Қазақстан Республикасының Екінші деңгейдегі банктерге



Дата25.02.2016
өлшемі29.77 Kb.
#25527
Қазақстан Республикасының

Екінші деңгейдегі банктерге

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) осымен мынаны хабарлайды:

1. Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулық» (бұдан әрі – № 359 Нұсқаулық) Агенттік Басқармасының мынадай қаулыларына сәйкес:

- «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 64, «Өтімділік тәуекелін басқару талаптары» 4-1 қосымшасымен толықтырылды;

- «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 2 қарашадағы № 229, «Тәуекелді басқару жүйелерін ұйымдастыру талаптары» 1-қосымша туындайтын күтпеген жағдайлар жоспарының және Агенттікке ұсынылатын стресс-тестілеу сценарийлерін, нәтижелерін ұсыну талаптарын реттейтін жиырма сегізінші жолмен толықтырылды;

Осыған байланысты, 2009 жылда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын № 359 Нұсқаулық талаптарының көрсеткіштерін орындау есебінде өзгеден басқа 2009 жылдан бастап қолданысқа енгізілген № 359 Нұсқаулықтың жоғарыда көрсетілген талаптары болуы тиіс.

2. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 263 қаулысына (бұдан әрі - № 263 қаулы) енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, екінші деңгейдегі банктер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін айдың 30-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға № 359 Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекел мониторингі, бағалау және бақылау мен матрицасын, сондай-ақ № 359 Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес өтімділік тәуекел мониторингі, бағалау және бақылау матрицасын ұсынады.

Бұл ретте, екінші деңгейдегі банктер матрицаны ұсыну бөлігінде талаптардың орындалуын 2010 жылғы 1 шілдеге дейін қамтамасыз етуі тиіс.

Осылайша, екінші деңгейдегі банктер 2010 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде ішкі құжаттарын № 359 Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтіруі тиіс, бұл ретте, есеп беру күндері 30 шілде (II тоқсанға), 30 қазан (III тоқсанға), 30 қаңтар (IV тоқсанға), 30 сәуір (I тоқсанға) болып табылады.

3. № 263 қаулының 4-тармағына сәйкес тізімі Агенттікпен бекітілген, кез келген халықаралық рейтингтік агенттіктерінің деңгейі «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингке ие Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдарының еншілес ұйымы болып табылатын банктер № 359 Нұсқаулықтың талаптарын орындауды 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қамтамасыз етеді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдарының еншілес ұйымы болып табылатын банктердің алғашқы есеп беру мерзімдері:

2011 жылда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын № 359 Нұсқаулық талаптарының көрсеткіштерінің орындау есебін 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде;

№ 359 Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес кредиттік тәуекел мен өтімділік тәуекел мониторингі, бағалау және бақылау матрицаларын 2011 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей (I тоқсанға);



№ 359 Нұсқаулықтың 3-1-тармағына сәйкес стресс-тестілеу сценарийлерін, нәтижелерін, сондай-ақ туындайтын күтпеген жағдайларға арналған іс-әрекеттер жоспарын 2011 жылғы 30 ақпаннан кешіктірмей беру болып табылады.

Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет