Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы


Ойын, пікірін қорытындылау үшін пайдаланылатын



бет38/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

Ойын, пікірін қорытындылау үшін пайдаланылатын
байланыстырушы тілдік құралдар:
• Ойымды/сөзімді қорытындылай келе, ...
• Ойымызды/сөзімізді қорытындыласақ, ...
• Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - ...
• Сонымен, тоқ етерін айтқанда....
Рефлексия
Мен үшін сабақта маңызды болғаны:__________________________________ __________________________________________________________________
Сабақ мені ________________________________________________________ ________________________________________________туралы ойландырды.
Мен ______________________________________________________________
_________________________________________________________ үйрендім.
Менің жетістіктерім: _____________________________________________
БӨЖ: «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыбы бойынша БАҚ мәліметтеріне шолу жасау, эссе жазу.


Т
АҚЫРЫП: 10.1 ШЕТЕЛДЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ


Г
РАММАТИКА: Ашық рай +дейсің құрылымы, шығыс септігіндегі
есімше, етістік+қысы бар/келген ойы/ниеті/тілегі бар - фразеологиялық құрылымы


АЙТЫЛЫМ


1-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жастар неге шет мемлекетте білім алуға құмар?

  2. Қазақстандықтардың шетелде білім алуы елімізге қаншалықты қажет? 

  3. Бүгінде елімізде шетелде оқу сәнге айналды ма?



2-тапсырма. Төмендегі сөздердің анықтамасын айтыңыз.



1. Сапалы білім -

А)

2. Мансаптық өсу -

Ә)

3. Жоғары табыс -

Б)

4. Зертхана құралдары -

В)

5. Талпыныс -

Г)

6. Дербестік -

Ғ)

7. Белсенділік -

Д)

8. Жеке дағдылар -

Ж)

9. Кәсіби дағдылар -

З)

10. Түйіндеме -

И)

11. Өндірістік тәжірибе -

К)

12. Тағылымдама -

Қ)

13. Көшбасшылық қасиет -

Л)



ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ


3-тапсырма. Сөйлем бөліктерін қосыңыз, асты сызылған сөздерді мағыналас сөздермен алмастырыңыз. Олардың сөйлемде атқарып тұрған қызметін түсіндіріңіз.



Сөйлемнің бірінші бөлігі

Сөйлемнің екінші бөлігі

1. Қазіргі жастардың басым көпшілігі



А. сонымен қатар көп нәрсені өз бетінше үйренуді талап етеді.

2. Сапалы білім – жастардың мансаптық өсуіне, жоғары табыс табуына,

Ә. үлкен тәжірибесі бар тұлғалар сізге терең әрі сапалы біліммен қатар, нақты кәсіби дағдыларды, алдағы уақытта жұмысқа орналасу үшін қажетті көшбасшылық жеке қасиеттерді шыңдауға мүмкіндік береді

3. Көбінесе шетелде оқу және тұру отандық



Б. жоғары деңгейде білім алуды көздейді.

4. Шетелде оқу – көп ерік-жігерді, еңбекті, шыдамдылықты,

В. арзан болуы еліміздегі жас буынның көрші елдің үлкен қалаларына кетуіне жол ашып отыр.

5. Шетелдік жоғары оқу орындары студенттерді қажетті білім ресурстарымен қамтамасыз етеді, мұнда соңғы үлгідегі зертхана құралдары, заманауи кітапхана, беделді компаниялардағы міндетті тағылымдамалар, тәжірибелі оқытушылар және

Г. білімнің құнымен салыстырғанда қымбатқа түседі.

6. Чехияның жоғары оқу орындарында оқитын қазақстан­дық студенттер көбінесе гуманитарлық ғылымдар, шет тілдері,

Ғ. маман болып қалыптасу жолында кәсібилікке шыңдалуына қажетті өте маңызды ресурстың бірі.

7. Ресей тарапынан бөлінетін білім гранттары, тілдік кедергінің жоқтығы, оқу ақысының қазақстандық білім ордаларына қарағанда

Д. қытай тілін білмегендерге білім де, қызмет те жоқ.

8. Қытай елінің Пекин университетінде шетелдік студенттерге арналған шәкіртақылар көптеп бөлінеді, бірақ бұл елде



Е. жағдай жақсартылған, жұмысқа орналастыру бағдарламалары қарастырылған.

9.Ал Жапонияда шетелдік студенттер үшін визалық тәртіп жеңілдетілген, тұрмыстық

Ж.сол үшін Малайзияға шетелдік студенттер көптеп келіп, көпұлтты студенттік орта қалыптасқан.

10.Сингапурда оқудың артықшылықтары – ағылшын тілі, британдық білім жүйесі,



З.Қандай жағдайда да сол жастардың теория мен тәжірибені ұштастырғаннан кейін, туған елге оралып, Қазақстанның қарыштап дамуы үшін еңбек еткенін, тер төккенін қалаймыз, әрбір қазақстандықтың патриоттық сезімі жоғары болса дейміз.

11.Ал Малайзияда барлық жекеменшік және кейбір мемлекеттік университеттерде оқу ағылшын тілінде жүргізіледі,

И.қай мұғаліммен, қанша сағат оқитынын студенттің өзі шешеді, білім жүйесі жаһандық үрдістер мен жалпыәлемдік құндылықтарға негізделген.

12.Ал АҚШ-та білім алудың өз басымдықтары бар: технологиялары жетік, таңдау мүмкіндігі көп: қай семестрде, қандай курстарды оқитынын,

Й.оқытудың әлемдік стандарттары, заманауи экономикалық талаптар, қауіпсіздік және өмір сүрудің жоғары деңгейі.

13.Бүгінде аты аталған мемлекет­тер­дің барлығында дерлік Қазақстан азаматтары бар, олардың бірі арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы білімі мен біліктілігін арттырып жатса, екіншілері өз қаражаттарымен әлемдік жоғары оқу орындарында дәріс тыңдап жүр,

К.халықаралық қатынас, бизнеске қатысты мамандықтар бойынша білім алады.



4-тапсырма.
А. Жоғарыдағы мәтінде көтерілген әлеуметтік өзекті мәселелерді талдаңыз, шешімін табыңыз.
Ә. Ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыздар. 
ОҚЫЛЫМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет