Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы


ПБЗ тәуелді тұлғалардың рецидивке қарсы және қолдау терапиясы



бет3/3
Дата17.07.2016
өлшемі188.5 Kb.
#206456
1   2   3

ПБЗ тәуелді тұлғалардың рецидивке қарсы және қолдау терапиясы
кезеңін ұйымдастыру стандартын іске асыру кезінде қол
жеткізілетін индикаторлар (нәтижелер)





Индикатор атауы

Өлшем бірліктері

Индикатор мәні немесе оның динамикасы

1.

Күшеюге қарсы және қолдаушы терапия кезеңіне жіберілген ПБЗ тәуелді пациенттер санының
а) бастапқы наркологиялық көмек кезеңін,
б) амбулаториялық және оңалту курсын,
в) стационарлық емдеу және оңалту курсын өткеннен кейін, соңғы жылдардың ішінде ПБЗ тәуелділердің бастапқы наркологиялық көмек курсын алушылардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

2.

Күшеюге қарсы және қолдаушы терапия кезеңіне жіберілген ПБЗ тәуелді балалар санының
а) бастапқы наркологиялық көмек кезеңінен,
б) амбулаториялық емдеу және оңалту курсынан соң,
в) стационарлық емдеу және оңалту курсынан, соңғы жылдардың ішінде ПБЗ тәуелділердің бастапқы наркологиялық көмек курсын алушылардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

3.

Күшеюге қарсы және қолдаушы терапия курсын аяқтаушы немесе алушы ПБЗ тәуелді пациенттердің арасында ұзақтығы 1 жыл және одан да көп ремиссия таралу көрсеткіші:
а) бастапқы наркологиялық көмек кезеңінен,
б) амбулаториялық емдеу және оңалту курсынан,
в) стационарлық емдеу және оңалту курсынан жіберілгеннен кейін

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

4.

Күшеюге қарсы және қолдаушы терапия курсын аяқтаушы немесе алушы ПБЗ тәуелді балалардың арасында ұзақтығы 1 жыл және одан да көп ремиссия таралу көрсеткіші:
а) бастапқы наркологиялық көмек кезеңінен,
б) амбулаториялық емдеу және оңалту курсынан,
в) стационарлық емдеу және оңалту курсынан жіберілгеннен кейін

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

5.

Күшеюге қарсы және қолдаушы терапия кезеңімен қамтылған есірткіге тәуелді адамдар контингентінің АИТВ жұқтыру көрсеткіші

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

6.

ПБЗ тәуелді тұлғаларды күшеюге қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде зиянды салдарымен қамтылған топтарына сауалнама өткізу барысындағы контингенттің күтулері мен мұқтаждығына ұсынылған қызметтердің сәйкестігінің күшеюге қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде орта немесе жоғары дәрежесінің болуы

%

50

Қазақстан Республикасы 


Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 15 сәуірдегі
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Стандартқа      
6-қосымша       
Наркологиялық көмек көрсету кезеңдерінде пайдаланылатын
негізгі әдістемелер
      1. Бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінде қолданылатын негізгі әдістемелер:
      1) диагностикалық әдістемелер:
      бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек кезеңнің нысаналы топтарына жататын тұлғалар арасында ПБЗ тәуелділікке тарту қауіптерін психологиялық диагностикалау;
      балаларда және жасөспірімдерде ПБЗ тәуелділікті қалыптастыруға себепші болатын үйлесімді емес отбасылық ара-қатынастарды (жоғары қауіпті отбасылар) психологиялық диагностикалау;
      2) ақпараттық және консультациялық әдістемелер:
      ПБЗ-ға тәуелділікті қалыптастырудың тиімді профилактикасы мәселелері бойынша бастапқы – профилактикалық көмек кезеңін іске асыру кезінде негізгі сыртқы серіктестерді – ұйым қызметкерлерін және халықты уәждемелік ақпараттандыру;
      ПБЗ-ға тәуелділікке тартудың тиімді профилактикасы мәселелері бойынша бастапқы–профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің нысаналы топтарына жататын тұлғаларды топтық наркологиялық консультация беру;
      ПБЗ-ға тәуелді болуға жоғары қауіпті бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек кезеңнің нысаналы топтарына жататын тұлғаларға жеке наркологиялық консультация беру;
      балалардағы ПБЗ-ға тәуелділіктің қалыптасу қаупі жоғары отбасыларының мүшелеріне наркологиялық консультация беру;
      БЗ-ға тәуелділікті ерте диагностикалау және тартудың жоғары қауіптерін түзету мәселелері бойынша педагог – психологтарға, мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға және валеолог – педагогтарға наркологиялық консультация беру;
      сенім телефоны арқылы ПБЗ-ға тәуелділікке тартудың тиімді профилактикасы мәселелері бойынша жасырын наркологиялық консультация беру;
      бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің ПБЗ-ға тәуелділікке тартудың жоғары қауіпті нысаналы топтарына жататын тұлғаларды топтық психологиялық консультация беру;
      бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің ПБЗ-ға тәуелділікке тартудың жоғары қауіпті нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жеке психологиялық консультация беру;
      балаларда, жасөспірімдерде, жастарда ПБЗ-ға тәуелділіктің қалыптасу қаупі жоғары отбасыларында ата-аналарына және үлкен туыстарына психологиялық консультация беру,
      3) түзету әдістемелері
      ПБЗ-ға тәуелділікке тартуға бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек кезеңдерінің нысаналы топтарына жататын тұлғаларда психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру бойынша әлеуметтік – психологиялық тренингтер;
      ПБЗ-ға тәуелділікке тартылу қаупі жоғары бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек кезеңдерінің нысаналы топтарына жататын тұлғаларға қысқа мерзімді топтық психотерапия;
      ПБЗ-ға тәуелділікке тартылу қаупі жоғары тұлғаларға қысқа мерзімді жеке психотерапия.
      2. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде қолданылатын негізгі әдістемелер:
      1) диагностикалық әдістемелер:
      АХЖ-10 өлшемдерін пайдаланумен зиян салдары бар ПБЗ тұтынуды диагностикалау;
      АХЖ-10 өлшемдерін пайдаланумен ПБЗ-дан тәуелділік синдромын (бастапқы және кең түрдегі клиникалық нысандар) диагностикалау;
      «Аддикция ауырлық индексі» құрылғысын қолданумен ПБЗ-ға тәуелділіктің негізгі көріністерінің ауырлық деңгейін бағалау;
      бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде химиялық тәуелділікке, қатысты коморбидті патологияға диагностика (АИТВ, В және С гепатиті, флебиттер, абсцесстер, жыныстық жолмен берілетін аурулар);
      2) ақпараттық және консультациялық әдістемелер:
      ПБЗ тәуелді тұлғаларға уәждемелік ақпараттандыру;
      ПБЗ тәуелді тұлғаларға наркологиялық консультация беру;
      бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде бірге тәуелді тұлғаларға наркологиялық консультация беру;
      ПБЗ тәуелді тұлғаларға және бірге тәуелді тұлғаларға әлеуметтік консультация беру;
      3) дәрі-дәрмектік және орын басушылық терапия әдістемелері:
      тәуелділік және оның асқынулары синдромының дәрі-дәрмектік терапиясы (уланулар, дозадан артық беру);
      коморбид патологияның кешенді дәрі-дәрмектік терапиясы;
      айғақтар бойынша екпе есірткілерін тұтынушылар үшін орын алмастырушы терапия;
      4) психотерапиялық және тренингтік әдістемелер
      ПБЗ тәуелді тұлғалардың қысқа мерзімді уәждемелік психотерапиясы (топтық, жеке);
      ПБЗ тәуелді тұлғалардың проблемалық – бағдарланған психотерапиясы (топтық, жеке);
      ПБЗ тәуелді тұлғалардың стресс-шок психотерапиясы;
      ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға толық медициналық-әлеуметтік оңалту курстарын өтуге тұрақты уәждемені қалыптастыру жөніндегі тренингтер;
      5) есірткіні тұтынудан зиянды төмендету бағдарламаларында қолданылатын өзге де әдістемелер:
      егетін есірткіні тұтынушыларға материалдарды ұсыну (шприцтерді ауыстыру, дезинфекциялық, ақпараттық материалдарды, егетін есірткіні тұтынушыларға презерватив беру;
      егетін есірткіні тұтынушыларды қауіпсіз тәртіпке (АИТВ жұқтырған бейін бойынша) арнайы оқыту (қауіпсіз егу, дозадан артық кетуді профилактикалау, қауіпсіз секс), бірге тәуелді тұлғаларды оқыту;
      егетін есірткіні тұтынушыларға әлеуметтік көмек және қолдау (құжаттарын қалпына келтіру; жұмысқа орналасуға көмектесу);
      АИТВ-ға тестілеу кезінде тест алдында және тесттен кейін консультация беру.
      3. Амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңдерінде қолданылатын негізгі әдістемелер:
      1) диагностикалық әдістемелер:
      ПБЗ-ды тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылулары АХЖ-10 өлшемдерін қолданумен клиникалық – психопатологиялық диагностикалау;
      «Аддикция ауырлық индексі» құрылғысын қолданумен ПБЗ-ға тәуелділіктің негізгі көріністерінің ауырлығының дәрежесін бағалау;
      психикалық қызмет саласы ерекшеліктерінің экспериментальды – психологиялық диагностикасы (стандартты);
      оңалту әлеуетінің және МӘО өзекті нысандарының деңгейлерін экспериментальды – психологиялық диагностикасы;
      химиялық тәуелділік диагнозына қатысты коморбидті патологияның клиникалық диагностикасы;
      клиникалық-биохимиялық диагностика;
      АИТВ-ға тестілеу мүмкіндіктерін қоса алғанда бактериологиялық және вирусологиялық диагностика;
      нейрофизиологиялық диагностика;
      электрокардиография;
      рентгенологиялық диагностика;
      ультрадыбыстық диагностика;
      ағзаның биологиялық сұйықтықтары мен тіндеріндегі ПБЗ құрамын талдау:
      2) детоксификация әдістемелері:
      инфузиялық әдістер;
      экстракорпоралдық әдістер;
      антагонистикалық препараттарды енгізумен байланысты жеделдетілген детоксификация;
      3) дәрі-дәремектік терапия:
      тәуелділік пен оның асқыну синдромының психофармакотерапиясы;
      ми зат алмасуына және ПБЗ созылмалы улану салдарының өтемақысын ынталандыруға бағытталған симптоматикалық дәрі-дәрмектік психотерапия;
      коморбидті патологияның дәрі-дәрмектік терапиясы;
      апиын рецепторларының блокаторларын қолданумен антагонистикалық терапия;
      4) дәрі-дәрмектік емес терапия:
      физиотерапия;
      рефлексотерапия;
      ЛФК, спортпен терапия;
      5) консультациялық әдістемелер:
      ПБЗ тәуелді тұлғаларға және бірге тәуелді тұлғаларға наркологиялық консультация беру;
      ПБЗ тәуелді тұлғаларға және бірге тәуелді тұлғаларға психологиялық консультация беру;
      ПБЗ тәуелді тұлғаларға және бірге тәуелді тұлғаларға әлеуметтік консультация беру;
      6) тренингтік әдістемелер:
      толық емдеуден өтуге және ПБЗ-ды тұтынудан бас тартуға тұрақты уәждемені қалыптастыру жөніндегі тренингтер;
      қажетті бейімдеушіліктің сензитивтік, коммуникативтік, ассертивтік, креативтік дағдыларын қалыптастыру жөніндегі тренингтер;
      ПБЗ-ға тәуелділікке қайта тартуға психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру жөніндегі тренингтер;
      7) психотерапиялық әдістемелер топтық және жеке уәждемелік психотерапия;
      топтық, жеке проблемалық-бағдарланған психотерапия;
      ПБЗ тәуелді тұлғаларды стресстік – шок психотерапиясы.
      8) оңалту әдістемесі:
      ПБЗ тәуелді балаларды амбулаториялық оңалтудың бағдарламалары;
      ПБЗ тәуелді ересектерді амбулаториялық оңалтудың бағдарламалары;
      9) сараптамалық әдістемелер және куәландыру әдістемелері:
      сот - наркологиялық сараптама;
      әскери-дәрігерлік сараптама;
      уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы;
      наркологиялық диагноздың не оның болмауы негіздемесі мәніне наркологиялық куәландыру.
      алкогольге немесе есірткілік мастануды анықтау мәніне наркологиялық куәландыру.
      4. Стационарлық емдеу және оңалту кезеңінде қолданылатын негізгі әдістемелер:
      1) диагностикалық әдістемелер:
      ПБЗ-ды тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылулары АХЖ-10 өлшемдерін қолданумен клиникалық – психопатологиялық диагностикалау;
      «Аддикция ауырлық индексі» құрылғысын қолданумен ПБЗ-ға тәуелділіктің негізгі көріністерінің ауырлығының дәрежесін бағалау;
      коморбидті патологияның клиникалық диагностикасы;
      клиникалық-биохимиялық диагностикасы;
      бактериологиялық және вирусологиялық диагностика;
      нейрофизиологиялық диагностика;
      электрокардиография;
      рентгенологиялық диагностика;
      ультрадыбыстық диагностика;
      ПБЗ-ға тәуелді тұлғалардың психикалық қызмет саласы ерекшеліктерінің экспериментальды – психологиялық диагностикасы (стандартты);
      ПБЗ-ға тәуелді тұлғалардың оңалту әлеуетінің және МӘО өзекті нысандарының деңгейлерін экспериментальды – психологиялық диагностикасы;
      ағзаның биологиялық тіндеріндегі және сұйықтарындағы ПБЗ құрамын талдау;
      2) детоксификация әдістемесі:
      инфузиялық әдістемелер;
      экстракорпоралдық әдістемелер;
      3) дәрі-дәрмектік терапия:
      тәуелділік синдромының және оның асқынуларының психикалық фармакологиялық терапиясы;
      абстинентті көріністерді тоқтатуға бағытталған симптомдық дәрі-дәрмектік терапия;
      ми зат алмасуына және ПБЗ созылмалы улану салдарынан арылуды ынталандыруға бағытталған симптоматикалық дәрі-дәрмектік психотерапия;
      коморбидті патологияны сараланған дәрі-дәрмектік терапия;
      апиын рецепторларының қоршауларын қолданумен антагонистикалық терапия;
      АИТВ-жұқтырған есірткіге тәуелді тұлғаларды өзіндік ретровирусқа қарсы терапия;
      4) дәрі-дәрмектік емес терапия:
      физиотерапия;
      рефлексотерапия;
      ЛФК, спортпен терапия.
      5) консультациялық әдістеме:
      МӘО бағдарламаларында пациенттерге және бірге тәуелді тұлғаларға наркологиялық консультация беру;
      МӘО бағдарламаларында пациенттерге және бірге тәуелді тұлғаларға психологиялық консультация беру;
      МӘО бағдарламаларында пациенттерге және бірге тәуелді тұлғаларға әлеуметтік консультация беру;
      МӘО бағдарламаларында оңалту бойынша штаттық инструктор – консультанттар өткізетін химиялық тәуелділік проблемалары бойынша уәжделген консультация беру;
      коморбидті патологияны диагностикалау мен емдеу жөніндегі көп бейінді дәрігерлік консультация беру;
      6) тренингтік әдістеме:
      МӘО бағдарламаларындағы уәждемелік тренингтер;
      МӘО бағдарламаларындағы бейімдеуші дағдыларды, стресске тұрақтылық дағдыларын қалыптастыру жөніндегі тренингтер;
      МӘО бағдарламаларындағы ПБЗ тәуелділікке қайта тартуға психологиялық тұрақтылық ерекшеліктерін қалыптастыру жөніндегі тренингтер;
      7) психотерапиялық әдістемелер:
      МӘО бағдарламаларындағы топтық уәждемелік психотерапия;
      МӘО бағдарламаларындағы жеке уәждемелік психотерапия;
      МӘО бағдарламаларындағы химиялық тәуелділікке қайта тартуға психикалық тұрақтылығының ерекшеліктерін қалыптастыруға бағытталған топтық проблемалық - бағдарланған психотерапия;
      8) оңалту әдістемесі:
      алкогольден және басқа ПБЗ-дарға тәуелді балаларға арналған МӘО бағдарламалары;
      алкогольден және басқа ПБЗ-дарға тәуелді ересектерге арналған МӘО бағдарламалары;
      9) еңбек терапиясы:
      өз өзіне қызмет көрсету, үй-жайларды тазалау бойынша МӘО бағдарламаларында еңбек терапиясы;
      өндірістік шеберханаларда және цехтарда МӘО бағдарламаларында еңбек терапиясы;
      МӘО бағдарламаларында қосалқы шаруашылықта еңбек терапиясы;
      10) сараптамалық әдістеме және куәландыру әдістемелері:
      әскери-дәрігерлік сараптама;
      сот - наркологиялық сараптама;
      уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы;
      наркологиялық диагноздың не оның болмауы негіздемесі мәніне наркологиялық куәландыру;
      алкогольге немесе есірткілік мастануды анықтау мәніне наркологиялық куәландыру.
      5. Рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде қолданылатын негізгі әдістемелер:
      1) диагностикалық әдістеме:
      организмнің биологиялық сұйықтары мен тіндеріндегі ПБЗ құрамын талдау;
      АИТВ-ға тестілеу;
      «Аддикция ауырлығы индексі» (ААИ) құралын пайдаланумен тәуелділік ауырлығын диагностикалау;
      рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде оңалту әлеуетін және өзекті нысана деңгейін экспериментальді – психологиялық диагностикалау;
      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдіснамасы бойынша өмір және әлеуметтік жұмыс істеу сапасын анықтау (SF-36 сауалнама парағы);
      клиникалық-биохимиялық диагностика (айғақтар бойынша);
      нейрофизиологиялық диагностика (айғақтар бойынша);
      2) детоксификация әдістемелері:
      инфузиялық терапия (бұзылу шағының соңында қолданылады);
      3) дәрі-дәрмектік терапия:
      психофармакологиялық терапия (бұзылу шағының соңында; ПБЗ-ға патологиялық тартудың асқынуында; аффектті ауытқу кезеңінде; стресстік реакция және жағдайларда – бейімдеуші кезеңдерде қолданылады);
      ми зат алмасуын ынталандыруға бағытталған симптомдық дәрі-дәрмектік терапия (айғақтар бойынша);
      коморбидті патологияны (айғақтар бойынша) симптомдық дәрі-дәрмектік терапия;
      апиынды рецепторларды қолданумен антагонистикалық терапия;
      4) дәрі-дәрмектік емес терапия:
      айғақтар бойынша физиотерапия;
      айғақтар бойынша рефлексотерапия;
      ЕДШ, спортпен терапия;
      5) консультациялық әдістемелер:
      ПБЗ тәуелді және бірге тәуелді тұлғаларға наркологиялық консультация беру;
      ПБЗ тәуелді және бірге тәуелді тұлғаларға психологиялық консультация беру;
      ПБЗ тәуелді және бірге тәуелді тұлғаларға әлеуметтік консультация беру;
      6) тренингтік әдістеме:
      рецидивке қарсы және қолдаушы терапияны жалғастыруға уәждемелік тренингтер;
      бейімдеуші дағдыларды және стресске тұрақтылықты қалыптастыру жөніндегі тренингтер;
      ПБЗ тәуелділікке қайта тартуға психикалық тұрақтылықты қалыптастыру жөніндегі тренингтер;
      7) психотерапиялық әдістемелер:
      ПБЗ тәуелді тұлғалардың топтық проблемалық - бағдарланған психотерапиясы;
      ПБЗ тәуелді тұлғалардың жеке проблемалық - бағдарланған психотерапиясы;
      бұзылу шағының соңындағы ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға жеке экспресс - психотерапия.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет