Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет24/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту

1. Он сегiз жасқа толған адамның кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартуы –

үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық топтың қылмыстық әрекетіне тартуға байланысты іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 132-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет