Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі



бет4/4
Дата11.06.2016
өлшемі339 Kb.
#128334
1   2   3   4

Теориялық бөлім

Өндірісті тексеру, технологиялық процестерді, құрал-жабдықтарды, шикізаттарды, оларды тасымалдау мен өндеу жұмыстарынан басталады. Осы кезеңнің өзінде-ақ шаң-тозандардың химиялық құрамын байқауға болады. Бірақ шикі-заттар әртүрлі өңдеу сатысына түскенде одан пайда болатын шаңдар да өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда, гигиеналық көзқарас бойынша анықтауға тура келеді. Мысалы, тозаңдағы кремний қос тотығының (Si O2) ауадағы тозаңмен қосындысының құрамдарын анықтау.

Шикі затты технологиялық өңдеу кезінде ол қандай термомеханикалық, не басқа жолдармен өнделеді, осындай өндеу кезінде ауаға қандай азрозолдар тарайды, оның бәріне назар аударып, анықтап отыру керек. Сонымен қатар, технологиялық өндеу үзіліссіз бе, жоқ әлде үзіліспен бе, оған қосымша қолмен атқарылатын жұмыс бар ма? Бар болса оның адамға әсері қандай, бұғанды көңіл аудару керек. Тағы да, ауаға шаң толассыз тарап тұрама, жоқ әлде белгілі бір технологиялық процесстердің, не зерттеу үшін шөкім (проба) алу кезінде тарайма, не жұмысшылардың кезек алмасу кездерінде ауа тозаңданама, міне осының бәрі есепке алынады.

Адамдарының жұмыс істеу зонасындағы (деңгейіндегі) шандарды анықтау үшін, жұмысқа жақын манайдағы ауадан 1,6 м биіктіктегі деңгейден, ауаның пробасын алады. Шанның ауадағы тарау шамасын байқау үшін, пробаны әртүрлі бейтарап көністіктерден де (жұмыс орынынан 1-3-5 м шамасындағы көңістіктерден әрлі-берлі өтіп жатқан прохоттардан да алады. Проба алған кезде міндетті түрде сол орындағы ауаның температурасын, атқарылып жатқан жұмыстың қимылын, түрін, проба алу мезгілі қай уақытта болады, қанша уақытқа созылды, қандай жылдамдықпен ауа сорғызылды, бәрін жазып алу қажет.

Шаңды зерттеп анықтаған кезде бір м3 ауада қанша мг шаң-тозан барын анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаң барын анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаңды анықтаудың екі тәсілі белгілі. Біріншісі, шаңды алдын ала сүзгімен ұстап, жинау, одан кейін аналетикалық таразыға салып өлшеу яғни 1м3 ауадағы тозаңнын салмақ мөлшерін анықтау (мг/м3). Бұл тәсілді орысша весовой деп атайды, яғни, салмақ мөлшерімен.

Екінші тәсіл – оптикалық әдіс, яғни шаңды алдын ала сүзгіге жинамай-ақ арнаулы оптикалық құралмен 1м3 ауадағы тозаңнын санын есептеп шығару.

Біздің елімізде ең кең тараған әдіс – салмақ әдісі (фильтрация). Осы тәсілмен жұмыс орындарындағы ауаның шаң-тозаңын анықтаса жеткілікті.

Салмақтық тәсілінін орындалу жолы

Әдіс негізінен ауаны аспиратор құралының көмегімен сүзгі арқылы сорғытып, ауадағы тозанды сүзгіде ұстауға негізделген. Сүзгіні ауа сорғызғанға дейін және одан соң аналитикалық таразыға салып, тартып, өлшеп, айырмасын, яғни шаңның салмағын тауып, оны бір м3 ауада қанша болатынын арнайы формула арқылы есептеп шығарады да, санитарлық нормамен салыстырып, тиісті қорытынды шығарады.


Керекті құралдар, материалдар, ауа сорғызу техникасы.
Бұл үшін арнаулы АФА деп аталатын сүзгі пайдаланылады (АФА-аспирационный фильтр аэрозоли деген сөз). Ол жасанды пархлорвинильді талшықтан жасалған. Бұл фильтр- сүзгі арқылы ауаны минутына 100 м3 дейінгі көлемде сорғытуға болады және ол тозандардың химиялық ыдыратқыш, бүлдіргіш әсерлеріне де төзімді. Дайындық жұмысы лабораториялық жағдайда, сүзгіні таразыға өлшеуден басталады, бұдан кейін журналға сүзгінің салдағын, рет санын жазады.

Жүргізілетін сарап жұмысының шамасына қарай сүзгілердін біраз артық қорын дайындайды. Бұдан сон өндіріс орындарына барып, проба алу алдында арнаулы воронка тәрізді аллонжы деп аталатын түтік-құралға орналастырып, онын бір жағын резенке түтікшеге қосады, резенке түтікшенің екінші жағы электрлік аспираторға жалғанады.

Аспираторды тоққа қосқанда белгілі көлемдік жылдамдықпен ауа сору басталады. Егер ауа сораптау орталығында тоқ көзі жоқ болған жағдайда (мысалы, шахталарда, немесе жарылу қаупы бар кеністіктерде) электроты аспиратор яғни, механикалық құрал- ауа сорғыш пайдаланылады (АЭРА). Ауадан проба алу аяқталған соң, аспираторды тоқтан ажыратып, өлшенген уақытты есепке алып, сүзгіні аллонждан бөліп алып, лабораторияға әкеледі де, қайтадан өлшеп, соңғы салмақтан бұрынғы салмақты алып тастайды, табылған санды алып бұл зерттелген белгілі көлемдегі ауадағы таза салмағы болып табылады.

Шаннын ауадағы концентрациясын (мг/м3) табу және оны бағалап қорытындылау жолы.

Бұл үшін мына формулаларды пайдалану керек:
;

бұдан,


Р2 – сүзгінің сорғытудан кейінгі салмағы

Р1 – сүзгінің соруға дейінгі салмағы,

V0 – сорғытылған ауаның қалыпты жағдайдағы келтірілген (760 мм сынап бағынасы, О0С) түрі мына формула бойынша табылады:
V0
бұдан,
Vt = сорғытылған ауаның көлемі,

273 = абсолюттік температура,

t0 = проба алған кездегі ауаның температурасы.

7 кесте

Жүргізілген жұмысты сораптау үшін мына кестеге түсіру керек


Проба алынған ортаға дейінгі

Ауа сорғызға дейінгі сүзгінің салмағы мг,

Ауа сорған кей-гі сүзгінің салмағы (мг)

Ауанын температурасы

Сорған уаның көлемі (л)

Санитарлық норма



















Мысал: Ауа сорғызғанға дейінгі сүзгінін салмағы 400 мг, сорғызғаннан кейін 420 мг. 200 л сорғызылған ауа, осы кездегі температура – 270 С: Ауаны қалыпты жағдайға келтіреміз:
V0 =

Немесе, 0,182 м3. Енді шанның концентрациясын табныз:


G =
Табылған шаңның 1 м3 ауадағы концентра 110 мг. Енді осыны ен жоғары мүмкіндікпен салыстырсақ (НДК-мен) мына төмендегідей болып шығады.

Мысалы, зерттеу жұмысын көмір өндіретін шахтада жүргіздік делік, сонда, тозандағы кромнийдін қос тотығы ( SiO2) % төмен болған жағдайда, шаңнын ауадағы ен жоғары мүмкіндіктері концентрациясы (ПДК) 10 мг/м3 болады. Сондықтан, біздің мысалымыз бойынша, көмір шахтасындағы шаң-тозан шахтанын 1 м3 ауасындағы концентрациясы 110 мг болып отыр. Бұл санитарлық мөлшерден (нормадан) 11 есе артып тұр деген сөз.


Бақылау сұрақтар


1.Ет және сүт өңдеу өнеркәсібі орындарындағы шаң-тозаңдардын түрлері?

2.Әрбір жұмыс орындары мен цехтарындағы тозаңдану сипаттары қандай?

3.Шаң-тозаннын адам ағзасына өндіріс орталықтары мен атмосфераға ететін әсері қандай?

4.Шаң-тозанды анықтау тәсілдері?



5.Шаң-тозанды анықтау үшін қандай құрал-жабдықтар, материалдар қажет?
Қолданылған әдебиет:


  1. Золотницкий Н.Д. және басқалар «Лабораторный практикум по охране труда», высш.шк, М. 1979 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет