Қазақстан Республикасының Әйелдердiң саяси құқықтары туралы конвенцияға қосылуы туралы



Дата07.07.2016
өлшемі42.75 Kb.
Қазақстан Республикасының Әйелдердiң саяси құқықтары туралы конвенцияға қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 18-II


"Егемен Қазақстан" 2000 жылғы 5 қаңтар N 4


Қазақстан Республикасының БҰҰ Бас Ассамблеясының 1952 жылғы

20 желтоқсандағы 640 (ҮII) қарарымен қол қою және бекiту үшiн ашық

Әйелдердiң саяси құқықтары туралы конвенцияға қосылсын.

Қазақстан Республикасының

Президентi


Бас Ассамблеяның 1952 жылғы 20 желтоқсандағы 640 (ҮII)

қарарымен қол қою және бекiту үшiн ашық.

ҮI бапқа сәйкес 1954 жылғы 7 шiлдеде күшiне енген

Әйелдердiң саяси құқықтары туралы конвенция

Конвенция 1954 жылғы 18 наурызда күшiне ендi

Уағдаласушы тараптар,

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында көрсетiлген еркектер мен әйелдердiң тең құқықтылығы принципiн жүзеге асыруға ниеттене отырып,


      әр адамның тiкелей немесе еркiн сайланған өкiлдерi арқылы өз елiн

басқаруға қатысуға құқығы және өз елiнде мемлекеттiк қызметке тең рұқсат

етiлу құқығы бар екендiгiн мойындай отырып, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы

Жарғысының қаулылары мен Адам құқығының жалпыға бiрдей декларациясына

сәйкес еркектер мен әйелдердiң саяси құқықтарға ие болуға және пайдалануға

қатысты жағдайын теңестiруге ниеттене отырып;

осы мақсат үшiн конвенция жасасуды шешiп,

осымен мына төмендегiлер туралы келiстi:

I-бап

Әйелдерге барлық сайлауларда қандай да болмасын кемсiтусiз



еркектермен тең жағдайда дауыс беру құқығы тиесiлi.

II-бап


Әйелдер ұлттық заңмен белгiленген, жариялы сайлауды талап ететiн

барлық мекемелерде қандай да болмасын кемсiтусiз еркектермен тең жағдайда

сайлана алады.

III-бап


Әйелдерге еркектермен тең жағдайларда қандай да болмасын кемсiтусiз

қоғамдық-мемлекеттiк қызметте лауазым атқару және ұлттық заңмен

белгiленген барлық қоғамдық-мемлекеттiк функцияларды орындау құқығы

тиесiлi.


IҮ-бап

      1. Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымының кез келген мүшелерi,

сондай-ақ Бас Ассамблеядан шақыру алған кез келген басқа да мемлекеттердiң

қол қоюы үшiн ашық.

2. Осы Конвенция бекiтуге жатады және бекiту грамоталары Бiрiккен

Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

Y-бап

1. Осы Конвенция IҮ-баптың 1-тармағында көрсетiлген барлық



мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.

2. Қосылу ол туралы декларацияны Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас

хатшысына тапсырумен жасалады.

ҮI-бап


      1. Осы Конвенция алтыншы бекiту грамотасын немесе қосылу туралы бекiтудi сақтауға тапсырған күннен есептегенде тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияны бекiтетiн немесе алтыншы бекiту грамотасын немесе қосылу туралы декларацияны сақтауға тапсырғаннан кейiн оған қосылатын әрбiр мемлекет үшiн Конвенция мұндай мемлекет өзiнiң бекiту грамотасын немесе қосылу туралы декларациясын сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.

                            ҮII-бап

      Қандай да болмасын мемлекет қол қою, бекiту немесе қосылу кезiнде осы Конвенцияның қандай да болмасын бабына ескертулер ұсынған жағдайда бас хатшы осы ескертулердiң мәтiнiн осы Конвенцияға қатысушы болып табылатын немесе болатын барлық мемлекеттерге хабарлайды. Бұл ескертпелерге қарсы пiкiр бiлдiрген кез келген мемлекет көрсетiлген хабарлау күнiн есептегенде (немесе ол Конвенцияға қатысушы болған күннен бастап) тоқсан күндiк мерзiмнiң iшiнде бас хатшыға өзiнiң оны қабылдамайтындығын құлақтандырады. Мұндай жағдайда Конвенция осындай мемлекет пен ескертудi жасаған мемлекеттiң арасында күшiне енбейдi.

                         YIII-бап

      1. Кез келген мемлекет осы Конвенцияны ол туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша құлақтандырып күшiне енгiзе алады. Күшiне енгiзу Бас хатшы бұл құлақтандыруды алған күннен бастап бiр жылдан кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияның қолданылуы одан кейiн Конвенциядағы елдердiң саны алтыдан төмен болған күшiне енгiзу күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.

                         IХ-бап

      Кез келген екi немесе бiрнеше Уағдаласушы Мемлекеттiң арасында осы Конвенцияның түсiндiрiлуiне немесе қолданылуына байланысты пайда болған, келiссөздер тәртiбiмен шешiлмеген кез келген дау, егер олар оны реттеудiң басқа тәртiбi туралы келiспесе, кез келген тараптың талап етуi бойынша Халықаралық Соттың шешуiне берiледi.

                        Х-бап

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының барлық

мүшелерiн және осы Конвенцияның IҮ-бабының 1-тармағында айтылған Ұйымның

мүшесi болмаған мемлекеттерге:

а) IY-бапқа сәйкес алынған қол қоюлар мен бекiтiлген грамоталар

туралы;

b) Ү-бапқа сәйкес алынған қосылу туралы декларациялар туралы;



с) ҮI-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшiне енетiн күнi туралы;

d) ҮII-бапқа сәйкес алынған хабарлаулар мен құлақтандырулар туралы;

е) ҮIII-баптың I-тармағына сәйкес алынған күшiне енуi туралы

құлақтандырулар туралы;

f) ҮIII-баптың 2-тармағына сәйкес Конвенцияның қолданылуының

тоқтатылуы туралы құлақтандырады.

ХI-бап

1. Ағылшынша, испанша, қытайша, орысша және французша мәтiндерi



бiрдей тең болып табылатын осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымының архивiне

сақтауға тапсырылады.

2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның расталған

көшiрмелерiн барлық мемлекеттерге - Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелерiне,

сондай-ақ оның мүшелiгiнде тұрмайтындарға және 4-баптың 1-тармағында

айтылған мемлекеттерге қайта жөнелтедi.

Оқығандар:

Қасымбеков Б.А.



Икебаева Ә.Ж.
Каталог: assets -> files
files -> Литература 8 Задачник классы практикум 11 Под научным руководством академика Г. Г. Граник
files -> 7 тыс рублей, в том числе субсидии бюджетам муниципальных образований 1 000 000 тыс рублей
files -> «севказэнерго»
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы №1057/10 қаулы Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы
files -> Справка о состоянии безопасности движения за 15 апреля 2013 г. Забайкальская ж д. Читинский регион
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы №1059/10 қаулы Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы №3614 болып тіркелген
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазаңдағы
files -> 25 января 2015 г ст. Мальта техническое заключение по случаю обрыва автосцепок вагонов №65028029, №67012013, №67023432, №68633445 в составе грузового соединенного поезда №9224 при следовании по перегону Белая – Мальта в сутках 24
files -> «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ 2012-2014 жылдарға арналған есепті мәліметтері (тонна)


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет