Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және



бет4/4
Дата03.01.2022
өлшемі28.51 Kb.
#451466
1   2   3   4
Қызмет көрсетудегі маркетинг және оны жіктеу

4. Бейкоммерциялық маркетинг

Кейбір экономист-маркетологтар маркетинг принциптерін коммерциядан тыс салаларда қолдану мүмкіндіктерін мойындамайды. 1969 жылы белгілі маркетолог ғалымдар Ф.Котлер, С.Леви қызмет көрсету маркетингісі тіс шаятын паста, сабын, болат, т.б. тауарларын сатудан артық қоғамдық әрекет деді. Депутаттарды сайлау кезіндегі саяси науқан маркетинг қызметін қажет ететіндігін дәлелдейді.



Бейкоммерциялық маркетинг – нысаналы аудиторияның қарым-қатынасын мен позициясын құру, қалыптастыру немесе өзгерту үшін қолданатын әрекет. Ұйымдар өздерін, өздерінің қызметтерін, идеяларын, пікірлерін көпшілік қоғамға немесе рыноктың белгілі сегментіне “сату” үшін маркетингпен айналысады. Белгілі болғандай алайда қаржысыз ешқандай қоғамдық әрекет ұзаққа созылмайды. Ал қаржыны тек айырбас арқылы табуға болатыны айқын. Демек айырбас болу үшін қызметтің ақшалай құндылығы болуы тиіс. Бұл құбылыс бейкоммерциялық маркетингте де заңды орын алады.

Бейкоммерциялық ұйымдарға қоғамда маңызды роль атқаратын неше түрлі институционалды мекемелер жатады. Біріншіден, оның қатарына халықаралық, ұлттық қоғамдық ұйымдар жатады. Бейкоммерциялық ұйымдарға қоғамның маңызды қажеттерін қамтамасыз ететін мемлекеттік, аймақтық және муниципалды мекемелер жатады. Мысалы, полиция, тегін емханалар, санаторийлер, мәдени және ғылыми ұйымдар, мектептер, жоғары оқу орындары, т.б.



Саяси маркетингтің мақсаты негізі идеяларды, пікірлерді қоғам арасында жылжыту болады. Саяси маркетингке тек саяси партиялардың әрекеттері жатпайды. Сонымен қатар кейбір “қиын” жағдайда саяси партияға айланатын қоғамның әртүрлі жаппай әрекеттері, қозғалысы да жатады. Мысалы, экологияны қорғаушылар тобы “жасыл” партиясына айланды.

Эго-маркетинг дегеніміз белсенді қоғам тұлғасының (қайраткерінің) қоғамда белгілі орын алу үшін жасаған және оны іске асыру бағдарламасы. Бұл бағдарлама жеке адамды нақты әрекеттер жүргізуге, мақсатына жетуге, пайда болған кедергілерді жеңуге жұмылдырады және өзінің қоғамға пайдалы және қажет екенін сезінуге көмектеседі.

Өзіндік маркетинг – қоғамның тұлғалары ие болатын маңызды “тауарды” өткізу үшін жағымды жағдай жасайтын бағдарламасы. “Тауар” ретінде жұмысшы күші, айталық білім, іскерлік, дарындылық, біліктілік, мамандылық болуы мүмкін. Әсіресе қазіргі кезде жоғары оқу орындарын бітірушілерге жұмысқа орналасу үшін өзін “тауар” ретінде жақсы қырынан көрсете білуі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет