Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі443.15 Kb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 мамырда № 9427 тіркелді


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-трамағының 16) тармақшасын орындау үшін, сондай-ақ наркологиялық көмек көрсетудің сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е.Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      5. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министр                                    С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 15 сәуірдегі 
№ 188 бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Осы наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға талаптарды, наркологиялық көмекті ұйымдастыру кезеңдерінің (алғашқы-профилактикалық наркологиялық көмек, алғашқы наркологиялық көмек, амбулаториялық емдеу және оңалту, стационарлық емдеу және оңалту, рецидивке қарсы және қолдау терапиясы) қағидаларын, жалпы қағидаттары мен сипаттамаларын белгілейді.
      3. Наркологиялық төсектермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6744 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 2 бұйрық) бекітілген Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) туралы ереженің талаптарына сәйкес көзделеді.
      4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын ұйымдарды қоспағанда наркологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 238 бұйрық) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
      5. Осы Стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
      АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы;
      ЕДШ – емдік дене шынықтыру;
      АХЖ-10 – Аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктемесі (оныншы қайта қаралуы);
      МӘО - медициналық-әлеуметтік оңалту;
      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым;
      ҰӘБ - ұйымдастыру-әдістемелік бөлім;
      ПБЗ - психикалық белсенді зат;
      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;
      ЖИТС – жүре біткен иммундық тапшылық синдромы;
      СӨС ҚО – салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.
      6. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) наркологиялық көмек – ПБЗ тәуелділік және асыра пайдалануды профилактикалауға, зерттеп-қарауға, диагностикалауға, емдеуге, оңалтуға, қауіпті төмендетуге және ПБЗ тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
      2) наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру – наркологиялық бейіндегі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, көрсету түрлері мен көлемдерін ұлғайтуға бағытталған ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі;
      3) наркологиялық көмектің сапасы – көрсетілетін медициналық көмектің осы стандарттарға сәйкестігінің деңгейі;
      4) психикалық белсенді заттарға тәуелділік – ПБЗ тұрақты қабылдауға күшті қажеттілігімен және белгілі бір психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну кезінде адам құндылықтары мен мақсаттары жүйесіне басым болатын физиологиялық және психологиялық көріністердің ерекше үйлесімділігімен сипаталатын жағдай;
      5) тәуелдес болу – наркологиялық аурудың үдеуі мен рецидивтелуіне себепші болатын ПБЗ тәуелді адамның жақындарына және отбасына қатынастарының патологиялық жүйесі;
      6) тәуелдес адамдар - наркологиялық аурудың үдеуі мен рецидивтелуіне себепші болатын ПБЗ тәуелді адамның туыстары мен жақындары;
      7) бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек – халықтың әртүрлі нысаналы топтарында шамадан тыс пайдалануға және ПБЗ тәуелділікке тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған наркологиялық ауруды бастапқы профилактикалаудың іс-шаралар жүйесі;
      8) бастапқы наркологиялық көмек – инъекциялық есірткіні тұтынушылардың арасында АИТВ/ЖИТС таралуының тиімді профилактикасы, сондай-ақ есірткілерді тұтынушылардың медициналық-әлеуметтік оңалтудың толыққанды бағдарламаларынан өтулеріне кезең-кезеңдік уәждемелер мақсатында іске асырылатын аурудың үш реттік профилактикалық іс-шаралар жүйесі;
      9) ПБЗ тәуелді адамдарды рецедивке қарсы және қолдаушы терапия – наркологиялық медициналық ұйымдарда амбулаториялық және стационарлық емдеу курсын аяқтаған ПБЗ тәуелді тұлғалардың қайтадан шамадан тыс пайдаланбауын профилактикалауға бағытталған медициналық-әлеуметтік іс-шаралар жүйесі;
      10) халықтың нысаналы топтары – осы топқа әсер ету нәтижелерін зерттеу, әсер ету және айқындау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар белгілер бойынша айқындалатын халықтың топтары;
      11) уытсыздандыру технологиялары – ПБЗ жіті және созылмалы улану симптомдарын жою мақсатында емдік әсерлердің ғылыми-негіздемеленген тәсілдері;
      12) түзету әдістемелері – мінез-құлық бұзылыстарын түзету мақсатында медициналық әсер етудің (оның ішінде психотерапиялық, психологиялық) ғылыми негізделген тәсілдері.
2. Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы
      7. Наркологиялық ұйымдар профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырады және мамандандырылған медициналық, сондай-ақ о зиянды салдарлары бар алкогольді және (немесе) басқа да психобелсенді заттарды (есірткі, психотроптық заттарды, психостимуляторларды, галлюциногендерді, ауада ерігштерді, темекені) (бұдан әрі – ПБЗ) тұтынатын және алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ тәуелді науқастарға медициналық – әлеуметтік оңалту көмегін көрсетеді.
      8. Наркологиялық көмек көрсететін медицина ұйымдарына:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау миинистрлігінің «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – НМӘП РҒПО);
      2) облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, 100 000 мыңнан астам халық саны бар қалалардағы облыстық наркологиялық орталықтардың филиалдары, наркологиялық кабинеттер, уақытша бейімделу мен детоксикация орталықтары (бұдан әрі – наркологиялық ұйымдар);
      3) меншік нысанына қарамастан, құрылымында оларға жүктелгендерге қарай наркологиялық кабинеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар жатады.
3. Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек
көрсетуді ұйымдастыру
      9. Бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмекті мынадай бөлімдер (бөлімшелер) мен наркологиялық қызметтің арнайы топтары көрсетеді:
      1) тұрақты орналасқан объект және бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің негізгі құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруші болып табылатын облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік (емханалық) бөлімшесі;
      2) алкогольге қарсы және есірткіге қарсы (облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесінің жанында жұмыс істейтін) насихаттау кабинеті;
      3) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің не басқа да құрылымдардың жанында жұмыс істейтін жасырын наркологиялық консультация беру (немесе телефондық-консультациялық қызметі) кабинеті;
      4) аудандық емхананың наркологиялық кабинеті;
      5) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесінің жанында жұмыс істейтін медициналық ұйым басшысының бұйрығының негізінде құрылатын өңірдің тұрғындарына бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек көрсету жөніндегі арнайы топ.
      10. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде жұмыс істейтін бөлімдер (бөлімшелер) және наркологиялық қызметтің арнайы топтары:
      1) тұрақты орналасқан объект және бастапқы наркологиялық көмек көрсету жөніндегі арнайы топтың, осы кезеңде жұмыс істейтін басқа бөлімшелердің (кабинеттердің) қызметін негізгі үйлестіруші болып табылатын облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесі;
      2) жасырын (телефонмен) консультация беру кабинеті не наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым жанында жұмыс істейтін арнайы мамандандырылған телефондық - консультация беру қызметі;
      3) аудандық емхананың наркологиялық кабинеті;
      4) бастапқы наркологиялық көмек кезеңін іске асыру бойынша медициналық ұйым басшысының бұйрығымен құрылатын наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлерінің арнайы тобы (наркология бойынша тақырыптық жетілдіруі бар психиатр - дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, оңалту бойынша нұсқаушылар – тәуелділік бойынша консультанттар);
      11. Амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңінде жұмыс істейтін бөлімдер (бөлімшелер):
      1) жалпы диспансерлік наркологиялық бөлімше;
      2) балалар диспансерлік наркологиялық бөлімшесі;
      3) учаскелік дәрігер-наркологтың кабинеті;
      4) балалар дәрігер-наркологының кабинеті;
      5) ПБЗ тәуелді тұлғаларды жасырын емдеу кабинеті;
      6) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы психотерапиялық кабинет;
      7) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы психолог кабинеті;
      8) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы әлеуметтік қызметкер не әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман кабинеті;
      9) алкогольмен және есірткімен мастануды сараптау кабинеті;
      10) сот - наркологиялық сараптама кабинеті;
      11) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы ем-шара кабинеті;
      12) клиникалық - биохимиялық зертхана;
      13) нейрофизиологиялық зертхана;
      14) патопсихологиялық диагностика зертханасы;
      15) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы күндізгі стационар;
      16) физиотерапия бөлімшесі;
      17) ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларды амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңін іске асыру бойынша ақпаратты жинау, сақтаудың техникалық мүмкіндіктерімен диспансерлік бөлімше жанында тіркеу;
      18) аудандық емхана жанында жұмыс істейтін наркологиялық кабинет;
      19) амбулаториялық наркологиялық көмек көрсететін наркологиялық кабинет (орталық);
      20) ПБЗ тәуелді тұлғаларға және тәуелдес тұлғаларға бейінді психотерапиялық көмек көрсететін психотерапиялық кабинет (орталық);
      21) ПБЗ тәуелді тұлғаларға және тәуелдес тұлғаларға бейінді консультациялық - психологиялық көмек көрсететін психологиялық консультация беру кабинеті (орталығы).
      12. Стационарлық емдеу және оңалту кезеңінде жұмыс істейтін бөлімдер (бөлімшелер):
      1) қабылдау бөлімшесі;
      2) қарқынды терапия бөлімшесі (палаталар);
      3) реанимация бөлімшесі (палаталар);
      4) жіті және жіті асты абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмектік түзету, ПБЗ тәуелді тұлғаларды уәждемелік терапия жүргізуге бағдарланған стационарлық наркологиялық бөлімше (ересектер);
      5) балаларға арналған наркологиялық бөлімше;
      6) МӘО II кезеңін іске асыруға бағдарланған психотерапия және оңалту (ересектер) бөлімшесі;
      7) МӘО III кезеңін іске асыруға бағдарланған әлеуметтік оңалту (ересектер) бөлімшесі (орталық);
      8) балаларға арналған психотерапия және әлеуметтік оңалту бөлімшесі (орталығы);
      9) ПБЗ тәуелді тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі (ерлерге, әйелдерге арналған);
      10) психиатриялық аурухана жанындағы наркологиялық бөлімше;
      11) көп бейінді аурухана жанындағы наркологиялық бөлімше;
      12) туберкулезге қарсы диспансер жанындағы наркологиялық бөлімше;
      13) клиникалық-биохимиялық зертхана;
      14) нейрофизиологиялық зертхана;
      15) бактериологиялық және вирусологиялық зертхана;
      16) функционалдық және сәулелік диагностика бөлімшесі (кабинет);
      17) физиотерапия бөлімшесі (кабинет);
      18) жарақтандырылған дәріханалық қоймасы бар дәріхана.
      13. Рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде жұмыс істейтін бөлемдер (бөлімшелер) және наркологиялық қызметтің арнайы топтары:
      1) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерлерінің диспансерлік бөлімшесі;
      2) балаларға арналған диспансерлік наркологиялық бөлімше (не диспансерлік наркологиялық бөлімше құрамындағы мамандандырылған балаларға арналған наркологиялық кабинет);
      3) рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңін іске асыру жөніндегі бекітілген функциялары бар стационарлық наркологиялық бөлімше;
      4) рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңін іске асыру жөніндегі бекітілген функциялары бар балаларға арналған стационарлық наркологиялық бөлімше;
      5) диспансерден тыс наркологиялық көмек құрылымында рецидивке қарсы және қолдаушы терапия функциялары бар арнайы наркологиялық кабинет;
      6) жасырын емдеудің наркологиялық кабинеті;
      7) аудандық емхана жанындағы наркологиялық кабинет;
      8) психотерапиялық кабинет (орталық);
      9) консультациялық-психологиялық кабинет (орталық);
      10) клиникалық-биохимиялық зертхана;
      11) бактериологиялық және вирусологиялық зертхана;
      12) нейрофизиологиялық зертхана;
      13) ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңдерін іске асыру бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын диспансерлік наркологиялық бөлімшенің арнайы тобы (наркология мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер, және (немесе) психотерапия мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар);
      14) ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңдерін іске асыру бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын стационарлық бөлімше мамандарының арнайы тобы (наркология мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер және (немесе) психотерапия мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар).
      14. Наркологиялық көмек көрсету кезеңдерін ақпараттық, басқарушылық және ресурстық қамтамасыз ету мынадай бөлімдерге (бөлімшелерге) және наркологиялық қызметтің арнайы топтарына жүктеледі:
      1) наркологиялық жағдайды мониторингілеудің басқару топтарымен және кезеңдерде наркологиялық көмекті жоспарлаумен наркологиялық көмекті көрсету кезеңдерін іске асыру туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдауға арналған компьютерлік орталығы бар ұйымдастыру-әдістемелік бөлім (кабинет);
      2) наркологиялық көмек көрсету кезеңдерін ресурсты қамтамасыз ету функциялары бар наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымның әкімшілік, шаруашылық және экономикалық блоктары;
      3) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің жанындағы жұмыс істейтін және наркологиялық көмек кезеңдерінде қызметтің стратегиялық және шұғыл жоспарлау функцияларын жүзеге асыратын медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын наркологиялық көмекті жоспарлаудың арнайы тобы;
      4) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің құрылымында жұмыс істейтін және бейінді ғылыми орталықтармен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын инновациялық енгізу жөніндегі арнайы топ;
      5) наркологиялық көмек кезеңдерінде көрсетілетін көмектің сапасына бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымның ішкі аудит және сапаны бақылау жөніндегі комиссиясы.
      15. Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетудің ұсынылатын кезеңдерінің сапасы осы Стандартқа 1-5-қосымшаларға сәйкес наркологиялық көмектің кезеңдерін ұйымдастыру стандартын іске асыру кезінде қол жеткізілетін индикаторлар бойынша наркологиялық көмектің тиімділігіне мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Наркологиялық көмек осы Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес наркологиялық көмек көрсету кезеңдерінде пайдаланылатын негізгі әдістемелерге сәйкес жүзеге асырады.
4. Наркологиялық көмек алатын халықтың нысаналы топтары
      16. Бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек кезеңі халқының нысаналы топтары:
      1) балалар, жастар;
      2) ПБЗ-ға тәуелдікке тарту бейіні бойынша жоғары қауіпті топтар (қараусыз қалған балалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, жұмыссыздар, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар, мигранттар және басқалары);
      3) ПБЗ-ға тәуелділікті қалыптастырудың жоғары қаупі бар балалардың отбасылары.
      17. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінің нысаналы топтары:
      1) зиян салдары бар ПБЗ тұтынушы, бірақ қалыптасқан тәуелділік белгілері бар адамдардың тобы;
      2) ПБЗ тәуелді тұлғалар тобы;
      3) тәуелдес тұлғалар тобы.
      18. Амбулаториялық ем және оңалту кезеңінің нысаналы топтары:
      1) жас ерекшеліктері және тәуелділіктің негізгі үлгілері бойынша сараланған ПБЗ-ға тәуелді адамдардың тобы;
      2) тәуелдес тұлғалар тобы.
      19. Стационарлық емдеу және оңалту кезеңінің нысаналы топтары:
      1) жас ерекшеліктері және тәуелділіктің негізгі үлгілері бойынша сараланған ПБЗ-ға тәуелді адамдардың тобы;
      2) тәуелдес тұлғалар тобы.
      20. Рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңіндегі нысаналы топтар:
      1) жас ерекшеліктері және тәуелділік түрлері бойынша сараланған амбулаториялық және стационарлық медициналық-әлеуметтік оңалту курстарынан өткен ПБЗ тәуелді тұлғалардың тобы;
      2) рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңіне қатысу үшін уәжделген және детоксификация курстарынан өткен ПБЗ-ға тәуелді тұлғалардың тобы (амбулаториялық немесе стационарлық МӘО кезеңдерінен алдын ала өтусіз);
      3) спонтанды ремиссия (өзіндік емдеу – оңалту құралдарын қолданусыз қол жеткізілетін) жағдайында тұрған және редицивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінің іс-шаралары есебінен аталған статусты ұстауға уәжделген ПБЗ-ға тәуелді тұлғалардың тобы;
      4) тәуелді тұлғалардың тобы.
5. Наркологиялық көмекті көрсету кезеңдерінің
мақсаттары мен міндеттері
      21. Бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің негізгі мақсаты – қазіргі заманғы диагностикалық және түзету әдістемелерін қолданумен халықтың нысаналы топтарынан ПБЗ-ға тәуелділікке тартудың тиімді бастапқы профилактиканы қамтамасыз ету.
      22. Бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің негізгі міндеттері:
      1) халықтың нысаналы топтары арасында ПБЗ тәуелділікке тарту қауіптерінің таралуы және бастапқы профилактика бейіні бойынша қарсы іс-әрекеттер тиімділігі саласындағы наркологиялық жағдай мониторингі;
      2) халықтың нысаналы топтары арасында ПБЗ-ға тәуелділікті тұтыну бейіні бойынша жоғары қауіп топтарын кең ауқымды диагностикалау және қалыптастыру (балалар, жастар);
      3) халықтың нысаналы топтарында ПБЗ-ға тәуелділікке тартудың жоғары қауіптерін тиімді түзету (балалар, жастар);
      4) халықтың басқа топтарының арасында зиян салдары бар ПБЗ-ды тұтынудың және ПБЗ-ға тәуелділікке тартылудың белгілерін белсенді анықтау, анықталған контингентті аталған топтарға арналған бағдарламалардың тиімділігін ескере отырып наркологиялық көмек бағдарламаларында қатысуға уәждеу;
      5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың уәждемелік ақпараттануының бастапқы профилактикалық технологияларын іске асыру.
      23. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңдерінің негізгі мақсаттары:
      1) зиян салдары бар ПБЗ тұтынушы және ПБЗ тәуелді тұлғалардың бастапқы наркологиялық көмек бағдарламаларымен толық қамту жетістіктері;
      2) зиян салдары бар ПБЗ тұтынушы және ПБЗ тәуелді тұлғаларды толық амбулаториялық және стационарлық емдеу мен оңалтудың кезеңдеріне тиімді уәждеу және ауыстыру.
      24. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінің негізгі міндеттері:
      1) халықтың әртүрлі топтары арасында зиян салдары бар ПБЗ тұтыну белгілерін белсенді анықтау және ПБЗ тәуелділікке тарту және бастапқы наркологиялық көмек бағдарламаларына қатысуға уәждеу;
      2) зиянды салдары бар ПБЗ тұтынушы және бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде ПБЗ тәуелді тұлғаларға наркологиялық көмектің қауіпсіздігін, қолжетімділігін, көлемі мен сапасын қамтамасыз ету;
      3) ПБЗ жіті және созылмалы улануының асқынуларын және салдарын одан әрі медициналық-әлеуметтік оңалтудың толық курстарын өтуге уәждеумен экспресс-терапия және профилактика;
      4) бекітілген хаттамалар бойынша емдеуге уәжделмеген және теріс қатынастағы тұлғаларда ПБЗ-ды жүйелі тұтынудың барынша ауыр медициналық (АИТВ, ерте мүгедектік, өлімді қоспағанда коморбидті патологияны қосу) және әлеуметтік (қылмыстық белсенділік, асоциаль мінез-құлық) салдарын профилактикалау.
      25. ПБЗ тәуелді тұлғаларды амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңдерінің мақсаты – диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес ұзақ және тұрақты ремиссияға қол жеткізумен наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда тиімді амбулаториялық емдеу және оңалту.
      26. ПБЗ тұлғаларды амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңінің негізгі міндеттері:
      1) нысаналы топтардағы тұлғаларға амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңінде ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігін, қолжетімділігін, жинақталымын, көлемі мен сапасын қамтамасыз ету;
      2) негізгі нозологиялық және жас ерекшеліктері бойынша топтар бойынша сараланған клиникалық хаттамалармен бекітілгенге сәйкес ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларды амбулаториялық емдеу және оңалту;
      3) амбулаториялық емдеу кезеңіндегі пациентті толық стационарлық емдеу мен оңалтудың курстарынан (айғақтар бойынша) өтуге, сондай-ақ амбулаториялық емдеу аяқталғаннан кейін рецидивке қарсы және қолдаушы терапия курстарынан өтуге уәждейді;
      4) амбулаториялық емдеу және оңалту курстарын алған ПБЗ-ға тәуелді тұлғалардың жақын айналасындағы тұлғалардың отбасы ішілік және тұлға аралық қатынастарын түзету бойынша бірге тәуелді тұлғалармен мақсатты жұмыс.
      27. ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларды стационарлық емдеу және оңалту кезеңінің мақсаты - ұзақ және тұрақты ремиссияға қол жеткізумен наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда тиімді стационарлық көмек көрсету және оңалту.
      28. ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларды стационарлық емдеу және оңалту кезеңінің негізгі міндеттері:
      1) нысаналы топтардың адамдарына стационарлық емдеу және оңалту кезеңінде ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігін, қолжетімділігін, диапазонын, көлемі мен сапасын қамтамасыз ету;
      2) бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі нозологиялық және жас ерекшеліктері бойынша сараланған ПБЗ тәуелді тұлғаларды стационарлық емдеу және оңалту бағдарламаларын іске асыру;
      3) рецидивке қарсы және қолдаушы терапия (айғақтар бойынша) курстарын өтуге стационарлық наркологиялық көмекті алатын пациенттерді уәждеу;
      4) стационарлық емдеу және оңалту курстарын алған ПБЗ-ға тәуелділердің жақын айналасындағы отбасы ішілік және тұлға аралық қатынастарды түзету бойынша бірге тәуелді тұлғалармен мақсатты жұмыс.
      29. ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінің мақсаты – рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде ПБЗ тұтынудың және рецидивтердің орындалмауын профилактикалау, медициналық-әлеуметтік оңалту курстарын аяқтаған адамдарда ұзақ және тұрақты ремиссияны қамтамасыз ету.
      30. ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларды рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңіндегі негізгі міндеттер:
      1) халықтың нысаналы топтарына рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігін, қолжетімділігін, ассортиментін, көлемі мен сапасын қамтамасыз ету;
      2) ремиссия жағдайындағы ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға рецидивке қарсы және қолдаушы терапия бағдарламаларын іске асыру;
      3) рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңдерімен қамтылған ПБЗ-ға тәуелділердің жақын айналасындағы отбасы ішілік және тұлға аралық қатынастарды түзету бойынша бірге тәуелді тұлғалармен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет