Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 8 ақпанда №8329 тіркелді



Дата23.02.2016
өлшемі150.35 Kb.
#11058


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 8 ақпанда № 8329 тіркелді



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі




Национальный Банк

Республики Казахстан

_________________________________________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2012 жылғы 24 желтоқсан № 387






Алматы қ.

г. Алматы




Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы





«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әдістеменің 3-тармағы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес жасалған қатысу шарттарынан 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

4. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) осы Әдістеменің ережелерін ескере отырып, Қормен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымдары төлеген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналарды 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта есептесін, ал артық төленген сомалар көрсетілген сақтандыру ұйымдарының келешектегі жарналарды төлеу есебіне есептелсін.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына

қосымша
Күші жойылды деп танылатын

нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5362 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 7 шілдедегі № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5737 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 260 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6049 тіркелген).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 138 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6558 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 506-512 (26355) жарияланған).

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысымен

бекітілді

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі – Әдістеме) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шарттарын жасасқан сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі – қатысушы сақтандыру ұйымдары) міндетті, қосымша жарналардың, шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеуді, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есептеу тәртібін айқындайды.
1. Міндетті жарналар мөлшерлемесінің есебі,

оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі - Қор) міндетті жарналар мөлшерлемесін жыл сайын барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары үшін кепілдік берілетін сақтандырудың түрлері бойынша өткен қаржы жылындағы орташа айлық сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы мөлшері негізінде айқындайды.

2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарна мөлшерлемесі кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша анықталады:

Мөлшерлеме (пайызбен) = (СТММ*2*+КТ-КР)/ СС)*100,

мұнда:


СТММ – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының арасында кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен бес қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшерінің орташа мәні;

КТ – аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша кепіл төлемдерінің күтілетін сомасы, ол мына формула бойынша есептеледі:

КТ = ОСТ – НТ,

мұнда:


ОСТ – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қатысушы сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру жөніндегі шешімді қабылдау күнінің алдындағы қаржы жылына есептелген, аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары жүзеге асырған сақтандыру төлемдердің жиынтық мөлшері;

НТ – Қор аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша жүзеге асырған кепіл төлемдерінің нақты сомасы (өсу жиынтығымен);

КР – аяқталған қаржы жылының соңына сақтандыру төлемдеріне кепілдік резерві;

СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары кепілдік берілетін сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері.

3. Міндетті жарна мөлшерлемесі Әдістеменің 2-тармағына сәйкес айқындалады, оны Қор есептейді және есептелген сақтандыру сыйлықақылар сомасының кемінде 0,5 пайызын және мыналардан:

есептелген сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 (бір) пайызынан;

аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша Әдістеменің 2-тармағының он бірінші абзацына сәйкес есептелген кепіл төлемдерінің күтілетін сомасы 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден асса, есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасының 2 (екі) пайызынан астам еместі құрайды.

4. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы ақпарат береді.

5. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде міндетті жарналар мөлшерлемесін есептейді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен (бұдан әрі – Комитет) келісу бойынша бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына мәлімет үшін жеткізеді.

Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор міндетті жарналар мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді. Бұл ретте, міндетті жарналар мөлшерлемесін азайтқан жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарының артық төлеген сомаларын олардың ағымдағы қаржы жылы үшін төлейтін болашақ жарналары есебіне есептейді. Міндетті жарналар мөлшерлемесін ұлғайтқан жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға Әдістеменің 7-тармағында көзделген мерзімде қосымша сомаларды төлейді.

Қатысушы сақтандыру ұйымы аяқталған қаржы жылында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта белгіленген пруденциялық нормативтерді және өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзған жағдайда, осындай қатысушы сақтандыру ұйымы үшін міндетті жарналар мөлшерлемесі:

1-ден 3 бұзушылыққа дейін – 0,1 пайызға;

4-тен 7 бұзушылыққа дейін – 0,3 пайызға;

8-ден және одан көп бұзушылыққа – 0,4 пайызға ұлғаяды.

Әдістеменің 3-тармағында белгіленген талаптар міндетті жарна мөлшерлемесін ұлғайтуға қолданылмайды.

6. Қатысушы сақтандыру ұйымы міндетті жарна сомасын кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасына міндетті жарна мөлшерлемесін көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.

7. Қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті жарналарды әрбір тоқсанның нәтижесі бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей уәкілетті органдағы Қордың шотына дербес төлейді.
2. Қосымша жарналардың мөлшерлемесін есептеу,

оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері
8. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қосымша жарналардың мөлшерлемесін жыл сайын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараты негізінде анықтайды.

9. Ағымдағы қаржы жылына қосымша жарналар мөлшерлемесі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша мынадай формулада айқындалады:

Мөлшерлеме (пайызбен) = ((ҚС*2*ҚТ + ЖС*2*ЖТ)/ (ССММ*N)) * 100

мұнда:


ҚС – көлік оқиғасы болған жерден жасырынып қашып кеткен және зардап шегушіге келтірген жауапты тұлға анықталмай қазаға душар болған соңғы үш жыл ішіндегі жол-көлік оқиғаларының орташа саны;

ЖС – көлік оқиғасы болған жерден жасырынып қашып кеткен және зардап шегушіге зиян келтірген жауапты тұлға анықталмай ауыр дене жарақаттарына душар болуына әкеліп соққан соңғы үш жыл ішіндегі жол-көлік оқиғаларының орташа саны;

ҚТ – Қордың Директорлар кеңесі ағымдағы қаржы жылына белгілеген зардап шегушінің өміріне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлем мөлшерінің және жерлеу шығыстарының шекті мөлшері;

ЖТ – Қордың Директорлар кеңесі ағымдағы қаржы жылына белгілеген зардап шегушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі шекті төлем мөлшері;

ССММ – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының ішінде бір қатысушы сақтандыру ұйымы өткен қаржы жылына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;

N – уәкілетті органның көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар қатысушы сақтандыру ұйымдарының саны.

10. Әдістеменің 9-тармағына сәйкес айқындалатын қосымша жарна мөлшерлемесін Қор есептейді және ол көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың кепілдік берілетін түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының кемінде 1 пайызын және 3 пайызынан астам еместі құрайды.

11. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қаржы жылы аяқталғаннан кейін Әдістеменің 4-тармағына сәйкес ақпаратты Қорға ұсынады.

12. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қосымша жарналардың мөлшерлемесін есептейді, Комитетпен келісу бойынша бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жазбаша түрде мәлімет үшін жібереді.

Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор міндетті жарналар мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді.  Қосымша жарналар мөлшерлемесі азайған жағдайда, Қор тараптардың келісімі бойынша қатысушы сақтандыру ұйымдары артық төлеген соманы ағымдағы қаржы жылы үшін болашақ жарналарды төлеу есебіне есептейді немесе артық төленген сомаларды сақтандыру ұйымдарына қайтарады. Қосымша жарналар мөлшерлемесі өскен жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Әдістеменің 7-тармағында көзделген мерзімде Қорға қосымша есептелген сомаларды төлейді.

13. Қосымша жарна сомасын қатысушы сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасына қосымша жарна мөлшерлемесін көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.

14. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қосымша жарналарды әрбір тоқсанның нәтижесі бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей уәкілетті органдағы Қордың шотына дербес төлейді.


3. Шартты міндеттемелер мөлшерлемесінің есебі,

оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі
15. Қатысушы сақтандыру ұйымдары Қор алдындағы өздерінің шартты міндеттемелерін қалыптастырады және оның бухгалтерлік есебін жүргізеді.

16. Қор шартты міндеттемелер мөлшерлемесін өткен қаржы жылы үшін Қордың барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарындағы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша айлық сақтандыру сыйлықақыларының барынша жоғары мөлшері негізінде жыл сайын анықтайды.

17. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелердің мөлшерлемесі кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша анықталады:

Мөлшерлеме (пайызбен) = (СТММ*2+КТ-КР)/СС*100,

мұнда:

СТММ – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының арасында кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен бес қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшерінің орташа мәні;



КТ – аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша кепіл төлемдерінің күтілетін сомасы, ол мына формула бойынша есептеледі:

КТ = ОСТ – НТ,

мұнда:

ОСТ – уәкілетті орган қатысушы сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру жөніндегі шешімді қабылдау күнінің алдындағы қаржы жылына есептелген, аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары жүзеге асырған сақтандыру төлемдердің жиынтық мөлшері;



НТ – Қор аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша кепілдік берілетін сақтандырудың әр түрі бойынша жүзеге асырған кепіл төлемдерінің нақты сомасы (өсу жиынтығымен);

КР – кепілдік берілетін сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылының соңына сақтандыру төлемдеріне кепілдік резерві;

СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары кепілдік берілетін сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері.

18. Әдістеменің 17-тармағына сәйкес анықталатын шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін Қор есептейді және өткен қаржы жылындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының кемінде 1 пайызын және 4 пайызынан астам еместі құрайды.

19. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарынан алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде шартты міндеттемелердің мөлшердемесін есептейді, Комитетпен келісу бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына мәлімет үшін жеткізеді.

Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді. 

20. Шартты міндеттемелердің мөлшерін қатысушы сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасына шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.

21. Егер қатысушы сақтандыру ұйымы қалыптастырған шартты міндеттемелерінің сомасы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен кезде (сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) шартты міндеттемелер есептелмейді.

22. Шартты міндеттемелердің есептелген сомасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қатысушы сақтандыру ұйымының бухгалтерлік есебінде есепке алынады және қаржылық есептілігінде көрсетіледі.

     


4. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері
23. Қатысушы сақтандыру ұйымы төтенше жарналарды «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңында белгіленген жағдайда және мөлшерде төлейді.

24. Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдары Қордан төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде төтенше жарналарды төлейді. Төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламада қатысушы сақтандыру ұйымы төлеуі тиіс төтенше жарнаның мөлшері бар.

25. Қор төтенше жарналарды кезеңдік төлемдер түрінде төлеу қажеттілігін белгілеген жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді.

26. Қатысушы сақтандыру ұйымы Қорға төтенше жарналарды төлеген кезде осы қатысушы сақтандыру ұйымының шартты міндеттемелері өзі төлеген төтенше жарналардың сомасына азайтылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет