«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы»



бет1/13
Дата14.07.2016
өлшемі0.9 Mb.
#198167
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ПОӘК 042-18-20.1.22/03-2014

№ 1 баспа

беттің -беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.22/03-2014

«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1басылым 11.09.2014 ж





«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы»

пәні бойынша «5В030100 – «Құқықтану» мамандығына арналған



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ

2014


Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Курстық жұмыс

  5. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий

Билогиялық ресурстар-генетикалық ресурстар, оргнаизмдер немесе олардың бөліктері, популяциялық немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқада биотикалық компоненттер.

Гентикалық түрлендірілген организмдер-өсімін молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістерін қолдана отырып алынған және құрыамында гендік-инженерлік материал бар организмдер

Инертті қалдықтар- елеулі физикалық , химиялық немесе биолгиялық өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар

Коммуналдық қалдықтар- елді мекендерде,оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары

Қауіпті қалдықтар- құрамында қауіпті қасиеттері бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қошаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар

Қоршаған орта-атмосфералық ауаны, ЖЕрдің озон қабатын жер бетіндегі және жер астындағы суларды жерді , жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниеісн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды обьектілердің жиынтығы

Қоршаған ортаны қорғау-қоршаған ортаны сақтау менн қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметттің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.

Қоршаған ортаның сапасы-қоршаған ортаның құрамы мен қасиетерінің сипатамасы

Радиоактивтік қалдықтар-мөлшері мен шоғырлануы ҚР ның атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген радиоктивтік заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын радиоктивтік заттары бар қалдықтар

Су обьектілер-құрылқ бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекараары, көлемі мен су режимі бар сулар

Сұйық қалдықтар-сарықынды суларды қоспағанада, сұйық түрдегі кез келген қалдықтар

Табиғат пайдаланушылар-табиғи ресурстарды пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.

Табиғи обьектілер-шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи обьектілер

Экологиялық ағарту ісі- қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи ресурстарының жай-күйі, экологиялық қауіпсіздіктік туралы ақпарат тарату.

Экологиялық аудит-аудиттеленетін субьектілердің шаруашлылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтуа мен бағалау және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру

Экологиялық менеджмент- қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылыиын, жоспарлауды, жауапкершілікті ,әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды.

Экологиялық мониторинг- қоршаған ортаның жай күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау.

Экологиялық рұқсат- жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландырутын құжат.

Экологиялық сараптама- көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізу мүмкін қолайсыз әсерлерінің және слармен байланысты әлеуметттік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама обьектісін іске қосуға жол берлуін айқындау.

Экологиялық таза өнім белгісі- таңбаланған өнімнің экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі

Экологиялық талаптар- осы Кодексте,Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған отаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және оларға тыйым салу


2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

Тақырып 1.Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының мәні

  2. Экологиялық құқықтың әдісі

  3. Экологиялық құқытың принциптері

  4. Экологиялық құқық ұғымы

1.Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқығының мәнін анықтаудан басталады.Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипаттталатын және адам қызметінің белгілі бір саласын реттуге бағытталған.Осы мойындау; экологиялық құқықтың мәні адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субьектілетінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.

Ресей оқулықтарында экологиялық құқық ұғымына мынандай сипатама берген: «Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.. олар тұтастай алғанда табиғи обьектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды», «экологиялық құқықтың мәні–бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыдан қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи обьектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы».

Экологиялық қатынастар-бұл обьектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастар. Яғни, барлық табиғи кешенге қатынастар жатады; жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа қатынастары, сонымен қатар табиғи орта болып табылатын қатынастар, қорықтар, экологиялық апат аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан ерекше айқын көрінеді.

Алайда бұл орайда мынаны ескеру керек; «жер, жер қойнауы, су, ормандар, жануарлар әлемі, ауа» ұғымы мен «табиғи ресурс» ұғымдарында айырмашылықтар бар. Әрбір су экологиялық қатынастардың обьектісі бола бермейді, «орман» экологиялық құқықпен де реттеле бермейді, жануарлар әлемінің өкілі ретінде «қасқыр немесе аю» экологиялық заңмен қорғала бермейді. Мұның бәрі, егер аталған обьектілер табиғат ресурстары болып, мына белгілерге сай келген жағдайда ғана мүмкін болады;

А) шығу тегінің табиғи сипаты, табиғат ресурсы жаснды жолмен алынбауға тиіс, ол табиғат туындысынң нәтижесі болып табылады.

Б) ол қоршаған табиғатпен табиғи байланыста болып, онда белгілі бір экологиялық қызмет атқаруға тиіс.Егер белгілі бір қоғамдық қатынаста табиғат обьектісі табиғи ортадан алынатын болса, онда ол экологиялық құқықтың обьектісі болудан қалады. Ол мүліктік қатынастың обьектісі, яғни азаматттық құқықтың обьектісі болуға, тауар болуға тиіс.Табиғаттан алынған оған адам еңбегі жұмсалады және ол «бағалану» қасиетіне ие мекеннің ауыз су жүйесіндегі «су» (крандағы су) өзінің физикалық қасиеттері жағынан біртекті өнім болып табылады, бірақ әр алуан заңдармен реттелетін болады. «Өзендегі су –бұл табиғи ресурс, оны пайдалану мен қорғау экологиялық қатынастардың обьектісі». «Крандағы су» - бұл обьект табиғи ортадан алынған және бұл қоғамдық қатынастар санитариялық–гигиеналық және коммуналдық заңнамен реттелетін болады.Сөйтіп, мынандай қортынды жасаймыз, экологиялық қатынастарға обьектісі табиғат пен табиғат ресурстары болатын, белгілі бір өлшемдерге сай келетін қоғамдық қатынастарды жатқызуға болады.

Экологиялық құқық қатынастарынң азаматтық, салық және т.т арақатынасы туралы мәселені мына тұрғыда қарастырған жөн. Экологиялық құқықтың мәні белгілі бір экологиялық құқық қатынастарының тобы,оларға табиғат пен табиғат ресурстары болып табылатын обьектілер жатады.

2.Экологиялық құқықтың әдісі

Экологиялық құқықтың келесідей әдістері болуы мүмкін. Құқық теориясынан мына жайт та белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері,осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады.Экологиялық құқық жуықта ғана ғана дербес сала ретінде танылуымен байланысты оның әдістерін анықтау тұрғысынан әліде болса бірегей пікір болмай отыр. Қазір әдіс ретінде қөзқарастар арасында әдіс ретінде ұсынымдар мен міндетті нұсқамалар әдісі деп аталатыны да белгілі, басқа бір қөзқараста –экологиялық құқықта дербес әдістің болуын жалпы теріске шығарады, үшінші көзқараста-экологиялық қатынастарды реттеу үшін осы заманғы құқықтың белгілі әдістерінің бәрі тартылады делінген.

Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуге тиіс.Әдістің ерекшелілігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алуымен анықталады.Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдалану-саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процестерін ортақ мақсатқа-адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастауі алады.Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр: экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер,су,тау және т.б) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады.Алайда экологиялық құқық әдісі-бұл неғұрлым күрделі құбылыс.Біздің көзқарасымызда, экологиялық қатынастарды реттеу осы заманғы заң ғылымында белгілі көптеген әдістер, құқықтық тәсілдер қатысады.Солардың экологияландыру әдісі «орталық» орын алады. Оның мазмұнынан экологиялық құқық қатныстарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген ресурстарын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс. Пайдалану қазындыларды өндіру, өнеркәсіп обьектілерін салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш обьектілерін пайдалаған кезде және т.б кезінде барлық жеерде экологияландыру әдісі қолднылады.

«Басты» мәртебесі бар осы әдістен басқа экологиялық қатынастарды реттеуде азаматтық құқық әдісі-тараптардың теңдігі әдісі қатысады. Бұл,әдіс егерэкологиялық құқық қатынастарның мұны азаматтық құқықтық мәмілелер,залалдың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда қолданылады.Бұл қатынастардыңсубьектіліері,әдетте, бірдей жағдайда болады,бірі-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады.Олардытек шарт қана байланыстырады (мысалы,жер учаскесін жалғаалу, шарттың талаптарын сақтамаған жағдайда дау тек сот тәртібінде ғана шешілуі мүмкін).

Келесі әдіс ҚР–ның аумағында табиғат ресуртарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырыалады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқталуына ықпал етеді.Биліктің ықпал етунің әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктермен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілетінтабиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезіндіе қолданылады.

Мәжбүрлеу әдісін кінәлі адамды жауапкершіліке тарту жөнінідегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпалын ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, өйткні кінәлі адам мемлекет белглеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады.

Экологиялық құқықта келесі әдістің пайда болуы республикада нарықтық қатынастардың қалыптасуымен, басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдіске көшуімен байланысты болады.Осы әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғатты ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі.Осы әдістің негізінде табиғат қорғау шараларын материалдық ынталандыру жөніндегі құқық қатиынастары қалыптастырылады, ал бұл кең ауықмды кешенді іс- экологиялық жағынан таза өндірістерді ұйымдастыруға кредит беру, жеңілдікті жәрдем ақшалар, экологиялық банктерді құру.Экономикалық әдіс қаржы құқығына жатады және экологиялық құқық үшін алып пайдалану әдісі болып табылады.

Экологиялық қатынастарды ретеудің халықаралық құқықтық әдіс қажет әдіс, өйткені экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады.



3.Экологиялық құқықтың принциптері

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі.Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқықығында құқықтың әрбір саласы үшін құқықтық принциптердің өз жүйеснің болуы сипатты болады. Бұл Қазақстанның жалпы құқықтық принциптерінің қолданылуын теріске шығармайды,бұл принциптер республика Конституциясында баянды етілген-бұл ізгілікшілдік құқықтық мемлекеттің, халық билігінің, заңдылықтың жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б принциптері.Ал бізідің зерделеуіміздің мәні экологиялық құқықтың айырықша принциптері болып табылады..

ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 3-бабында былай делінген: қоршаған ортаны қоргау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асыралады:


  • адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демаласы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

  • ҚР ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрапақтарынң салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтіе экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіруге отырып шешу

  • Экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялыққауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

  • Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдалағаны үшін кезең кезеңмен ақы төлеуді енгізу жәнеқоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынанын ыталандыру енгізу;

  • Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық,ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызыз бар қоршаған орта обьектілерін сақтауды қамтамасыз ету:

  • Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекетті реттеу мен мемлекеттік бақылау,оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

  • Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

  • Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін өзі басқару органдарынң қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы:

  • Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

4.Экологиялық құқық ұғымы.

Экологиялық құқықта құқық саласы дербес деп танылуы үшін қажетті белгілері болады-экологиялық принциптердің өз мәні, өзінің әдістері, жүйесі болады.Бұдан басқа, бүгінгі кезде экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада: дербес сала ретінде ол біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ оны дамыту үшін алғы шарттар бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын.

Экологниялық құқық жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді.Жалпы бөлімнің зерттейтін және реттейтін нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады, олардың обьектісі ретінде бүкіл табиғаттың сапалық жай-күйі, мемлекеттің бүкіл табиғатқа меншік құқығы қатысады.Тиісінше жалпы бөлімнің құқықтық институттары арасында мыналарды бөліп көрсеткеен жөн:

Жалпы бөлім:


  1. экологиялық құқық ұғымы

  2. экологиялық құқық көздері

  3. меншік құқығы және табиғат пен ресурстарына өзге де мүліктік құқықтар

  4. экология саласында басқарудың мемлекеттік-құқықтық тетігі

  5. экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік

Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі табиғаттың жекелеген обьектілері бойынша дербес салалардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ ерекше бөлімге біз «ерекше қорғалатын табиғи аумақтары», «экологиялық апат аймақтарын» және «өндірістік және өзге де шаруашылық қызметіне экологиялық талаптарды» жатқызамыз.

Ерекше бөлім:

  1. жер құқығы

  2. су құқығы

  3. тау құқығы

  4. орман құқығы

  5. фауналық құқық

  6. атмосфералық ауа құқығы

  7. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

  8. экологиялық шаруашылық қызметі

Сондай -ақ арнаулы бөлімді көрсеткен жөн, табиғатты халықаралық қорғау мәселелері

Арнайы бөлім

  1. Халықаралық экологиялық құқық

  2. Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастығы

Өзін -өз і бақылау сұрақтары.

1.Экологиялық құқық ұғымы, түсінгі және мәні

2.Экологиялық құқық терминдер

3.Экологиялық құқық саласы ретінде ерекшелігі

4.Басқа құқықтың саларымен ара-қатынасы

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993

2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995

3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005

4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім

5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім

6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995

Тақырып 2. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері

Жоспар:


1.Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері ұғымы, шығу

2.Экологиялық кодекстер мен заңдар

3.Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативік актілер

1.Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері ұғымы, шығуы

Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнамасының даму тарихы бірнеше кезеңнен өтеді.Біздің білетініміздей, жер қатынастары Қазақстанда бұдан көп бұрын,оның Ресей империясының құрамына енуі кезеңінде-ақ дамыған болатын.1917 жылдан кейін Қазақстан аумағында Ресей Федерацйиясының, Түркістан Автономиялық социалистік республикасының жер –құқық нормалары қолданылады.

Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірнеше кезеңі 1922-1957 жылдарының аралығында (1922-1957 ж.ж) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР аумағында табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданды. Бұл актілердің күші жер құқығы шегінде жүзеге асырылды, бірақ бұл кезеңнің айырықша ерекшелігі жер заңнамасының жүйелігінің және оны қисындауының болмауы дер едік.Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселелері реттелмейді, күн тәртібіне қойылмайды. Су, орман, тау кен заңнамалары заңның дербес салары ретінде бөліп көрсетілмеді.

Екінші кезең 1958-1981 жылдары аралығындап (1958-1981 ж.ж) басталды. Бұл кезең экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді қиысындау процестерімен сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңде: 1971 жылы–Жер қойнауы туралы Кодекс, 1978 жылы–Орман Кодексі, 1981 жылы «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», «атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңдары қабылданды.

Экологиялық саласында заңнаманың алты дербес саласының болғаны танылады: олар – жер, су, тау-кен, орман, фауналық, атмосфералық-ауа заң салалары. Алайда осы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар бір-бірінен бөлек қарастырылады, құқықтық реттеудің кешенді әдісі болмады. Бұл 1962 жылы қабылданған «Табиғаты қорғау туралы» Заңның ерекше айқын көрінеді.Ол 20 баптан тұрады, олардың мазмұны мейлінше ресми сипатқа ие болды, мемлекеттік басқару тетігі, жауапкершілік тетігі, табиғи ресурстарды пайдалануға ақы төленетіндігі көзделмеген.Табиғат ресурстары кодекстерінің құқықтық миазмұны шаруашылық жүргізудің социалистік әдістеріне негізделген, мұнын өзі әкімшілік әдістерінің экономикалық әдістерден артықшылығын білдіретінеді.

Үшінші кезеңде (1982-1995ж.ж) бұрынғы Кеңестер Одағының күйреуі мен Қазақстан Республикасының егемендік және тәуелсіздік алу процесі болды.Жана мемлекет нарықтық қатынастарға көше бастады, жаңа экономикаылық институттар қалыптасты «ақылы қызмет», «табиғат ресурстарын пайдаланудың шарттық талаптары» ұғымы енгізілді.Қазақстанда банк қызметін жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы қызметін реттейтін заңнаманың бүтіндей жаңа салалары жедел әзірленіп қабылданыды.Табиғат ресурстарына мүліктік құқықтарды реттеу саласында өзгерістер

болды, бұл жер құқығы қатынастары саласынан ерекше айқын аңғарылудаЭкологиялық құқықтың дамытудың төртінші кезеңі 1995 жылғы 30 тамыздан басталады және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келеді.Бұл Қазақстанда нарықтық экономиканы реттейтін заң толық қалыптасқан кезең болды, тәжірбиеге «жерге жеке меншік» институты ензілді, өнеркәсіптің негізгі салаларында жекешелендіру процесі аяқталды. Мемлекеттің экологиялық тәжірибиесіне жаңа экономикаылқ әдістер барған сайын жедел енгізілді, бұл заңда баянды етілді. Осы кезде мынандай маңызды нормативтік актілер- Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жер туралы», «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» «Жарлықтары», қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «экологиялық сараптама туралы», «Заңдар қабылданды». Жер, Орман, Су кодекстері, «Атмосфералық ауаны қорғау туралы»,Заң жаңа редакциясында қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы-экологиялық құқықтық негізгі қайнар көзі

1995 жылығ 30 тамызда республикаылқ референдумда қабылданған ҚР конституциясы экологиялық құқықтың негізгі көзі болып табылады, өйткені ол табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттің реттеуді жалпы құқықтық негіздерін баянды етеді. Бұдан кейінгі барлық заңдар мен заңға тәуелді актілер Конституциясының баптарын орындау үшін, Конституцияда айтылған принциптер негізінде қабылданады.Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады:

1) ұйымдық –басқару

2) экономикалық

3) әлеуметтік нормалар

Ұйымдық –басқару нормаларына қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындап оның органдары, лауазымды адамдар арқылы мемлекеттің қызметі мен құзіретін баянды етеін конституцияның нормаларын жатқызған жөн.т.б

Конституциясының жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31-бапта былай делінген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды».

44-бап Президенттің республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітуі құқығын баянды етеді

Экономикалық нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғат ресурстар мемлекет меншігінде болады». Жер, су сондай-ак заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».

Конституцияның әлеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген:«Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет