ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл курстық жұмысында «Мектептегі математикалық апталық және оны
өткізу әдістемесі» тақырып қозғалды.
Пәндік зерттеулерді жүргізуге ұсынылатын
әдістемелік ұсыныстар
апталар әрекетке арналған міндетті, сөзсіз нұсқау емес.
Дайындыққа қатысатын мектеп оқушыларының шығармашылық және
пәндік пәндік апталықтарды өткізу кезінде негізгі ұстанатын қағидаларының
бірі болып өтілетін апталықтың ерекшілігі мен даралығына көңіл аударуы
керек. Яғни келесі өткізілетін пән апталық бұрынғысынан қайталанбауы шарт.
Себебі бала қызығушылығының төмендеуіне алып келеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ең үлкен мәні –
шашыраңқылық емес, керсінше бір бағытта яки бір жүйе
сарынына келтіру
керек. Бір бағытта өтілетін апталық қызық және тартымды болары сөзсіз.
Қазіргі мектептерде оқу-тәрбие жұмысының бір түрі ретінде пән
апталығының ерекшілігі, қажеттіліктері,мотив, мақсаттары мен әрекет
құралдарының сәйкес өзгеруімен танымдық шығармашылық әрекетіне ауысуын
қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Теориялық бөлімдерде мектептің барлық
тәрбие жұмысының құрамдас
бөлігі ретінде сыныптан тыс негіздеме жұмыстары берілген. Түрлі дерек
көздерді зерделей отырып, мектеп мұғалімдері мен ғалымдарының сыныптан
тыс жұмыстарды өте маңызды деп санайтынына көз жеткіздік. Сонымен қатар,
балаларды сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі әдістер,
формаларды қолдану
арқылы баланың ой-өрісін дамытуды жеделдетеді. Көбіне мұғалімнің дұрыс
формалар мен әдістер таңдауы, сабақтың оң нәтиже беруіне алып келеді.
Пән апталығының басты ерекшіліктері – оқушылардың әртүрлі жас
топтарын біріктіріп, олардың бірлескен танымдық я шығармашылық
әрекеттеріне жағдай туғызады. Іс – шараның бұл түрі оқушының ой-өрісін
кеңейтуге, оқу іс – әрекетіне
мотивация деңгейін жоғарлатуға, жаңа орта, дос
табуға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар пән апталығы оқылатын пәндерге
деген қызығушылықты оятады, дарынды балаларды анықтайды, үлгерімі төмен
балалардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне деген сенімді оятады.
Бұл жұмыста пән апталығының бет бұрысы математика пәні болды.
Жоғарыда айтылғандардан қорытынды жасауға болады: математика
апталығы әртүрлі жастағы мектеп оқушыларына арналған түрлі сайыстар,
викториналар, ойындар және басқа да іс-шаралардың сценарийлерін қамтиды.
Оның
ережелері, мазмұны мен әдістемесі математикағы қызығушылықтары
жоқ кейбір оқушылар үшін іс-әрекеттер танымдық қызығушылықты дамытуда
бастапқы нүкте бола алатындай етіп жасалған. Ойын жағдайлары оқушылардың
іс-әрекетін белсендіреді, қабылдауды белсендірек, эмоциональды және
шығармашылық етеді.
Математика апталығының негізгі мақсаты –
сабақта өтілетін теориялық
материалды кеңейтіп, тереңдету ғана емес, сонымен қатар сабақта алған
білімдерін стандартты емес есептерді шығаруда қолдана білуге дағдыландыру,
оқушылардың бойына мәселемен жұмыс істеудің белгілі бір мәдениеті.
Бұл жұмыста біз қандай ұзындық өлшемдерінің бұрын болғанын және
қайсы
қазір бар екенін, олардың бүгінгі күнге дейін қалай қолданылатынын
зерттедік. Ұзындық өлшемдер, сандар бар мақал-мәтелдерді де келтірілді.
Ежелгі ұзындық өлшемін бүгінгі өлшеммен түрлендірдік.
Математика пәні апталығын қорытындылай келе, келесі аспектілерді атап
өту қажет:
- Жалпы студенттердің көп бөлігін тарту.Іс-шараларды дайындау және
өткізу бойынша бірлескен жұмыс, бұл олардың бойына ұжымшылдыққа деген
сезімін, қабылданған шешімдерге, бастамаларға жауапкершілікті сезіне білуге,
шығармашылық белсенді тұлғаны дамытуға көмектеседі.
- Логикалық және мәселе есептерді шешу, шығармашылық жағынан даму,
саралау деңгейлеріне әдістерді меңгеруге
жағдай жасау, өзін-өзі бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: