Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет49/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

7-тапсырма. Топтық жұмыс.


Сіздердің әрекеттеріңіз:



1-топ Қазіргі қазақ театрының болашағы бар, себебі .....
2-топ Қазіргі қазақ театрының болашағы жоқ, себебі .....
12.2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ КИНОИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ
АЙТЫЛЫМ


8-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Кино өнері мен театрдың қандай ұқсастығы, айырмашылығы бар деп ойлайсыз?

  2. Отандық кино индустрияның бүгінде қандай жетістігі бар?

  3. Қандай танымал режиссерлерді білесіз?

  4. Соңғы кезде елімізде халықтың көңілінен шығып жатқан кинолар көбеюде, сізге отандық кинолар ұнай ма?

  5. Кеңес үкіметі кезінде жақсы туындылар жарық көрді, олардың қазіргі шығып жатқан кинолармен сабақтастығы бар ма?



ОҚЫЛЫМ -АЙТЫЛЫМ


9-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сызба бойынша негізгі ақпараттарды кестеге орналастырыңыз.
Қарышта, қазақ киносы!
Тарихы ғасырдан енді ғана асқан кино өнері бұл күнде адамзат үшін аса жоғары маңызға ие. Жыл сайын жан-жақты дамып, кемелдене түсуде. 1938 жылы экранға шыққан алғашқы «Амангелді» фильмінен бері қарай қазақ киносы да қанша белесті бағындырып келеді. Кешегі Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов сынды алыптар негізін қа­ла­ған отандық кино болашағы әлі де жарқын болуы керек. Айталық «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште» бастаған классикалық қазақ кинолары тек қана отандық кино индустрияның жетістігі мен жемісі емес, олар тұтас ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, тарихын тынбай насихаттап келе жатқан баға жетпес құнды жәдігерлер. «Көшпенділер», «Біржан сал», «Құнанбай», «Қазақ хандығы», «Жау жүрек мың бала» сынды фильмдер көшпелі қазақ ұлысының бай тарихын жас ұрпаққа еркін таныстыра алды.
Ел егемендік алған соң қазақ киносы 600-ден астам сапалы өнім түсіріп үлгеріпті. Оған қызмет етіп, тер төккен өнер иелері Сатыбалды Нарымбетов, Ермек Тұрсынов, Рүстем Әбдіраш, Ақан Сатаевтар қазақ киносының кешегісі мен келешегін жалғап келе жатқан жасампаз да жаңашыл нағыз майталман мамандар.
Ғаламтор желісінің қажетсіз арзан ақпараты ұрпақ санасын улап жатқан ал­мағайып кезеңде біз отандық киноға ерекше мән бергеніміз дұрыс. Тарихи санамызды оятатын салмақты да сапалы өнімдер ұлт келе­ше­гінің жарқын кепілі болмақ! Мемлекет ана тілін ерекше наси­хат­тағысы келсе, бала тәрбиесімен толыққанды айналысу керек болса, шын өнерге толық қамқорлық танытамыз десек отандық кино көкжиегін кеңейту ісін кенжелетпеген жөн. Өз тарихымызды, өткен жолымызды, асыл тегімізді, ата-бабамыз қалдырып кеткен баға жетпес бай қазынамызды көзіміздің қарашығындай сақтау – әр қазақ баласының парызы болуы керек.
Қарышта, қазақ киносы!
Ақпарат дереккөзі: https://egemen.kz/article/288627-qaryshta-qazaq-kinosy





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет