Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі «Экономикалық зертеулер институты»



жүктеу 26.92 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі26.92 Kb.
Қазақстан Республикасының Экономика және

бюджетті жоспарлау министрлігі

«Экономикалық зертеулер институты» АҚ
Баспасөз хабарламасы
Менеджментті дамыту халықаралық институтының

Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығының ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингісі
Менеджментті дамыту халықаралық институтының Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы (IMD, Швейцария, Лозанна) әлемнің бәсекеге қабілетті 57 елінің «Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жылнамасы – 2009» салыстырылмалы нәтижелерін жариялады. Елдердің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін зерттеудегі ең беделді, әрі танымал рейтингке Қазақстан Республикасы осымен екінші рет қатысып отыр.

2009 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы 36-шы орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда 3 позицияға көтерілді. Биылғы рейтинг бойынша Қазақстан Түркияны (47-шы орын), Бразилияны (40-шы орын), Мексиканы (51-ші орын) және тағы басқа елдерді басып озды. ТМД елдерінің ішінен Қазақстанмен бірге бұл рейтингке Ресей мен Украина қатысты. Қазақстан жетекші орынды иеленіп, Ресейді (49-шы орын) 13 тармақта, Украинаны (56-шы орын) 20 тармақта озып шықты.

2008 жылы IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы 56 неғұрлым бәсекеге қабілетті елдермен салыстырылған арнайы есеп беру әзірледі. 2008 жылы Қазақстан 39-шы орынды иеленген болатын.

Жылнама 329 көрсеткіштен тұрады. Оның 2/3 статистикалық деректерге және 1/3 сауалнамаға негізделген. Бұл көрсеткіштер бәсекеге қабілеттіліктің төрт факторына топтастырылған: «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнес тиімділігі», «Инфрақұрылым».




Бәсекеге қабілеттілік

факторы


2008 жылдағы Қазақстанның рейтингі

2009 жылдағы Қазақстанның рейтингі

Экономикалық қызмет

50

44

Үкіметтің тиімділігі

24

21

Бизнес тиімділігі

31

34

Инфрақұрылым

46

44

Экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша бірлескен әрекеттердің жоспарын уақтылы қабылдаудың және дұрыс таңдалған саяси жолдың нәтижесінде экономикалық қызмет көрсеткіштері – 3 айқындамаға, Үкіметтің тиімділігі – 3 айқындамаға және инфрақұрылым жағдайы 2 айқындамаға жақсарды.

2009 жылы шыққан «Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жылнамасында» ғаламдық дағдарыс жағдайында елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін Қазақстанның алдында тұрған 5 негізгі міндет көрсетілген:

1. Экономиканың нақты секторын қажетті мөлшерде несиелеу арқылы қолдау үшін қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2. Қолданыстағы перспективалық инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мен іске асыру.

3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты диверсификациялау.

4. Әкімшілік қолсұғушылықты төмендету мен қаржылық көмек көрсету арқылы шағын және орта бизнесті қолдау.

5. Аймақтық жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кадрларды қайта даярлау.



Рейтингтің қорытындысымен толығырақ 2009 жылдың Менеджментті дамыту Халықаралық институтының ресми сайтында www.imd.ch/wcy09 танысуға болады.
Қазақстан Республикасының экономика және

бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет