинокулярлар, ПОС-2 типіндегі аспаптар - юстирлеу;

2) ұзын фокусты коллиматорлар – құрастыру және юстирлеу;

3) ПАБ-2 типтес есептеу аспаптары – юстирлеу;

4) командалық аспаптар – юстирлеу.
Параграф 4. Оптикалық аспаптарды юстирлеуші, 5-разряд

328. Жұмыс сипаттамасы:

жеке және ұсақ сериялы өндірістің жоғары нүктелі есптеу механизмдері бар ерекше күрделі, дәл және сезімтал күрделі оптикалық жүйелерін юстирлеу;

ерекше күрделі оптикалық аспаптардағы оптикалық және метал бөлшектерді 0,001 мм дейін жеткеру жолымен өңдеу.

329. Білуге тиіс:

ерекше күрделі, дәл және сезімтал күрделі оптикалық тораптардың, механизмдер мен оптикалық аспаптардың құрылымын, құрастырудың технологиялық процесін;

күрделі арнаулы бақылау-юстирлеу аспаптарының (компаратордың, универсальді микроскоптардың);

құрылымын және тексеруді;

дәл өлшеу құралын (индикатор, пассиметр, инструментальді микроскоп, оптиметр) және оны пайдалану ережесін.

330. Жұмыс үлгілері:

1) компараторлар мен дальномерлер – юстирлеу;

2) есептеу жүйесі бар ерекше дәл оптикалық-механика аспаптар – юстирлеу;

3) үлкен тренажерлар – юстирлеу;

4) конусты фокомерлер - юстирлеу.


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының

(65-шығарылым) қосымшасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет