Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет42/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

169-бап. Экоцид

Өсiмдiктер әлемін немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық зілзаланы немесе төтенше экологиялық ахуал туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де әрекеттердi жасау –

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


170-бап. Жалдамалылық

1. Жалдамалыны азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу –

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жалдамалының қарулы қақтығысқа, соғыс қимылдарына немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне қатысуы не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуы –

мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет –

мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 170-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет