10.3. БІЛІМ АДАМ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУЫ КЕРЕК
СӨЙЛЕСІМ
17-тапсырма. Тақырып бойынша жұпта сұхбат құрастырыңыздар.
Дескриптор парағы
|
0-40
|
Тақырыпты түсінуі
|
10
|
Тақырып бойынша жұбына 4 сұрақ қоюы
|
10
|
Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруі, ойын толыққанды жеткізуі
|
10
|
Грамматикалық, стилистикалық қателердің болмауы, Ашық рай +дейсің құрылымы, шығыс септігіндегі
есімше, етістік+қысы бар/келген ойы/ниеті/тілегі бар - фразеологиялық құрылымдарын дұрыс қолдануы
|
5
|
Сұхбаттасуда ұсынылған клишелердің қолданылуы: сіз қалай ойлайсыз; сіздің пікіріңізше,...; мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін; кешіріңіз, бірақ мен басқаша ойлаймын; сіздің осы туралы ойыңызды білсем деп едім; өте құнды пікір айттыңыз
|
5
|
ЖАЗЫЛЫМ
18-тапсырма. Кестені «Білім – болашақ баспалдағы» модулі бойынша толтырыңыз.
Сөздік картасы
РЕФЛЕКСИЯ
19-тапсырма. Кестені «Білім – болашақ баспалдағы» модулі бойынша толтырыңыз.
Қандай тапсырмаларды орындау қиындық туғызбады?
|
Тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?
|
Аталмыш модуль бойынша өзіңіздің лексика-грамматикалық білімңізді қанша пайызға бағалайсыз? (дәлелді аргумент келтіру)
|
|
|
|
БӨЖ: «Қазақ жастары неге шетелден білім алуға құштар?» тақырыбына эссе жазыңыз.
ТДҮНИЕТАНЫМ
АҚЫРЫП: 11.1 ӘЛЕМГЕ ТҮРКІЛІК КӨЗҚАРАС
Г
РАММАТИКА: Жатыс септігіндегі есімше, зат есім жасаушы күрделі
жұрнақтар; етістік+а ал мүмкіндік құрылымы
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
Түркі тектес халықтар деп кімдерді атаймыз?
Қазақ халқының арғы бабалары сақтар, ғұндар, қыпшақтар жайында не білесіздер?
Түркілердің алғашқы жазуын қалай атаймыз?
2-тапсырма. Төмендегі сөздердің анықтамасын айтыңыз.
1. Түркі мәденеиеті -
|
А)
|
2. Түркі текстес халықтар -
|
Ә)
|
3. Түркілердің алғашқы жазуы -
|
Б)
|
4. Жаугершілік заман-
|
В)
|
5. Түркі қауымы-
|
Г)
|
6. Түркі ғалымдары-
|
Ғ)
|
7.Рухани байлық -
|
Д)
|
8. Мұра -
|
Ж)
|
ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Сөйлем бөліктерін қосыңыз, шыққан мәтінді өз сөзіңізбен баяндаңыз. Лексикалық тақырып бойынша өзіңіз білетін қосымша ақпараттармен бөлісіңіз.
Сөйлемнің бірінші бөлігі
|
Сөйлемнің екінші бөлігі
|
1. «Қазақ жері ерте заманда жаугершілік кезеңінде де түркі
|
А. ғалымдардың, ғұламалардың септігі тигенін айта кету керек.
|
2. Бұрынғы Түрік, Түргеш қағанаты, Қарахандар кезеңінде де қазақ
|
Ә. «Қазақстан – түркі дүниесінің бесігі» деген дұрыс айтылған пікір.
|
3. Ислам діні қабылдағаннан кейінгі кезде әсіресе
|
Б. ғылыми негіздегі дүниелерімен бөлісті.
|
4. Оған елімізден шыққан аты әлемге танымал
|
В. мәдениетінің өткені мен қазіргі жағдайы да жаңаша түрленуде.
|
5. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сынды ғалымдар түбі бір түркі идеясын насихаттап, түрлі
|
Г. рухани мәдени салада қазақ жері негізгі орталығы болып есептелді.
|
6. Бүкіл түркі қауымының тарихында жасақталған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы болып табылатын түркі
|
Ғ. дүниесінің ұйытқысы болды.
|
7. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Өмірбек Қанайдың сөзінше,
|
Д. топырағы олардың жүрегінен орын алған.
|
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
ОҚЫЛЫМ
4-тапсырма. Есіңізге сақтаңыз!
Жатыс септік формасының негізгі мағынасы заттардың мекендік қатынасын білдіру. Жатыс септікте меңгерілетін сөз -ған, -ген тұлғалы есімше болып, оған жатыс септігі жалғауы + -да/-де жалғанғанда былай болады: көргенде, жолыққанда.
1)Есімдерден (зат есім, сын есім, сан есім т. б.) зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар:
-шы, -ші: етік-ші, ән-ші, балық-шы
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лық, дос-тық
-ша, -ше: бөлім-ше, кітап-ша
-шық, -шік: ойын-шық, уй-шік
-ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гурс-іл, дір-іл
-хана, -стан, -кеш: дәрі-хана, Қазақ-стан, арба-кеш
2)Етістіктен зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, мін-бе, тоқы-ма
-ым, -ім, -м: бөл-ім, біл-ім, тый-ым
-қы, -кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы
-ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, бөл-іс
-ык,, -ік, -қ, -к: қазы-ық, көр-ік
-ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тіре-к
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: бас-қыш, сүз-гіш
-ын, -ін: жау-ын, жи-ын
-ыш, -іш, -щ: қуан-ыш, қызған-ыш
-уыш, -уіш: еле-уіш, туйре-уіш
-ман, -мен: оқыр-ман, көрер-мен
етістік+а ал мүмкіндік құрылымы былай жасалады: амалды жүзеге асыру я орындау мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, Үйден шығ+а алмадым.
ЖАЗЫЛЫМ
5-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістікті жатыс септігіндегі есімшеге айналдырып сөйлем құраңыз.
Берілген сөйлем
|
жатыс септігіндегі есімше -ған/-ген/-қан/--кен
|
Әлем тарихын түркі халықтарынсыз елестету мүмкін емес.
|
Әлем тарихын түркі халықтарынсыз елестет+кен+де, бұл мәселенің мүлдем орынсыз екенін түсінер едің!
|
Жаһандық деңгейдегі ғылыми жетістіктер мен мәдени құндылықтардың көпшілігі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі кеңістікті алып жатқан біздің алып құрлығымызға тиесілі.
|
Жаһандық деңгейдегі ғылыми жетістіктер мен мәдени құндылықтардың көпшілігі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі кеңістікті алып жатқанда, бұл жағдайды айтпау мүмкін емес!
|
Сонымен қатар, бұл аймақтың ең ірі қақтығыстар алаңына айналған да кездері болды.
|
|
Бүгінде БҰҰ және барша әлемдік қауымдастық мойындаған түркі мемлекеттерінің тәуелсіздігі тоқтаусыз нығайып келеді.
|
|
Келелі конференциялар мен ғылыми форумдар біздің елдеріміздің және көршілес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайта түсуге ықпал етеді.
|
|
АЙТЫЛЫМ
6-тапсырма. Топтық жұмыс
Сіздердің әрекеттеріңіз:
6 топшаға бөлініп, Қазақстан,Түркия, Әзірбайжан,Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан елдері туралы жалпы ақпарат жинау; Топшаңызға берілген сұрақты топшада талқылап, жауапты презентация арқылы қорғау;
5-тапсырмада берілген сөйлемдердегі есімдерден (зат есім, сын есім, сан есім т. б.) зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтарды пайдаланып зат есім жасаңыздар. Сөзжасамдық талдау жасап, қандай жұрнақ арқылы жасалғанын айтыңыздар. (Белгіленген регламент бойынша топшалардың жазған сөздерінің санына байланысты жеңімпаз топша анықталады)
Дескриптор парағы
|
0-40
|
Тақырып бойынша жаңа және қызықты ақпараттар болуы
|
10
|
Тақырыпты жан-жақты ашып, ойын еркін жеткізе алуы, көпшілік алдында еркін сөйлей алуы
|
10
|
Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беруі
|
10
|
Грамматикалық, стилистикалық қателердің болмауы, жатыс септігіндегі есімше, зат есім жасаушы күрделі
жұрнақтар; етістік+а ал мүмкіндік құрылымдарын дұрыс қолдануы
|
5
|
Ұсынған жұмыстарының қызығушылықты арттыратын әдемі болып шығуы
|
5
|
ТЫҢДАЛЫМ
7-тапсырма. «Түркілердің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі» бейнесюжетін https://www.youtube.com/watch?v=EDf1f-Zr8l0 сілтемесі бойынша қарап, кестені толтырыңыз.
Бейне-сюжет атауы
|
Бейне- сюжеттің идеясы
|
Бейнесюжеттің басталуы
|
Кульминация (оқиғаның шарықтауы)
|
Бейне-сюжеттің
аяқталуы
|
Түйін (Тыңдалған
мәтіннің негізгі бөлігін
өз сөзімен
айтып беру)
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |