Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет130/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу

1. Жербетi немесе жерасты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, қоқыстау, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер бұл айтарлықтай экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –

бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Ірі экологиялық залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлiктерiнде көзделген, аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 328-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


329-бап. Атмосфераны ластау

1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан атмосфералық ауаны ластау немесе оның табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, егер бұл іс-әрекет ірі экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 329-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет