301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
Ескерту. 301-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
1. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді дайындау немесе қайта өңдеу үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу –
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) бірнеше рет;
4) электрондық ақпараттық ресурстар арқылы жасалған іс-әрекеттер –
жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 301-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |