Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін бекіту жөнінде



жүктеу 117.84 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі117.84 Kb.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қараша N 396 Қаулысы


(Соңғы редакциядағы күні: 13.05.2005)

      "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 


      1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін. 
      2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін. 
      3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1995 жылғы 18 мамырдағы N 17 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы вексельдік есеп айырысу жүйесі туралы уақытша ереженің күші жойылды деп танылсын. 
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін. 

      Ұлттық Банкі


      Төрағасы

Қазақстан Республикасы  


Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы 
N 396 қаулысымен бекiтiлген

 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi


банктерiнiң вексельдер есебiн жүргiзу
Ережесi 

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (бұдан әрі - банктер) аударым және жай коммерциялық вексельдерін (бұдан әрі - вексельдер) есепке алу тәртібін реттейді.


      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен. 

 1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: 
      1) вексельдер есебiн жүргiзу - бұл индоссамент бойынша төлем мерзiмi басталғанға дейiн банктердiң (есеп жүргiзу кеңселерiнiң) вексель ұсынушыға дисконтты есептен шығарып немесе онысыз вексельдiк соманы төлеумен вексельдердi қабылдауы
      2) клиент - вексельдi есеп жүргiзуге ұсынатын адам; 
      3) қайта тапсырылатын индоссамент - вексель ұстаушы жазған және вексель бойынша кейбiр құқықтарды индоссант белгiлеген шектерде қайта ауыстыру мақсатын көздейтiн вексельдегi жазу; 
      4) вексельдi өтеу - вексель ұстаушы қандай болсын мiндеттемелердi төлеушiнiң орындауын талап ету құқығына ие болатын вексель ұстаушының вексельде төлеушi ретiнде көрсетiлген адаммен қарым-қатынас қалыптастыруы. Мұндайда, мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төмен болмауы тиiс; 
      5) вексельдiң көшiрмесi - бұл вексельдiң түпнұсқасын индоссаменттермен және ондағы барлық басқа белгiлермен дәл көрсететiн көшiрме. Мұндайда, вексельдiң түпнұсқасы қолында бар адам көрсетiледi. 

      2. Банк вексельдiк сома мөлшерiн банк белгiлейтiн дисконт ұстап қалуға құқылы. 

      3. Егер вексель бойынша төлем жасайтын орын банк тұрған орыннан өзге елдi мекенде көрсетiлсе, банк дисконт сомасына, сондай-ақ почта шығыстарын және басқа қаланың банктерiне вексельдердi инкассациялауға комиссиялық сыйақы қосуға құқылы. Почта шығыстарын алудың тәртiбi мен шарттарын банк пен почта байланысы ұйымының арасындағы шарт арқылы банк белгiлейдi. 

      4. Егер вексельде "есеп жүргiзуге ұсынуды және ақша алуды сенемiн" немесе вексель бойынша құқықтарды жүзеге асырумен байланысты қандай болсын iс-әрекеттi орындау тапсырмасын көздейтiн кез келген басқа жазу жазылса, онда мұндай сенiмдегi адам (клиент) вексельдi есеп жүргiзуге берумен байланысты барлық ресiмдеудi жасауға құқылы. 


      Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы банк шешiм қабылдағаннан кейiн вексельдi банктiң пайдасына тек қана қайта тапсырым индоссаментiне қол қойған адам (заңды вексель ұстаушы) индоссирлей алады. 

      5. Банктер есеп жүргiзуге сомасы теңгемен көрсетiлген вексельдердi, ал шетел валютасымен операциялар жүргiзуге лицензия болса - сомасы шетел валютасымен көрсетiлген вексельдердi қабылдауға құқылы. 

      6. Форфейтинг - банктiң вексельдi индоссамент бойынша клиентке (өзiнiң индоссантына) регресс қүқығынсыз вексель сомасын төлеп қабылдауы (сатып алуы). Банк форфейтинг операцияларын жүргiзуге тек қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілетті орган) форфейтинг операцияларын жүргiзуге лицензиясы болса ғана құқылы. 
      Форфейтинг операциясын жүргiзгенде банк сондай-ақ вексель сомасынан дисконт ұстап қалуға құқылы.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен. 

 2-тарау. Вексельдердi есеп жүргiзуге


қабылдау талаптары 

      7. Банк есеп жүргiзуге тек қана жарамды вексельдердi қабылдайды. 

      8. Вексель егер оның деректемелерi "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-9, 32, 74, 75-баптарына сай болса жарамды болып саналады. Вексель мәтiнiн тексеру тәртiбi осы Ереженiң 4-тарауында белгiленген.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен. 

      9. Банк қола, достық (қарама-қарсы) және қаржылық вексельдерге, сондай-ақ төлеушi немесе вексель берушi векселдер бойынша қабiлетi жоқ адамды көрсеткен вексельдерге есеп жүргiзуден бас тартуға мiндеттi. 

      10. <*>
      Ескерту: 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.  

      11. Операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеге банк вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдаудың мынадай талаптарын кiргiзуге құқылы: 


      1) вексель бойынша мiндеттi адамдардың санына талаптар, яғни вексельде өткiзiп беру жазуларының (индоссаменттердiң) белгiленген ең жоғары мөлшерiнiң болуы; 
      2) төлеушiге немесе вексель бойынша мiндеттi басқа адамға авальдiң болуы (авалистiң төлем қабiлетi); 
      3) аударма вексельдерi үшiн өтеудiң болуы; 
      4) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа талаптар.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен. 

      12. Егер банк вексельдiң мазмұнынан төлем орны, вексель бойынша мiндеттi адамдар туралы бiрыңғай қорытынды жасай алмаса немесе вексельдiң мәтiнiнде вексель бойынша құқықтарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн басқа ақаулар болса, банк вексельдi есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      13. Егер вексель бойынша төлем күнiне дейiн қалған мерзiм вексельдi төлем орнына жiберу (инкассация) үшiн қажеттi қолайлы мерзiмнен кем болса, банк вексельдi есеп жүргiзуге клиенттен қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      14. Сондай-ақ векселдегi индосаменттер қатарының үздiксiздiгi банктiң вексельдi есеп жүргiзуге қабылдауының шарты болып табылады.

      15. Банктiң форфейтинг операцияларын жүргiзуiнiң мiндеттi талаптары:
      1) төлеушiнiң және вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың төлем қабiлетiн тексеру;
      2) осындай тәсiлмен есепке алынған барлық вексельдердi осы Ереженiң нормаларына сәйкес қатаң жiктеу болып табылады.

 3-тарау. Вексельдердi есеп жүргiзуге


қабылдау тәртiбi

      16. Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы Банктiң шешiм қабылдауы үшiн клиент банкке мына құжаттарды:


      1) вексельдерге есеп жүргiзуге тапсырысты;
      2) вексельдiң түпнұсқасын (егер болса аллонжбен бiрге);
      3) вексельдiң нотариалды көшiрмесiн;
      4) егер вексель ұстаушы заңды тұлға болса, заңды тұлғаның лауазымды адамына сенiмхатты;
      5) авальдi, егер ол жеке актiмен берiлсе;
      6) алынып тасталды;
      7) банк белгiлеген басқа құжаттарды бередi.
      Егер есеп жүргiзу үшiн банкке вексельдiң көшiрмесi берiлсе, онда банк клиенттен немесе вексель бар адамнан құжаттың түпнұсқасын берудi талап етуге құқылы. Вексельдiң түпнұсқасы банкке берiлмеген жағдайда, банк вексельдiң көшiрмесiн есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуға құқылы. 
      Егер есеп жүргiзу үшiн банкке аударма вексельдiң акцептелмеген данасы берiлсе, онда банк клиенттен немесе аударма вексельдiң акцептелген данасы бар адамнан аударма вексельдiң акцептелген данасын берудi талап етуге құқылы. Аударма векселдiң акцептелген данасы банкке берiлмеген жағдайда, банк аударма вексельдiң акцептелмеген данасын қабылдаудан бас тартуға құқылы.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.  

      17. Банк құжаттарды қабылдағанға дейiн өзiне берiлетiн әр вексельдiң құралуының дұрыстығын, сондай-ақ вексельдегi индоссаменттердің жүйелі қатарының үздiксiздiгін тексеруге мiндеттi. 

      18. Құжаттарды қабылдағанда вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау туралы банк шешiм қабылдауы үшiн банктiң жауапты қызметкерi вексель түпнұсқасының, аллонждың (егер болса) және вексельдiң берiлген ксерокөшiрмесiнiң бiрдейлiгiн салыстырады, содан соң вексельдiң түпнұсқасын вексельдi есеп жүргiзуге ұсынған адамға қайтарады. 

      19. Банкте есеп жүргiзу туралы мәселесi шешiлiп жатқан вексель осы банкке сақтауға өткiзiлуi мүмкiн. 

      20. Банк вексель ұстаушыдан вексельдiң тауарлар сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету (қаржылық қызмет көрсетуді қоспағанда) шарттары негiзiнде берiлгенiн растайтын кез келген ақпаратты сұрауға құқылы.
      Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен. 

      21. Вексель мәтiнiн және осы Ережеде көзделген басқа iс-жосықтың сақталуын тексергеннен кейiн банк вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау туралы шешiм қабылдайды. Аталған шешiмдi вексельде көрсетiлген сомаға банктiң кредит беруге өкiлеттi тиiстi органы қабылдайды. 

      22. Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау немесе одан бас тарту туралы банк шешiм қабылдауға мiндеттi мерзiмдi банк операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеде белгiлейдi. Аталған мерзiм осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн берген күннен бастап он банктiк күннен аспауы керек.

      23. Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы банктiң уәкiлеттi органы шешiм қабылдағаннан кейiн банк қабылданған шешiм туралы жазбаша хабарламаны клиентке банк аталған шешiмдi қабылдағаннан кейiн келесi күннен кешiктiрмей беруге (жiберуге) мiндеттi.

      24. Вексельдi банктiң меншiгiне берудi индоссамент оның пайдасына ресiмдейдi.

      25. Форфейтингтi банкке индоссамент клиенттiң қосатын "маған айналымсыз" деген ескертуiмен ресiмдейдi.

 4-тарау. Вексель мәтiнiн және вексель бойынша мiндеттi
адамдардың төлем қабiлетiн тексеру

      26. Банк деректемелерi заң талабына сай вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдайды. Егер вексельде осы Ереженiң 27, 31-тармақтарында көрсетілген деректемелер болмаса, банк оны есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуға мiндеттi.

      27. Есеп жүргiзуге ұсынылған аударма вексельдiң мәтiнiнде осы Ереженiң 28-30-тармақтарында көзделгеннен басқа жағдайларда мына деректемелер:
      1) құжаттың тура сол мәтiнiне кiргiзiлген және осы құжат құралған тiлде жазылған "вексель" деген атау;
      2) белгiленген ақша сомасын төлеуге ештеңемен шартталмаған бұйрық;
      3) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;
      4) төлем мерзiмiн көрсету;
      5) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;
      6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс адамның аталуы;
      7) вексельдiң құралу күнiн немесе орнын көрсету;
      8) вексель беретiн адамның (вексель берушiнiң) қолы болуы тиiс.

      28. Егер аударма вексельде төлем мерзiмi көрсетiлмесе, онда төлем мерзiмi талап ету бойынша көрсетiлген болып саналады.

      29. Ерекше нұсқау болмаса, төлеушiнiң атауымен қатар жазылған орын төлем орны және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрағы немесе мекен-жайы болып саналады.

      30. Егер аударма вексельде оны құрау орны көрсетiлмесе, онда ол вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған болып мойындалады.

      31. Есеп жүргiзуде ұсынылатын жай вексельдiң мәтiнiнде осы Ереженiң 32-34- тармақтарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мына деректемелер:
      1) құжаттың тура сол мәтiнiне кiргiзiлген және осы құжат құралған тiлде жазылған "вексель" деген атау;
      2) белгіленген ақша сомасын төлеуге ештеңемен шартталмаған уәде;
      3) төлем мерзiмiн көрсету;
      4) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;
      5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс адамның аталуы;
      6) вексельдiң құралу күнiн немесе орнын көрсету;
      7) вексель беретiн адамның (вексель берушiнiң) қолы болуы тиiс.

      32. Егер жай вексельде төлем мерзiмi көрсетiлмесе, онда вексель ұсыну бойынша мерзiммен берiлген болып саналады.

      33. Ерекше нұсқау болмаса, төлеушiнiң атауымен қатар жазылған орын төлем және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрағы немесе мекен-жайы болып саналады. 

      34. Егер жай вексельде оны құрау орны көрсетiлмесе, онда ол вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған болып қаралады. 

      35. Банк вексель берушiнiң, төлеушiнiң және вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың бар екенiн тексеруге мiндеттi, бiрақ индоссанттар қолдарының растығын тексеруге мiндеттi емес. 

      36. Егер аударма вексель бойынша төлеушi немесе жай вексель бойынша вексель берушi ойдан шығарылған адамдар болса, онда банк мұндай вексельдiң ұсынылуы туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға мiндеттi. Мұндай вексельдi бiле тұра есеп жүргiзуге қабылдаған банк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген бойынша жауап бередi. 

      37. Вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың вексельдегi қолдары жалған қойылуы құжатты вексельдiк күшiнен айырмайды. 

      38. Егер вексель бойынша төлем мерзiмi өтiп кетсе, банк вексельдерге есеп жүргiзуден бас тартуға мiндеттi. 


      Егер төлем мерзiмi ұсыну бойынша көрсетiлген вексельдiң құралу сәтiнен бiр жыл өтсе, сондай-ақ егер вексельдiң өзiнде оны төлемге ұсыну үшiн одан ұзақ мерзiм көрсетiлгеннен басқа жағдайда, банк вексельдi есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуы тиiс. Бұл жағдайда банк өзiнiң бас тартуын төлем мерзiмiнiң өтiп кетуiмен дәлелдеуi тиiс. 

      39. Клиенттен құжаттарды алғаннан кейiн және вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы шешiм қабылдағанға дейiн банк клиенттiң және төлеушiнiң төлеу қабiлетiн талдауға, сондаи-ақ банк көрсетiлген адамдардың вексель бойынша өз мiндеттемелерiн өтеуге қабiлетсiздiгiне әкелуi мүмкiн факторларды зерттеуге құқылы.

      40. Банк вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың төлеу қабiлеттiлiгiн тексеруге құқылы.

 5-тарау. Есеп жүргiзуге қабылданған вексельдердi


тiркеу және сақтау тәртiбi

      41. Есеп жүргiзуге қабылданған әрбiр вексель бойынша банк есеп жүргiзуге қабылданған вексельдерге қатысты барлық құжаттар тiгiлетiн жеке "вексельдiк жеке iс қағаз" ашады.

      42. Есеп жүргiзуге қабылданған вексельдер банкте қатаң есеп құжаттары ретiнде сақталуы тиiс.

      43. Вексельдердi төлемге немесе вексель бойынша төлем алуға уақтылы ұсыну үшiн банк мына белгiлер бойынша:


      1) клиент (атауы және қажеттi деректемелерi);
      2) вексель бойынша төлем мерзiмдерi;
      3) вексель бойынша төлем орны;
      4) төлеушi (атауы және қажеттi деректемелерi);
      5) басқа белгiлерi бойынша вексельдерге қосымша тiркеу жүргiзе алады.

      44. Банк активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібі мен талаптарын реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес эмитенттердің кластық деңгейі бойынша есепке алынатын барлық вексельдерді жіктейді, сондай-ақ есепке алынатын вексельдер бойынша провизиялар қалыптастырады.


      Ескерту: 44-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен. 

      45-46. <*>


      Ескерту: 45-46-тармақтар алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен. 

 6-тарау. Өзiнiң портфелiндегi вексельдермен банк


жүргiзетiн операциялар

      47. Банк есепке қабылданған және өзiнiң порфелiндегi вексельдермен мына операцияларды:


      1) төлем мерзiмi басталғанда вексель бойынша алуды;
      2) вексельді индоссамент жасауды;
      3) вексельді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қайта есеп жүргізу үшін беруді жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту: 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен. 

      48. Банк алынған вексельді банктің жасауы үшін рұқсат етілген ғана мәмілелер бойынша банк заңдарына сәйкес әрі қарай индоссамент жасай алады.

      49. Төлемді уақытылы алу жөніндегі шараларды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескеріп дербес жүзеге асырылады.
      Ескерту: 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.

      50. Вексельдерге Ұлттық Банкте қайта есеп жүргізу тәртібі Қазақстан Республиасының нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      51. Валюталық операциялар жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар есеп жүргізу кеңселері (банктер) римессаны тек қана одан әрі шетел кредиторына берешекті өтеуге беру үшін пайдалана алады.
      Ескерту: 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.

      52. Банк есеп жүргізуге қабылданған векселдерден заңмен белгіленген талаптарға сәйкес көшірмелер алуға құқылы.     

 7-тарау. Қорытынды ережелер

      53. Банк осы Ереженің талаптарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапкершілік атқарады.


      Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
      Ескерту: 53-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.

      54-55. <*>


      Ескерту: 54-55-тармақтар алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.      

      Төраға


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет