НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
ОҚЫЛЫМ
2-тапсырма. Оқыңыз.
Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердің көпшілігі қосымша арқылы жасалатын туынды сөздер болып табылады.
Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
-шы, -ші, -кер,-гер: асырау-шы, қамқор-шы, ақыл-шы, хабар-шы, қаржы-гер. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандық, бірдеңеге икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лық, шебер-лік, дос-тық, көргенді-лік, жарасымды-лық, берік-тік, тыныш-тық, т.б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді
ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Зат есім тудыратын -лық;-шы; -гер жұрнақтарын жалғай отырып қатарды жалғастырыңыз. Құрастырған сөздеріңіздің лексикалық тақырыпқа сай болуы шарт.
Тату+лық, жарасымды+лық, .......
Асырау+шы, қамқор+шы, .........
Мұра+гер, ......
АЙТЫЛЫМ
4-тапсырма. Ақпаратты «санайды», «саналады» байланыстырушы етістігімен айтыңыз.
Үлгі: Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы болып саналады.
1.Отбасы бақыты – отбасы мүшелерінің арасындағы жылы да ізгі қарым-қатынас. 2. Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың жеке тұлғасының, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. 3. Халықта: «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер», «ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген мақалдар бар. 4. Отбасындағы қарым-қатынас тек сүйіспеншілік пен өзара түсінушілік негізінде болатыны белгілі. 5. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады.
ЖАЗЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |