267-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру
1. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық ету –
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заңсыз әскерилендірілген құралымға қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қаруы мен әскери жарағын тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 267-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
268-бап. Бандитизм
1. Тұрақты қарулы топты (банданы) құру, сол сияқты осындай топқа (бандаға) басшылық ету –
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасап жүрген шабуылдарға қатысу –
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу
1. Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша;
6) мемлекеттiк органдардың немесе мемлекеттiк мекемелердiң ғимараттарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 269-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |