Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет36/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

12-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, асты сызылған сөздерді мағыналас сөздермен алмастырыңыз.
Бүгінде әлем Қазақстаннан бәсекеге қабілеттілікті талап етіп отыр. Отыздықтың ортасынан ойып орын алу үшін өзгенің сынына төтеп беріп, өзіңнің мықтылығыңды дәлелдеу қажет. Әлем елдерінің белортасында жүрген қазаққа ілгерілеу үшін не жасау керек? Қайтсек аузымен құс тістеген дамыған елдермен терезе теңестіре аламыз? Дүние жүзі елдерімен бәсекеге түсіп, бәсіміз қайтсе жоғары болмақ? Осындай сұрақтармен әр қазағым толғанса, бір нәтижесі болары сөзсіз. Әлемде бәсекеге қабілеттілік он екі негізгі фактормен өлшенеді: экономика, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру, технологиялық әзірлік, еңбек, қаржы, тауарлар нарығы.
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ. Бүгінде білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін уақыты. «ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай білімнің баға жетпес қуатты рухани қару екенін түсінетін де, мойындайтын да кез жетті. Білімге тең келетін басқа рухани күш, қуат көзі жоқ. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған, еңсесі биік кез-келген елмен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының қозғаушы күші. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үдерісі бір сәтке толастамайды. Білімсіз қоғамда ілгерілеу, өрлеу мүмкін емес. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу әр қазақстандық азаматтың бойындағы басты мақсаттардың бірі болуы керек.
Жастар – ел болашағы. Шынымен де, еңселі еліміздің Орта Азияда ғана емес, күллі әлемде алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына кіріп, экономикасы, саяси, рухани жағынан дамыған өркениетті мемлекет деңгейіне көтерілуі бүгінгі білімді де саналы ұрпақтың қолында. Білімді жастың келешегі – жарқын, жолы – ашық! Тәуелсіздігі нығайған, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандық жастар алға батыл қадам басып, жоғары технологияны меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, меңгерген білімнің арқасында халықаралық коммерциялық және концептуалды жобаларды ілгерілетуге үлес қосулары қажет.
Автор К.Қ.Жүнісова



терезе
теңестіре
аламыз



іргетасы



тасы өрге домалаған

толастамау

жарақтану

ілгерілету




















АЙТЫЛЫМ


13-тапсырма. Жоғарыда берілген ақпаратты негізге алып, сұрақтарға жауап беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет