Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет171/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

398-бап. Байланыс желiлерi мен құрылыстарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу

1. Байланыс желiлерiн немесе байланыс құрылыстарын күзету қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет байланыстың үзiлуiне әкеп соқса немесе байланыстың үзілу қатерін төндірсе, –

сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Байланыс желiлерiн күзету қағидаларын қалааралық байланыстың кәбілдік желiсiнің бүлiнуiне немесе қалааралық байланыстың үзілуіне әкеп соққан бұзу –

бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарын басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу –

үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 398-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


399-бап. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану

1. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану –

екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 399-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет