Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет294/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

402-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер

1. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған шақыру, сол сияқты жұмыскерлерді осы мақсатта параға сатып алу – 

екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірген не жаппай тәртіпсіздікке әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 402-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет