Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет96/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

202-бап. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру

1. Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру – 

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған

2) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан

3) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты не оның жақын туыстарына қатысты нақ сондай уәждермен жасалған

4) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша жасалған

5) ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет – 

үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 

1) абайсызда адам өлiмiне

2) аса ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер – 

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет