171-бап. Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер)құру
Жалдамалыларды дайындау үшін көрiнеу базалар (лагерьлер) құру не үй-жайды немесе жер учаскесін осы мақсаттарға көрiнеу беру –
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 171-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
172-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу
Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы –
бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |