4. Қоршау конструкцияларының жылу техникалық есебі
Жылыту жүйесін жобалау және пайдалану үшін жылутехникадан теориялық негіздер жайында мәліметтер болу қажет. Энергияны сақтау және түрлендірудің жалпы заңының бір саласын жылу құбылыстарына пайдалануға болады. Температура айырымы жылу тасымалдау процесінің қоздырушы күші болып табылады, ал тасымалданатын жылу шамасы дененің кеңістігіндегі температураның үлестіру сипатымен, яғни температуралық өріспен байланысты болады.
Температуралық өріс деп уақыттың белгілі кезеңіндегі дененің барша нүктелеріндегі температура мәндерінің жиынын айтамыз. Температура уақыт бойынша өзгеретін жағдайда температуралық өріс қалыптаспаған, ал өзгермейтін жағдайда қалыптасқан болады. Ішкі және сыртқы ауа қатынасы сыртқы қоршаулар арқылы қарастырылады.
Жылу берудің бізге мәлім үш түрі болады: сәулелік, конвективтік және жылу өткізгіштік. Сыртқы қоршауларда жылу өткізгіштік түрі мол. Жылу техникалық есеп жылытылатын мерзімде ғимараттың барлық сыртқы қоршауларына бөлменің және қоршаушы құрылымдардың эксплуатациялық шарттары мен санитарлы-гигиеналық талаптарын есепке ала отырып жүргізіуі тиіс. Жылу техникалық есепті орындауға қажетті негізгі қажеттіліктер мынадай: жылдың салқын мерзіміндегі ішкі және сыртқы ауаның термодинамикалық параметрлері және сыртқы қоршаулардың жылуфизикалық сипаттамалары. Жобада қарастырылатын аз қабатты тұрғын үй ғимаратының сыртқы қоршауларының жылу техникалық есептеуін өткізу үшін бөлмелерінің тағайындалуы мен пайдалануын білу қажет, себебі олардың ішкі ауа температурасы, ылғалдылығы санитарлық нормалар және ережелермен беріледі. Сыртқы қоршаудың ішкі бетіндегі температурасы, ылғалды нүктедегі температурадан артық болу керек, кем дегенде 2-3ºС. Сыртқы қоршаулардың жылу тарату кедергісін энергия өнімдеу шартарын ескерумен анықтауға болады, ол үшін жылыту мезгілінің градустәулігі (ЖМГТ) анықталады.
Таңдалған материалдар:
1. Гипсоперлитті ерітінді
2. Газобетон блоктары 375×
3. Минералды талшықты төсеніштер
1-сылақ, 2-газобетон, 3-жылу оқшаулағыш төсеніш.
Достарыңызбен бөлісу: |