401-бап. Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау
Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, сол сияқты осындай жағдайларда ұйымның жұмысына кедергi жасау –
екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 401-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |