Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



бет17/43
Дата03.07.2016
өлшемі4.3 Mb.
#175102
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


304-бап. Жылу желілерін бүлдiру

Жылу желілерін (құбыржолдар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорғы станцияларын) бүлдiру, егер бұл


іс-әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң нақты қатерiне әкеп соқпаса,

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


305-бап. Электр және жылу желілері жолдарының,

газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің

күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу
Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi алаңшаларын, тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


306-бап. Газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін

пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу


1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу –

жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу -

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


307-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын

қамтамасыз етуге шаралар қолданбау


Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшiн көзделген резервтiк отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау немесе өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерінің белгіленген резервтік отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы -

ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


308-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын

бүлдіру


1. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер

жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


309-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын

жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру


Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн ретке келтiруге шаралар қолданбау

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


19-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
310-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі

саласындағы заңнамасын бұзу


1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:

1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ, ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыру;

2) ғарыш объектісін Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ оны одан тыс жерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш объектісін ұшыру туралы оң шешімінсіз ұшыру;

3) ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеуден жалтару;

4) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіру;

5) ғарыш техникасы және (немесе) аспан денелерін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін пайдалану;

6) ғарыш кеңістігінің ластануы жөніндегі халықаралық нормалар мен стандарттарды бұзу түрінде жасалған бұзушылық –

ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік)

лицензиядан айыруға әкеп соғады.


311-бап. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ

ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру

және пайдалану (қолдану) қағидаларын бұзу
1. Нәтижелері пайдаланушы персоналға, халыққа, ғарыш жүйесіне, түйіндес объектілерге, қоршаған ортаға және жер төңірегіндегі кеңістікке өндірістік қызметтің қауіпті және зиянды факторларының әсерін жол берілетін шекті мәндерден асыруға әкеп соққан ғарыш жүйесін пайдаланудан көрінген, Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бұзу

ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін жоймау

лицензиядан айыруға әкеп соғады.


20-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР


312-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнама мен

мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып,

жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау,

құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау,

құрылыс материалдарын, бөлшектер мен

конструкцияларды шығару мен қолдану


1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығару, қолдану

лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер

тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


313-бап. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру

жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген

құрылыс нормаларының және жобалау

құжаттарының талаптарын бұзу


1. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген конструкциялық элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттердi жасау

тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


314-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде

құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру

жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау

құжаттамасынсыз жүргiзу


1. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу –

жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


315-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс

материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау

бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру

жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда

көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы

ресiмдеу қағидаларын бұзу


Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу –

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


316-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-

сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен

сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық)

құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау,

реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта

жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу)


1. Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу)

жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау

жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз алпыс, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтiк

қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Авторлық қадағалаудың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі

жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына немесе жобалау үшін қажетті бастапқы рұқсат беру құжаттарынсыз сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру

жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Техникалық қадағалаудың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, қабылдануын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі

жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік)

сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына сарапшының аттестатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


318-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға

берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу


Сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


319-бап. Заңсыз құрылыс
Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу

заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй

құрылысына үлестік қатысу туралы

заңнамалық актісінің талаптарын бұзу
1. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінде құрылыс салушы, жобалау компаниясы туралы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы

заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті ұсынбауы не олардың анық емес мәліметтер мен есептілікті ұсынуы

заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, құрылыс салушы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) -

заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, жобалау компаниясы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау

үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған лицензияның қолданысын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.


321-бап. Құрылысты техникалық және авторлық

қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру


Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру

жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


322-бап. Үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және

қайта жоспарлау


1. Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімінсіз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау

жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн дәл сол әрекеттер

жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпелер.

1. Үйлер, құрылыстар, ғимараттар, олардың бөлiктерi немесе жекелеген конструкциялық элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң төмендеуіне және жойылуына, тұрғызылып жатқан объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға теріс әсер етуiне әкеп соғатын, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектiлер мен кешендердi жобалау, салу, реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру кезiнде техникалық регламенттерді қоспағанда, мiндеттi талаптарды, құрылыс нормалары мен қағидаларын, жобаларды, басқа да нормативтік актілерді сақтамау, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп түсініледі.

2. Материалдың, конструкцияның, бұйымның, олардың түйiскен тораптарының, ғимараттың және құрылыстың негiзгі топырақ қабатының есептік мәндегі салмақтың түсуіне және әсерлеріне бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiк деп түсініледі.

3. Ғимараттың, құрылыстың есептемелік әсерлерге және салмақ түсу ықпалына орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалу қасиеті орнықтылық деп түсініледі.

4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, тіреу және қоршау конструкцияларының нормаланатын көрсеткiштердің мәндерiмен айқындалған функцияларды орындау қабiлетi сенiмдiлiк деп түсініледі.

5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа салынатын инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттамасы (жоба, жұмыс жобасы және жобалардың басқа да түрлерi) жөніндегі жұмыстар жобалау жұмыстары деп түсініледі.


323-бап. Белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген

объектiлер мен кешендердi пайдалану


Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсету, өнiм өндiру) -

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

21-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ

РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi

санитариялық-эпидемиологиялық және

экологиялық талаптарды бұзу
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрілген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе төмендетуге нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi –



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет