Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет35/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

8-тапсырма. Топтық жұмыс.
Сіздердің әрекеттеріңіз:

  1. 3 топшаға бөліну;

  2. Топшаңызға берілген тақырып бойынша ой өрбітіп, талқылап, пікір бөлісу.

  3. Ойын еркін, анық жеткізіп, тақырыпты аша білген топша жеңіске жетеді.

А. «Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу» Әбу Нәсір әл Фараби 
Ә. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі.
Б. «Ақыл – тозбас киім, білім – сарқылмас бұлақ»
9-тапсырма.

А.Ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жасатарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап алыңыздар.


Ә.Өлең мазмұнындағы фразеологизмдердің мағынасын айтыңыздар.
Б. Берілген кестені толтырыңыздар
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...



Өлеңнің атауы

Өлеңнің идеясы

Өлеңнің мазмұны

Өлеңнен сөздік қорыңызға қосқан лексикаңыз

Түйін (туынды сізге қандай ой салды?)
















9.2 БІЛІМ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ


АЙТЫЛЫМ


10-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Бәсекеге қабілетті болу дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалай қалыптастыруға болады?

  3. «Бәсеке» сөзіне ассоциация құрыңыз.

  4. Сіздің ойыңызша бүгінгі күннің жастары жаһандық бәсекеге қабілетті ме?



11-тапсырма. Сәйкестендіріңіз. Төмендегі сөздердің анықтамасын табыңыз.



1. Білімді ұрпақ -

А) нарықтық механизмнің басты элементі 

2. Бәсеке -

Ә) өзіңді танып анықтау арқылы көз жеткізілген барлық артықшылықтарды пайдалану, білгеніңді тәжірибеде қолдану.

3. Біліммен бәсекеге түсу -

Б) дарынды, саалы, ақылды, әрі білімді, жан-жақты, ой-өрісі жетік болып, өзін биік деңгейде көрсете алу

4. Дамыған ел -

В) сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, мәдениет жағынан жан-жақты дамыған, оқыған, көзі ашық адамзат

5. Бәсекеге қабілетті болу -

Г) олар басқа елдермен салыстырғанда экономикасы, технологиялық инфрақұрылымы ілгері мемлекет. Бұл елде индустрияландырудың жоғары деңгейі, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жан басына шаққандағы табыс және өмір сапасының жақсы стандарттары көрініс табады.




1

2

3

4

5

















ОҚЫЛЫМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет