Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет224/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану

1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 334-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет