Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет161/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

379-бап. Билік өкіліне бағынбау

1. Төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында, сол сияқты төтенше ахуал жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау –

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

2) бірнеше рет жасалған іс-әрекет –

төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 379-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері

1. Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерді орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өлтірумен, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту –

екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

2) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

3) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;

4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет –

үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану –

төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген:

1) екi немесе одан көп адамға қатысты;

2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

3) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

4) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен;

5) бірнеше рет;

6) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

7) төтенше ахуал кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiктер барысында;

8) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану –

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген:

1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

3) аса қатыгездікпен жасалған;

4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;

6) бірнеше рет;

7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 380-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет