Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет113/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу –

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған;

4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы;

6) қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді бiлiм беру ұйымдарында не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға өткізу –

мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 297-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


298-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекет –

мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты;

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет