бұр. ред. қара) 375-бап өзгертілді
375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылдан екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiнi, қылмысты жеңiлдететiн мән жайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 376-бап өзгертілді
376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзу
1. Шекаралық нарядтың құрамына кiретiн немесе шекаралық қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 377-бап өзгертілді
377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық ережелерiн бұзу
1. Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (вахта) қызметiнiң жарғылық ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет қарауыл (вахта) күзететiн объектiге зиян келтiруге немесе өзге зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 378-бап өзгертілді
378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн бұзу
1. Бөлiмнiң тәулiктiк нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кiретiн адамның iшкi қызмет атқарудың жарғылық ережелерiн бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн және осы ережелердi дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкiмдердi бұзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның мiндетiне кiретiн болса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 379-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса,-
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 380-бап өзгертілді; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 380-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
380-бап. Билiктi терiс пайдалану
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейінгі мерзімге абақтыда ұстауға немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауынгерлік жағдайда жасалған әрекеттер, -
жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 380-1-баппен толықтырылды
380-1-бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану
1. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерi шегiнен сөзсіз асып кететiн, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейінгі мерзімге абақтыда ұстауға немесе екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған не:
а) күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып;
б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолданып;
в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған нақ сол әрекет, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер, -
жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесілген немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 380-2-баппен толықтырылды
380-2-бап. Билiктiң әрекетсiздiгi
1. Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауынгерлік жағдайда жасалған әрекеттер, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 381-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
381-бап. Қызметке селқос қарау
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 382-бап өзгертілді
382-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету
1. Құрып бара жатқан әскери кеменi өзiнiң әскери мiндеттерiн ақырына дейiн орындамаған кеме командирiнiң, сол сияқты командирдiң оған тиiстi өкімінсiз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 383-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
383-бап. Жауға соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету
Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi жауға беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 384-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
384-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу
Қорқақтық немесе жiгерсiздiк салдарынан өз еркiмен тұтқынға берiлу -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 385-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
385-бап. Тонаушылық
Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) -
бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына сәйкес 386-баптың атауы өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 386-бап өзгертілді
386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту
1. Мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметi бойынша сенiп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдары болып табылса -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екі айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе қызметi бойынша белгiлi болған адамның жария етуi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың болуына әкеп соққан әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 387-бап өзгертілді
387-бап. Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру
1. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 388-бап өзгертілді
388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру
Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 389-бап өзгертілді
389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерiн бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 390-бап өзгертілді
390-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу
1. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 391-бап өзгертілді
391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу
1. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк машинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейінгі мерзімге абақтыда ұстауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
«Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 Нормативтік қаулысын қара
392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу
Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
393-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу
Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Алматы, 1997 жылғы шілденің 16-сы.
№ 167-I
Достарыңызбен бөлісу: |