Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi



бет22/22
Дата17.06.2016
өлшемі1.44 Mb.
#143379
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

366-бап. Әскери қылмыс ұғымы

Әскерге шақыру бойынша не келiсiм шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуi кезiнде әскери қызмет атқарудың белгiленген тәртiбiне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады.

 

2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен  367-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау

1. Бағынбау яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгiленген тәртiпте берiлген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесiне елеулi зиян келтiрiп, өзгедей әдейi орындамауы -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер –

бес жылдан жиырма жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал қылмысты ауырлататын жағдайларда өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды

3-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер –

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде – өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты орындамау -

бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған, осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әрекет -

үш жылдан он жылға дейiнгi мөлшерде бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен  368-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету

1. Бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзiне жүктелген мiндеттi атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы мәжбүр ету -

алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл осы әрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) қару қолдана отырып жасаса;

в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -

үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -



бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен мазмұн төртінші бөлікпен толықтырылды



4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлік­терінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер –

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен  369-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi

1. Бастықтың әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе осы мiндеттердi атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл осы әрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) қару қолданып жасаса;

в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтiрсе -

үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -



бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен мазмұн төртінші бөлікпен толықтырылды



4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер –

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 370-бап өзгертілді



370-бап. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу

1. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн кемсiту немесе жәбiрленушiнi масқаралауға байланысты бұзу -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) екi немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;

в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

г) қару қолданып жасаса;

д) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -

он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 371-бап өзгертілді

371-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу

1. 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Бағыныштының бастыққа сол сияқты әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тiл тигiзуi -

бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 372-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 372-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

1. Бейбіт уақытта жасалған, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен тастап кетушілік бір айдан ұзаққа созылса, –

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, егер өз бетімен тастап кетушілік бір тәуліктен ұзаққа созылса, –

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Ұзақтығына қарамастан, ұрыс жағдайында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, –

үш жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 373-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)



373-бап. Қашқындық

1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлiмдi немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қызмет бойынша сенiп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған қашқындық -

үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -

жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен мазмұн төртінші бөлікпен толықтырылды

4. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекет –

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметшi, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.



ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 374-бап өзгертілді

374-бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тәсiлмен әскери қызметтен жалтару

1. Әскери қызметшiнiң ауруды сылтау ету, немесе өзiне қандай да бiр болмасын зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтiру, немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан жалтаруы -



айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге әскери қызметі бойынша шектеуге не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан толық босану мақсатында жасаған дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -

бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен мазмұн төртінші бөлікпен толықтырылды



4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер –

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 375-бап өзгертілді



375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу

1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -

бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiнi, қылмысты жеңiлдететiн мән жайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 376-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзу

1. Шекаралық нарядтың құрамына кiретiн немесе шекаралық қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 377-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық ережелерiн бұзу

1. Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (вахта) қызметiнiң жарғылық ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет қарауыл (вахта) күзететiн объектiге зиян келтiруге немесе өзге зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -

жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен  (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 378-бап өзгертілді

378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль

болудың жарғылық ережелерiн бұзу

1. Бөлiмнiң тәулiктiк нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кiретiн адамның iшкi қызмет атқарудың жарғылық ережелерiн бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн және осы ережелердi дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкiмдердi бұзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның мiндетiне кiретiн болса -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 379-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса,-

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 380-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен  380-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



380-бап. Билiктi терiс пайдалану, билiктiң асыра қолданылуы немесе әрекетсiздiгi

1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын терiс пайдалануы, билiгiн немесе қызметтiк өкiлеттiгiн асыра қолдануы, сол сияқты пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке мүдделiлiкте жасаған және елеулi түрде зиян келтiрген, әскери қызметшiлердiң (азаматтардың) немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соққан билiктiң әрекетсiздiгi -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -



мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады,

2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен мазмұн төртінші бөлікпен толықтырылды



4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер –

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

381-бап. Қызметке селқос қарау



1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -

жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -

үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 382-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



382-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету

1. Құрып бара жатқан әскери кеменi өзiнiң әскери мiндеттерiн ақырына дейiн орындамаған кеме командирiнiң, сол сияқты командирдiң оған тиiстi өкiмiнсiз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуi -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

383-бап. Жауға соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету

Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi жауға беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса -

бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

384-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу

Қорқақтық немесе жiгерсiздiк салдарынан өз еркiмен тұтқынға берiлу -

он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

385-бап. Тонаушылық

Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) -

үш жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 386-баптың атауы өзгертілді

386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту

1. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметi бойынша сенiп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдары болып табылса -

бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе қызметi бойынша белгiлi болған адамның жария етуi -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -

үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 387-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



387-бап. Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру

1. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 388-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру

Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса -

бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 389-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту

Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерiн бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 390-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



390-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу

1. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -

екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -

он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 391-бап өзгертілді



391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу

1. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк машинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -

алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу

Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

393-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу

Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу -



үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 



Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

        Н. Назарбаев



 

Алматы,  1997 жылғы  шілденің 16-сы.



 № 167-I

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет