Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі



Дата13.06.2016
өлшемі100.08 Kb.
#133008

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі




С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Психология және педагогика кафедрасы




Дәрістерге дайындалуға арналған тапсырмалар
Пән________ Саяси психологиясы ____________

050503 – Психология мамандығы студеттеріне арналған

Құрастырушы:

п.ғ.к, доцент Құдышева А.А.

Павлодар


Теоретикалық курстың мазмұны
1 тақырып. Саяси психологиялық феномен ретінде

Саяси психология психологиялық ғылымдардың негізгі бір саласы ретінде. Саяси психологияның пәні мен міндеттері. Саясаттың психоолгиялық аспектілері, факторлары мен құрауыштары саяси психологияның пәні ретінде.

Саясатты түсінудегі негізгі тұрғылар. Саясат психология үшін зерттеу объектісі ретінде. Саясаттың психологиялық репрезентациясы проблемасы. Саясат мемлекеттік институттар жүйесі ретінде. Билік тармақтарын бөлу принципі. Заң, атқару және сот билігі. Баспасөз ақпарат құралы төртінші билік ретінде.

Саяси ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер саяси жүйенің маңызды бөлігі ретінде. Саяси жетекші (көшбасшы) саяси топтың символы (рәмізі) ретінде.



2 тақырып. Саясаттың негізгі психологиялық детерминанттары

Саясат процесс ретінде. Саяси процестердің түрлері. Саяси поцестердің құбылмалығы. Саясат ойын ережесі бар жүйе ретінде. Саси ойын жүйесінің детерминациясы - құқық, дәстүр, мінез-құлық ережелері.

Саясат құндылықтар жүйесі ретінде. Саяси доктрина саяси құндылықтардың қайшылықсыз, жүйелі жиынтығы.

Саясат іс-әрекет жүйесі ретінде. “Саяси адам” типінің психологиялық ерекшеліктері. Адам саясат құрауышы ретінде.



3 тақырып.Саяси процестердегі психологиялық феномендер

“Саяси феномен” ұғымы. Ұлтшылдықтың психологиялық феномені. Саяси психологиядағы аавторитаризм проблемасы. Зорлық-зомбылық пен агрессияның психологиялық проблемасы.

Биосаясат адамның саясаттағы қасиеттерін зерттейін саяси психологияның саласы ретінде – альтруизм, зорлық-зомбылық, агрессия, қорғаныш механизмдері және т.б.

Вайленсология – адамның агрессивтілігі, оның саяси көрінуінің психологиялық табиғатын зерттейтін ғылым ретінде. Саяси конформизм ұғымы. Серіктестердің бір – бірін қабылдауы психологиялық феномен ретінде.



4 тақырып.Батыс саяси психологиясының бастауы

Саяси психологияның әр түрлі саяси жүйелердегі даму ерекшеліктері. Батыс саяси психологиясының қалыптасуы. Аристотель, Платон, Макиавелли, Руссо, Гоббс, Смит, Гегель және т.б. қосқан үлесі.

ХІХ ғасырдағы жаңа саяси-психологиялық зерттеулердің қалыптасуы. Бұқара халықтың жаңа саси құбылыс ретінде бөлініп шығуы. Г.Лебонның бұқаралық қозғалыстар психологиясын зерттеудегі еңбектерінің маңызы. Психоаналитикалық зерттеулер шеңберіндегі саяси психологияның дамуы.

АҚШ-тағы “мінез-құлықтық қозғалыстардың” дамуы. Халықаралық саяси психологтар Қоғамының құрылуы және “Саяси психология” журналының жарық көруі. Германия, Франция, Голландия, Испания, Латын Америкасы, Африка және т.б. елдердегі саяси-психологиялық зертттеулерді жүргізу. АҚШ, Латын Америкасы, Европа елдеріндегі саяси психологияның қазіргі жай-жапсары.



5 тақырып. Ресей мен Қазақстандағы саяси психологияның дамуы

Н.Михайловскиий, В.М.Бехтерев зерттеулеріндегі бұқара психологиясы детерминанты. Орыс саяси санасы ерекшеліктері туралы П.Милюков, П.Сорокин, П. Ковалевский, Г.Чулковтың зерттеулері. Ресейлік саяси психология тарихындағы психоанализдің мәнісі. Марксизмнің саяси психологияға әсері. ХХ ғ. 60-ж. саяси-психологиялық мәселелердің дамуы. Кеңестік саяси ғылымдар ассоциациясының құрылуы. Ресей саяси психологтарының ассоциациясы құрылуы.

Саяси психологияның жеке элементтерінің қазақ ақын-жыраулары ой толғауларында көрніс табуы (Асан - Қайғы, Шалкиіз, Махамбет және т.б.). Мемлекеттің саяси құрылысы жайлы қазақ хандары мен билерінің көзқарастары (Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан және т.б.).

ХХ ғасырдағы қазақ саяси қайраткерлерінің шығармаларындағы саяси психология проблемалары (Ә.Бөкейханов, М.Шоқай; М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабев және т.б.). Қазіргі Қазақстандағы саяси психологияның дербес ғылыми пән ретіндегі дамуы.



6 тақырып. Саяси психологияның келешегі

Саяси психология пәні жайындағы пікірталас. Саяси психологияның пәнаралығы проблемасы. Саяси психологияның психологиялық және политологиялық түп тамыры.

Саяси психологияның категориялық аппаратының дамуына философия мен социологияның қосқан үлесі. Саяси психология дамуындағы психологиялық категориялардың мәнісі.

Саяси-психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері – статистикалық мәліметтерді талдау, сауалнама, интервью, топ фокусы әдісі, сарапшылар бағалауы әдісі, тест,анкета. Саяси психологияда проективтік әдістемелерді, психобиографиялық әдістерді,контент-анализ, семантикалық кеңістікті құрастыру әдістерін қолдану.



САЯСИ ЛИДЕРЛІК (КӨШБАСЫЛЫҚ) ПСИХОЛОГИЯСЫ

7 тақырып. Саясаттағы тұлға мәселесі

Саясаттағы тұлға және оның психологиялық проблемалары. Саяси іс-әрекеттегі тұлға проблемасын түсіндірудің дәстүрлері. Тарихтағы тұлға рөлі туралы пікірталас.

Саяси әлеуметтену: тұлғаның қалыптасуы. Жалпы әлеуметтік, әлеуметтік –психологиялық және жара – психологиялық деңгейлердегі саяси әлеуметенудің механизмдері. Саяси сана мен саяси ойладың генезисі (Ж.Пиаже, Дж.Адельсон). Саяси әлеуметтенудің негзгі жүйелері. Саяси белсенділіктің психологиялық негіздері. Саяси белсенділіктің психологиялық концепциялары (А.Маслоу, К.Бэй, Дж. Кнутсон). Саяси қатысу: азамат ұстанымы. Саяси қатысу немесе қатыспаудың негізгі мотивтері.

Тұлғаның саяси рөлі ұғымының негізгі детерминанты. Саясат пен тұлға арасындағы өзара қатынастың үлгісі. Тұлға белсенді саяси іс-әрекет субъектісі. Саяси психология шеңберіндегі “мінез-құлықтық революция”.

Саясаттағы тұлғаны психологиялық зерттеудегі негізгі бағыттар (сапалы, агрегативтік, типологиялық). Саяси процестердегі тұлғалық фактордың мәнділігі факторы (Ф.Гринстайн).

8 тақырып. Билік психологиясы

Саяси психология шеңберіндегі билік феноменін зерттеу. Биліктің, оның негізгі түрлерінің психологиялық детерминанты. Биліктің субъективтік аспектісі. Биліктің легитимділігі (заңдылығы) ұғымы. Билік заңдылығының эмпирикалық көрсеткіштері. Легитимділіктің үш түрі (М.Вебер). Саяси билікті заңдастырудың негізгі факторлары.

Сайлау билік институттарды қалыптастырудың тәсілі ретінде. Биліктің құдайлылық тегі жайлы түсінік билікті заңдастырудың тәсілі ретінде. Биліктің ұлттық рәміздермен (символдармен) ассоциациясы. Биліктің заңдылығы психологиялық көзқарас тұрғысынан.

Биліктің суверенитеті (егеменділігі), оның негізгі типтері мен функциялары. Биліктің легитимділігі мен суверенитеті, олардың өзгеріске ұшырауы.



9 тақырып. Лидерлік (көшбасылық) психологиясы

Лидерлік проблемасы қазіргі саяси психологияның негізгі проблемаларының бірі ретінде. Саяси көшбасылық құрылымындағы лидерлік ұғымы. Саяси лидерлерді ұсыну тәсілдері. Көшбасылық (лидерлік) және басшылық (Б.Д.Парыгин). Саяси көшбасылықтың негзгі теориялары.

Лидерліктің тұлғалық-жайттық теориялары (Э.Хартли, Г.Герд, К.Шатл және т.б.).

Өзара әрекеттестікті күту теориясы (Дж.Хоманс, Дж. Хемфилл, Ф.Филер және т.б.). Лидерліктің операциялық үлгісін жасау. Лидерліктің стилі. Лидерлік процестің құрылымы детерминациясы лидерліктің мотивациялық теориясы шеңберінде (С.Митчел, С.Эванс және т.б.).

Айырбас теориясы және трансактілік талдау (Э.Берн, Г.Саймон, Г.Келли және т.б.). Атибутивтік теориялар.

Саяси лидеріктің кешенді феномені психология аясында. Саяси элита психологиясы. Әр түрлі концепциялардағы элита түсінігі (В.Парето, Г.Моска; Х.Ортега-и- Гассет, А.Этциони, Т.Дай; А.Тойнби; Дж.Хигли және т.б.).



САЯСИ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ

10 тақырып. Диктатура психологиясы

Саяси психология шеңберіндегі диктатура ұғымы және оның түрлері. Тоталитарлық диктатура. Тоталитаризм құбылысы. Диктатураны эмоциялық қолдау диктаторлық режимнің тұрақтылығынығ психологиялық механизмі ретінде.

Диктатураға деген психологиялық реакциялар. Адамның тоталитарлық мемлекетке деген реакциясының негізгі нұсқалары.

Қарсылық, наразылық көрсету, көтеріліс адамның тоталитарлық мемлекетке деген реакциясы ретінде. Қарсыласпау адамның тоталитарлық мемлекетке деген реакциясы ретінде. дүниені қабылдаудағы бұрмалаушлықты жасау.



11 тақырып. Зорлық-зомбылық психологиясы

Зорлық-зомбылықтың психологиялық мәнісі. Саяси зорлық-зомбылықтың феномені, оның негізгі типтері және функциялары. Зорлық-зомбылықтың негізгі факторлары. Геноцид саяси зорлық-зомбылық түрі ретінде.

Саяси зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері. Құрылымданған және құрылымдалмаған зорлық-зомбылық.

Зорлық-зомбылықтың ұжымдық құрылымдануы. Зорлық-зомбылықтың ұжымдық құрылымдануы институты. Деиндивидуализация зорлық-зомбылықтың ұжымдық құрылымдануының әлеуметтік-саяси феномені ретінде.

Ұжымдық құрылымданбаған зорлық-зомбылық. Идеологияның ұжымдық құрылымданбаған зорлық-зомбылықтың дамуындағы рөлі.

Дара құрылымдалған зорлық-зомбылық. Дара құрылымдалған зорлық-зомбылықтың механизмдері.

Дара құрылымдалмаған зорлық-зомбылық және олардың негізігі көрністері.

12 тақырып. Еркіндік (бостандық) психологиясы

Еркіндіктің психологиялық детерминанты. Еркіндіктің негізгі заңдылықтары. Еркіндік белгілері. Белсенділік пен плюрализм еркіндіктің негізгі парадигмалары ретінде.

Субъект белсенділігінің психологиялық факторы. Сарасананың ерекшелігі субъект белсенділігінің маңызды факторы ретінде. Сарасананың көрінісінің негізгі параметлері – деиндивидуализация, топтық мүшеліктің айқын еместігі, деперсонализация, тәуелділікті сезіну. Тілектен бас тарту және әдеп жүйесінің қатаңдығы субъект белсенділігін анықтайтын психологиялық фактор. Сан алуандылықтың (плюралистіктің) психологиялық факторлары.

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ

13 тақырып. Саяси сана динамикасы

Саяси сана ұғымы. Саяси сананың психологиялық детерминанты. Саяси жүйе мен саяси сананы анықтау.

Тоталитарлық сана мен тоталитарлық жүйе ұғымдары. Тоталитарлық сананың парадоксалдығы. Тоталитарлық саяси жүйенің негізгі қайшылықтары.

Авторитарлық жүйе. Биліктен бұқаралық оқшаулану авториталық сананың феномені ретінде. Тәуелсіздік пен кәсіби біліктілік авторитарлық сананың саяси мұраты ретінде.

Поставторитарлық қоғам. Қоғамдық сұхбаттың психологиялық феномені.

Демократиялық қоғам. Билікке деген қатынастың эволюциясы.



14 тақырып. Саяси мінез-құлық психологиясы

“Саяси мінез-құлық” ұғымы. Саяси мінез-құлықтың психологиялық теориялары. Саяси мінез-құлық феноменіне бихевиоризм идеясының әсері.

Саяси мінез-құлықты зерттеудегі жайттық тұрғыдан келу. Саяси айырбас теориясы. Кикілжің теориясы шеңберіндегі саяси мінез-құлық. Плюрализм теориясының негзігі идеялары.

Саяси мінез-құлықтың психологиялық үлгісі. Іс-әрекет тұрғысы шеңберіндегі саяси мінез-құлық (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия).

Саяси мінез-құлық құрылымындағы инстинктер. Агрессия, фрустрация, ынтымақтастық ұғымдары. Саяси мінез-құлық құрылымынағы дағдылар. Әдістер, тәсілдер, әдеттер мен таптаурындар саяси мінез-құлықтың көріну формасы ретінде. Ақылға сыйымды әрекет, идеология және саяси мінез-құлық.

15 тақырып. Саяси мәдениет

“Саяси мәдениет” ұғымы. Саяси мәдениеттің негізгі психологиялық үлгісі. Бесбөлікті “Саясаттағы тұлғаны зеттеуге арналған карта” (М.Б.Смит). Макорәлеуметтік және саяси жүйенің саяси мінез-құлық мәдениетіне әсері.

Қажеттілік саяси мдениет факторы ретінде. А.Маслоудың қажеттліктерді психологиялық топтастыруы. Саяси мәдениеттін қалыптасуындағы мотивтердің рөлі.

Билікті иелену мотиві. Адамдар мен жағдайларды басқару, қадағалау мотивтері. Табысқа жету, сәтсіздіктен қашу мотивтері. Аффилиация мотивтері. Аффилиацияға деген қажеттілік.



САЯСАТТАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ҮЛКЕН ТОПТАР

16 тақырып. Топтық динамика және саяси процестер

Саяси психологиядағы топ ұғымы. Саясаттағы шағын топтардың қалыптасу кезеңдері, олардың дамудың әр түрлі деңгейлері мен сатыларындағы негізгі сипаттамалары. Саяси әрекеттестік жағдайындағы топтық қысым, ұйымшылдық және интоптық фаворитизм.

Топ және лидер. Топтар– “лидер командасы”. Тарихтағы “командалардың” негізгі нұсқалары. “Лидер парадоксы” және оның нұсқалары. Топаралық қатынастардың саяси психологиясы.

17 тақырып. Ұлттық менталитет және саясат

Этностық топтар мен қозғалыстардың саяси-психологиялық ерек-шеліктері. Ұлттық мінез проблемасы және ұлттық сарасананың қалыптасу. Этнонигилизм мен этнофобияның психологиялық алғышарттары. Қазіріг әлемдегі ұлттық-этникалық проблемалардың шиеленісуі. Жаћандану фено-мені. Ұлттық және ұлтаралық қақтығыстар және оларды реттеу жолдары.



18 тақырып. Саясаттағы бұқара психологиясы

Динамикалық саяси процестердегі бұқара психологиясының жетекші рөлі. Бұқараның үлкен және шағын топтардан айырмашылығы. Бұқара және бұқаралық сана. Г.Тард, Г.Лебон; Х.Ортеги-и- Гассет, З.Фрейд, Т.Адорно және т.б. еңбектеріндегі “көпшілік (бұқаралық) адам” психологиясы. Стихиялық топтар типтері және олардың бір-бірінен айырмашылықтары (тобыр, бұқара, публика). Қоғамдық пікір оларды қалыптастырушы бір фактор ретінде. Бұқараға, публикаға әсер ету технологиясы.

Бұқаралық саяси көңіл-күй психологиясы. Бұқаралық саяси көңіл-күй тууының механизмдері. Бұқаралық саяси көңіл-күй түрлері (“конструктивтік”, “деструктивтік”, белсенді және енжар).

Бұқаралық саяси көңіл-күйге әсер ету мүмкіндіктері. Бұқаралық саяси көңіл-күйдің дамуын болжау проблемалары. Бұқақаралық электоралдық мінез-құлық психологиясы.



19 тақырып. Саяси психологияның қолданбалы проблемалары

Психологтың саясат саласындағы практикалық жұмыстары мен қолданбалы зертеулері. Психологтың саясаткерлермен жұмыс істеу барысында кездесетін қиыншылықтары. Психологтың саясат саласындағы жұмыстарының негізгі бағыттары: шешім қабылдау мен әзірлеуге қатысу, қоғамдық пікірдің динамикасын жүйелі талдау, саяси қайраткерлерге консультация беру, әр түрлі келіссөздерді психологиялық қамтамасыз ету, қарсыластарының психологиялық портреттерін жасау. Саяси психологияның қолданбалы мүмкіндіктерінің кеңдігі мен сан алуандылығы.



Әдебиеттер тізімі
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер тізімі:


  1. Андреев А. Политическая психология. М., 2002.

  2. Гозман Л.Я., Шестопал Е.Б. Политическая психология. – Ростов – на – Дону, 2002.

  3. Блондель Ж. Политическое лидерство. М., 2002.

  4. Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.,2004.

  5. Дмитриева А.В. Полиическая социология США. СПб., 2001.

  6. Иванов В.А. Политческая психология. – М., 2003.

  7. Косолапов Н.А. Социальная психология и международные отношения. –М., 2003.

  8. Мощенко А.В. Политическая психология . М., 2004.

  9. Шварценберг Р.М. Политическая социология.- М.,2002.

  10. Шестопал Е.Б. Политическая психология.- М., 2002.

  11. Юрьев А.И. Введение в политическую психологию.- СПб., 2002.


Қосымша әдебиеттір тізімі:


  1. Адорно Т. Исследование авторитарной личности. – М., 2001.

  2. Каверин С.Б. Потребности власти.- М., 2000.

  3. Психология масс и фашизма.- СПб: Университетская книга, 1997.

  4. Шибутани Т. Социальная психология . – Р-на- дону, 1998.
  5. Политология. Учебник для вузов. / М.Н.Марченко – М., 1997.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет