235-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Ескерту. 235-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның немесе дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес міндетті есепке жатқызылуға тиіс, ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы ірі мөлшердегі қаражатты шетелден банктегі шотқа қайтармауы арқылы ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес міндетті есепке жатқызылуға тиіс қаражатты банктегі шотқа қайтарған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 235-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |