2 Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту әдістері және ұйымдастыру әдістемесі
2.1 Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгертудің тиімді әдістері
Анатомия гректің — «anatome» – кесемін деген сөзінен шыққан. Кесу немесе іреп- сою анатомия ғылымының негізгі зерттеу әдістеріне жатады. Адам анатомиясының негізгі міндеті адам ағзасының көзге көрінетін және көрінбейтін мүшелерінің даму заңдылықтарын ашумен бірге, мүшелердің қалыпты жағдайын патологиялық күйінен ажыратуға көмектесу болып табылады. Сондықтанда анатомия пәні – медицина ғылымының негізгі бір саласы. Анатомия ғылымы адам денесін жан- жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді :
Жүйелік немесе жалпы анатомия – ағзаның тірек –қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек- тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.
Топографиялық анатомия – адам денесіндегі мүшелерінің өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді.
Мүсіндік анатомия – адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын үйретеді
Бұл аталған анатомия салаларының практикалық маңызына келетін болсақ, егер жүйелік анатомия элементтері жалпы физиология ілімін меңгеруге негіз салса, топографиялық анатомия медициналық ілімге негіз қалайды, ал мүсіндік анатомия суретшілер,скульпторлар үшін міндетті қажетті пән болып табылады.
Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын – функционалдық әдіс деп атауға болады.
Морфологиялық немесе құрылымдық әдістерге мыналар жатады:
А) осып-кесу әдісі-ең кең таралған әдіс
Ә)борсыту әдісі
Б)лықыту әдісі
В)ағарту әдісі
Г)бүлдіру әдісі
Ғ)микроскоптық әдіс
Функционалдық немесе қызметтік әдістерге мыналар жатады:
Д) рентгеноскопиялық әдіс
Е) рентгенографиялық әдіс
Ж) ауторадиографиялық әдіс
З) сынама-тәжірибелік әдіс
Бұлардан басқа антропометриялық, суретке, киноға түсіру, мүшелердің суретін салу әдістері де бар.
Анатомия көптеген ғылымдармен байланысты және оның өзі де бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы адамның дене құрылысын зерттегенде, жай көзбен көріп, оның бейнесін, пішінін сипаттауда қалыпты анатомия деп, дене құрылысын микроскоппен зерттейтін ғылымды микроскоптық анатомия деп атайды. Ағзаның қызмет атқару жүйелеріне сәйкес, қалыпты анатомияның өзі бірнеше тарауға бөлінеді :
Остеология – сүйектер және олардың байланыстары туралы ілім;
Синдесмология – сүйектің, буын байланыстары туралы ілім;
Миология – бұлшық еттер туралы ілім;
Спланхнология – ішкі органдар туралы;
Ангиология – қан тамыр, жүрек туралы;
Неврология – ми, жұлын, жүйке жүйесі туралы;
Эстезиология – сезім мүшелері туралы;
Эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім.
Адам анатомиясының дамуына үлкен үлес қосқан ерте кездегі Қытай, Үндістан және Египет. Шығыстың үлгілі ғалымы Әбу — Әли – Ибн-Сина. Мысалы ол Дәрігерлік ғылымның канондары» деген кітапта адамның ішкі мүшелері мен қан тамырларының анатомиясытуралы жазып, қай жерден қан алу, қан құю керек екендігін білген, сондай-ақ денеге ине шаншу арқылы емдеу әдісітуралы да айтып кеткен.
Анатомияның негізін салушы – Ежелгі Рим дәрігері Гален. Ол ит пен маймылды сойып солардың дене құрылысын зерттеп, оны адам дене құрылысына сәйкес болар деп жобалаған. Галеннің көп қателерін араб ғалымдары ,атап айтқанда Ар-Рази,Әл-Фараби,Ибн-Рушу,Әбу-Али-Ибн-Сина түзетіп, анатомияға көп жаңалылықтар қосты.Ежелгі грек ғалымдары Демокрит,Гиппократ қан тамырлар жүйесі бар екендігін анықтады.
Анатомияның дамуына үлкен үлес қосқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды. Ол жүйкені сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екендігін білді. Ол ұлпалардың түрлерін анықтап берді. Қайта өрлеу дәуірінде анатомияның дамуына тікелей үлес қосқан ғалым Леонардо да Винчи суретші, математик, инженер, ол 30 өліктен 800 нақты сүйектердің суретін салған. Мальпиги мен Шумлянский капилярларды ашып қан айналу тұйық екендігін дәлелдеді. Неміс ғалымдары Шванн мен Шлейден жасушалық теорияны ашты.
Орыс ғалымдары арасынан Н.И.Пирогов, И.М.Сеченов, И.П.Павловтың еңбектері анатомияның функционалдық бағытқа түсуіне септігін тигізді.
Зоологиялық жіктеулер бойынша адам омыртқалыларға ,хордалылар типіне,сүт қоректілер класына,приматтар отрядына,адам тәрізді приматтар отряд тармағына ,адамдар туысына,оның ішінде саналы адам түріне жатады.
Анатомия пәнін оқығанда жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,аппарат және ағза деген ұғымдардың түсінігін білу өте қажет.
Жасуша –деп тіршілік жүйесі бар , цитоплазма,ядро,органоидтардан тұратын, барлық өсімдіктер мен жануарлардың құрылысының , дамуының және өмір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар тіршіліктің ең кіші бірлігін айтамыз.
Ұлпа деп тарихи қалыптасқан, өзіне тән морфологиялық және биохимиялық ерекшелктері бар жасуша мен жасушааралық заттардың жиынтығынан тұратын дене бөлігін айтамыз.
Адам мен жануарларда ұлпаның 4 түрі белгілі:
1.Эпителий ұлпасы
2.Дәнекер ұлпасы
3.Бұлшық ет ұлпасы
4.Жүйке ұлпасы
Мүше –деп бірнеше ұлпалардан түзіліп, белгілі бір қызмет атқаруға, эволюцилық дамуда бейімделген , белгілі бір пішіні, құрылысы бар дененің бір бөлігін айтамыз. Мысалы құлақ,сүйек т.б.
Мүшелер жүйесі деп бірнеше бірыңғай мүшелерден түзіліп барлығының дамуы мен құрылыстары ұқсас болып белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер тізбегін айтамыз. Мысалы ас қорыту, тыныс алу т.б.
Аппарат деп екі-үш мүшелер жүйесінің дамуы мен құрылысы ұқсас болмаса да жалпы бір қызмет атқаруын айтамыз. Мысалы тірек-қимыл аппараты, несеп-жыныс аппараты.
Ағза-барлық мүшелер жүйесі мен аппараттардың жиынтығынан түзіліп, тіршілік қасиетін сыртқы ортамен байланысты атқаратын бір бүтін дене
Жаратылыстанудан оқытуды ұйымдастыру барысында практикалық сабақ түрі анағұрлым басымдық беруді талап ету шарт. Себебі жаратылыстың бүкіл заңдылықтарын, құрылымын, қарым –қатынасын, экологиялық ахуалын, табиғатты құраушы организмдердің көптүрлілігін және т.б. биологиялық, химиялық, физикалық, астрономиялық, әлеуметтік тұстарын зерделеп меңгерту тікелей әрекет үстінде ғана нәтижесі жоғары болары анық. Сондықтан жаратылыстану сабағындағы қайбір тақырыпты алмайық барлығында практикалық жаттығулар орындалады. Ол оқу бағдарламаларында, пәннің оқу жоспары мен оқулықта да және оның ұйымдастырылуы жөнінде мұғалімге арналған нұсқаулықтарда да арнайы келтірілген. Ал оны жүргізу әдістемесін әр педагог өзі шеберлігімен ықтимал нұсқаларын ойлап, дайындап, мүмкін ресурстарын қарастырып, бар мүмкіндіктерді қолданып барып ұйымдастыру тиіс.
Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері мына төмендегі жағдайда орындалады:
1. Түрлі тапсырмаларға талдама жасау;
2. Жеке жоба құрастыру, оны талдау;
3. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау;
4. Тақырыптық сабақ жоспарын, оны ұйымдастыру жүйесін даярлау;
5. Дидактикалық ойындар арқылы тапсырма орындау;
6. Бақылау жүргізу, қорытындылау;
7. Зерттеу жүргізу, тәжірибе жасау, қортындылау
8. Экскурсия барысында түрлі тапсырмалар орындау және т.б.[11,28].
Жаратылыстану сабағын ұйымдастырудың осындай ерекше формаларының құрылымы мен ұйымдастыру әдістемесі алдын ала көптеген дайындықты қажет етеді. Мұндай құрылымдағы сабақтарды ұйымдастырудың ерекше дидактикалық шарттары бар. Педагог үшін дидактикалық тұрғыда аса ұқыптылықты, тазалықты, санитарлық-гигиеналық және қауіпсіздік ережелері мен талаптарды орындау, балалардың өз белсенділігін туғызып, оларды бір бірімен үйлестіре білу сияқты шарттары ұсынылады.
Практикалық сабақтардағы оқушылардың танымдық іс-әрекетінің даму кезеңдері:
-мұғалімнің түсіндіруі;
-жұмысты теориялық ұғыну кезеңі;
-көрсету, нұсқау кезеңі;
- жасап көру, орындау;
-мұғалім бақылайды;
-жұмысты орындау;
-қадағалау, яғни оқушылардың жұмысы қабылданады, бағаланады. Зерттеу жұмыстары осы практикалық сабақтардың ең бір өзектігісі және оның ұйымдастыру әдістемесіне де аса жоғары талап қойылады[13].
Жаратылыстану пәні бойынша мұғалімге арналған нұсқаулықтарды талдап, зерттегенде мына тұрғыда практикалық жұмыстардың түрлері беріледі екен. Олар:
а) Жаттығу түріндегі практикалық жұмыстар. Жаттығу алған біліміне сүйеніп түрлі нұсқада қайталанып орындалатын іс-әрекет, білік пен дағдыны қалыптастыру мен білім деңгейін арттыру мен білімді қолдану орынын тұспалдау мақсатын көздейді. Жаттығулардың арнайы және еркін, ауызша жаттығулар секілді түрлері кездеседі.
б) Зертханалық әдіспен жүргізілетін практикалық жұмыс түрі. Бұл әрекет барысында балалар бақылау, өлшеу және есептеу нәтижесін салыстыру және қортындысын өздері шығару, басқа нұсқада жолдарын іздеу, сынымалау секілді қарекеттер жасалады. Мұнда түрлі оқыту ресурстары және басқа да практикалық әрекеттерімен бірлестікте орындалады. Демек, жаттығу мен демонстрациялауға қойылған талаптар секілді арнайы ережелермен, нұсқаулықпен орындалады.
Практикалық жұмыстар балалардың өзіндік оқу жұмысы түрінде де орындалады. Мұнда мәселе қоюдан бастап, бақылау жасауға дейін өзін-өзі басқару және түзету орнатуға дейінгі белгілі бір дәрежедегі дербестік болып табылады.
Бақылау жаратылыстағы табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына, табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
Жаратылысты зерделеуде бақылау тек табиғи нысандарға ғана емес, олардың суреттері мен бейнелерін, яғни фотосуреттер, моделі, слайдтар мен кинофильм арқылы да бақылау түрін де ұйымдастыруға болады.
Бастауыш сыныптарда көбіне басым жағдайда ауа райын бақылау, өсімдіктерді маусымдық өзгерістерін бақылау, тұқымның өнуін бақылау, жыл мезгілі өзгерістерін бақылау, адам еңбегін бақылау, жан-жануарлардың мінез-құлықтарын бақылау т.б. бақылау нысандары бар. Кейбір бақылаулар аз уақытты алады, ал кейбірі бірталай уақытты, тіптен бір маусымды алатын бақылаулар болады. Бақылауды ұйымдастыру кезеңінде түрлі құрылғылармен іс жасауға мүмкін болады. Айталық, алдымен прибор моделімен жасап үйрену, шартты метеорологиялық жаттығуларды орындау, ауа райын бақылау ережелерін меңгеру, өз бетінше орындау және бақыланған нысан нәтижесін күнтізбеге түсіру, бақылау нәтижелерін қорытындылау сияқты жоспармен орындалатын әрекеттер жасалады.
Жаратылыстану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды класс жағдайларында қолдан қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, сүзу арқылы суды тазартумен, топырақ қасиеттерімен, тұқымның өнуін бақылаумен т. б материалдармен танысу үшін тәжірибелер жасау қажет. Тәжірибелер мұғалімнің көрсетуімен немесе оқушылардың жаппай қатысуымен өткізіледі. Тәжірибелер мұғалім орындайтын демонстрациялық және оқушылар жасайтын зертханалық болып бөлінеді. Зертханалық тәжірибе бүкіл класс орындайтын фронтальдық, топтық, жеке болуы мүмкін. Топтық, жеке тәжірибелер оқушылар мұғалімнің тапсырмасымен үйде орындайды, мысалы: судың үш күйін бақылау, тұқымдарды өндіру, нақты тақырыптық бақылаулар сияқты жұмыстар.
Эксперимент - зерттеу әдістерінің ішіндегі ең маңыздысы. Ол барлық ғылым салаларында қолданылады. «Эксперимент» деген сөз латын тілінен аударғанда «eksperimentum» тәжірибе деген ұғымды білдіреді. Кез-келген эксперимент зерттеу нысанасындағы эксперименттің барысын тексеру және салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық жұмыс жүргізуді көздейді. Кейде эксперимент ойша жүргізіледі. Эксперимент нәтижесі нақты болуы үшін бірнеше рет жүргізуге болады[11,29]..
Экскурсияняң білімдік мақсаты – табиғат объектілерінің түр - түсімен ғана таныстырып қоймай, олардың әр қайсысының қасиетін, табиғаттағы орнын, бір – біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгерісіне әкеліп соғатынын да тікелей көру кезінде ұғындыру қиынға түспейді. Экскурсия кезінде баланың жаратылыстағы нысандары мен жағдайларды тікелей көріп, зерделеуіне қолайлы мезет туады. Табиғатқа экскурсия кезінде түрлі сыртқы және ішкі жағдайларлың ықпалының нәтижесін зерттеуге, ол орынның жағымды, жағымсыз табиғи мәселелерін бақылауға мүмкіндік болады. Сол мезетте практикалық әрекеттер жұмыс жасайды. Осының салдарынан сол орындағы экологиялық ахуалын пайымдап, өзекті мәселелер төңірегіндегі жағдайларды анықтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |