(экстрадициялау) кезінде күзетпен ұстау
586-бап. Ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылатын
адамның құқықтары
587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық
құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері
588-бап. Адамды уақытша күзетпен ұстау
589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу
590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тарту
591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу
бойынша шешім
592-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге
шағым жасау тәртібі
593-бап. Шет мемлекетке беруді кейінге қалдыру және адамды
уақытша ұстап беру (экстрадициялау)
594-бап. Адамды беру (экстрадициялау)
595-бап. Транзиттік тасымалдау
61-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ
596-бап. Қылмыстық іс жүргізуді шет мемлекеттің құзыретті
органына беру тәртібі мен шарттары
597-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салудың
(тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны
598-бап. Шет мемлекеттерден қылмыстық іс жүргізуді қабылдау
тәртібі мен шарттары
599-бап. Қылмыстық қудалауды жалғастырудан бас тарту
600-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу
(тапсырма, өтінішхат) алынғанға дейін
адамды күзетпен ұстау
62-тарау. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР СОТТАРЫНЫҢ ҮКІМДЕРІ
МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
601-бап. Шет мемлекеттер соттарының Қазақстан Республикасында
танылатын үкімдері мен қаулылары
602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды – жазасын өтеу
үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін
адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы
болып табылатын мемлекетке беру негіздері
603-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру шарттары
604-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру туралы
мәселені шешу тәртібі
605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың
үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе
өзгерту туралы хабарлау
606-бап. Шет мемлекетке сотталған адамды немесе медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды
беруден бас тарту
607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе
мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет
мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және
орындау туралы өтiнiшхатты қарау
608-бап. Шет мемлекет сотының үкiмiн немесе қаулысын
орындауға байланысты мәселелердi соттың шешу тәртiбi
609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды
немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру
610-бап. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын өзгерту
немесе оның күшін жою туралы хабар
611-бап. Халықаралық сот мекемелерінің үкімдерін тану
және орындау
13-БӨЛІМ. ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ ЖАСАЛҒАН
ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
63-тарау. ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ,
ОНЫ ЖАСАСУДЫҢ ЕРЕКШЕ ТӘРТІБІ
612-бап. Процестік келісім жасалған кезде
сотқа дейінгі тергеп-тексеру
613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік
келісімді жасасуға арналған шарттар
614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік
келісімді жасасудың салдарлары
615-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік
келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі
616-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік
келісім жасасу тәртібі
617-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік
келісім жасасқаннан кейін қылмыстық іс бойынша
прокурордың, тергеушінің, анықтаушының әрекеттері
618-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісім
619-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу тәртібі
620-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіту тәртібі
621-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын
орындау бойынша прокурордың әрекеттері
64-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ СОТТА
КЕЛІСІМДІК ІС ЖҮРГІЗУДЕ ҚАРАУ
622-бап. Келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздер
623-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні
мойындау туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен
іс бойынша судьяның әрекеттері
624-бап. Істі келісімдік іс жүргізуде қарау кезінде сот отырысына
қатысатын адамдар
625-бап. Келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі
мен мерзімдері
626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері
627-бап. Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша айыптау
үкімінің құрылымы және мазмұны
628-бап. Басты сот талқылауы барысында келісімдік
іс жүргізуді қозғау
629-бап. Сотта жасалатын процестік келісімнің құрылымы
мен мазмұны
14-БӨЛIМ. ІСТЕР БОЙЫНША АЛҚАБИЛЕРДIҢ
ҚАТЫСУЫМЕН IС ЖҮРГIЗУ
65-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
630-бап. Істер бойынша алқабилердiң қатысуымен iс жүргiзу тәртiбi
631-бап. Істердің алқабилер қатысатын сотқа соттылығы
632-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы
633-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу
634-бап. Соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы
өтiнiшхат
66-тарау. СОТ ОТЫРЫСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
635-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу
636-бап. Алдын ала тыңдау өткiзудің ерекшелiктерi
637-бап. Алқабилер қатысатын сот отырысын тағайындау кезiнде
алдын ала тыңдау тәртiбiмен шығарылатын шешiмдердiң
ерекшелiктерi
638-бап. Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды
алдын ала кездейсоқ таңдау тәртiбi
67-тарау. СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШIН
АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТТАРДЫ IРIКТЕУ
639-бап. Жалпы ережелер
640-бап. Төрағалық етушiнiң алқабиге кандидаттарды
iстi қарауға қатысудан босатуы
641-бап. Алқабиге кандидаттардың өздiгiнен бас тартуы туралы
мәселелердi шешу
642-бап. Алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiру туралы
мәселелердi шешу
643-бап. Алқабиге кандидаттарға уәжсiз қарсылық бiлдiру
644-бап. Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру
645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының
жалпы шарттары
646-бап. Алқабилердiң ант қабылдауы
68-тарау. АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСАТЫН СОТТЫҢ
IСТI ТАЛҚЫЛАУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
647-бап. Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне
iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер
648-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыретi
649-бап. Алқабилер қатысатын сотта iстiң тоқтатылуы
650-бап. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерi
651-бап. Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөзi
652-бап. Алқабилер қатысатын соттағы репликалар және
сотталушының соңғы сөзi
653-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын
сұрақтардың қойылуы
654-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын
сұрақтардың мазмұны
655-бап. Алқабилер кеңесiнiң құпиясы
656-бап. Кеңесу бөлмесiнде кеңесу мен дауыс берудi жүргiзу тәртiбi
657-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешiмдердің
түрлерi
658-бап. Үкiм шығару
659-бап. Қылмыстық iстi қарауды сотталушының есi дұрыс емес
екендiгiнiң анықталуына байланысты тоқтату
660-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргiзу ерекшелiктерi
69-тарау. АЛҚАБИЛЕРДIҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШIНЕ ЕНБЕГЕН ҮКIМДЕРДI, ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНIНДЕГI IС ЖҮРГIЗУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшiне енбеген
үкiмдер мен қаулыларға шағым жасау және
наразылық білдiру
662-бап. Алқабилер қатысатын сот қараған iстерді апелляциялық
сатыда жүргiзу ерекшелiктерi
663-бап. Істі жаңа сот талқылауына жібере отырып алқабилердің
қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою
70-тарау. АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ҮКІМДЕРДІ, ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
664-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері
мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау
665-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері
мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау
666-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері
мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау
15-БӨЛІМ. ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН
ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
71-тарау. ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН МҮЛІКТІ ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
667-бап. Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін
тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау
668-бап. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу
669-бап. Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы
670-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде
шешетін мәселелері
671-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі
672-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағым жасау, наразылық білдіру
16-БӨЛІМ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
72-тарау. ОСЫ КОДЕКСТІҢ КЕЙБІР ЕРЕЖЕЛЕРІН
ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ
673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі
73-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
674-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және кейбір
заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процестік кодексiнде айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге де заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің және Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық-процестік құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқыққа сәйкес шешiлуге тиiсті мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде артықшылық күшi бар
құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заңдық күшке ие және тiкелей қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының Конституциясы арасында қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерi қолданылады.
2. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен өзге де заңдар арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстiң ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие және, халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етілетіндігі туындайтын жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
3-бап. Қылмыстық-процестік заңның кеңiстiкте қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше қағидалары белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң
қылмыстық-процестік құқығын қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеп-тексеру органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті жүргiзетiн органның шет мемлекеттiң қылмыстық-процестік құқығын қолдануға, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген болса, жол беріледі.
5-бап. Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында
қолданылуы
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу процестік әрекетті орындау, процестік шешiмді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дәлелдемелердiң жол берілетіндігі олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.
6-бап. Қылмыстық-процестік заңның шетелдiктер мен азаматтығы
жоқ адамдарға қатысты қолданылуы
1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 57-тарауына сәйкес айқындалады.
7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдарды түсiндіру
Осы Кодекстегі ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:
1) адамды ұстап беру (экстрадициялау) – қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындау үшін іздестіріліп жатқан адамды мемлекетке ұстап беру;
2) айыптаушы тарап – қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жекеше айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi;
3) алқаби – соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
4) апелляциялық саты – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) жөніндегі істі мәні бойынша қарайтын сот;
5) арнаулы бiлiм – адам кәсiптік оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын, қылмыстық процесте жалпыға бірдей белгiлi емес бiлiм;
6) арнаулы ғылыми білім – мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнаулы білім саласы;
7) арыз иесі – сотқа немесе қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлаған не өзiнiң нақты немесе болжалды құқығын немесе өзі өкілдік ететін тұлғаның құқығын қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен қорғау үшiн жүгінген тұлға;
8) басты сот талқылауы – бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;
9) бiрiншi сатыдағы сот – сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін не сот актісінің күшін жоғары тұрған сот жойғаннан кейін не оның күші жекеше айыптаушының шағымы бойынша жойылғаннан кейін келіп түскен қылмыстық істі соттылығына сәйкес қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары);
10) ғылыми-техникалық құралдар – дәлелдемелердi табу, тіркеу, алып қою және зерттеу үшiн құқыққа сыйымды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы құрылғылар, материалдар;
11) жақын туыстар – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер, ата, әже, немерелер;
12) жасырын тергеу әрекеті – осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда сотқа дейінгі іс жүргізу барысында өздерінің мүдделеріне қатысы бар қылмыстық процеске тартылған тұлғаларға хабарламай жүргізілетін әрекет;
13) заңды өкiлдер – күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ күдіктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;
14) кассациялық саты – аудандық және оларға теңестірілген соттардың (оның ішінде мамандандырылған, ауданаралық соттардың) үкімдеріне, қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатының үкімдері мен қаулыларына кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істі қарайтын сот;
15) қадағалау сатысы – заңды күшiне енген сот актілерiне өтінішхат, наразылық, ұсыну бойынша iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы;
16) қаулы – соттың үкiмнен басқа кез келген шешiмі, анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша іс жүргізу барысында қабылдаған шешiмі;
17) қорғау – қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтiрiлген, айыпталған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, күдікті, айыптауды теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға құқыққа сыйымсыз түрде ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет;
18) қорғаушы тарап – күдіктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;
19) қорытынды шешiм – қылмыстық процесті жүргiзетін органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болғызбайтын, сондай-ақ істі мәні бойынша түпкілікті түрде болмаса да шешетін кез келген шешiмі;
20) құзыретті орган – осы Кодекстің 12-бөліміне сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш жасайтын немесе сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) орындалуын қамтамасыз ететін, қылмыстық процесті жүргізетін орган;
21) құқықтық көмек – бір мемлекеттің құзыретті органдарының екінші мемлекеттің құзыретті органдарының немесе халықаралық сот мекемелерінің сұрау салуы (тапсырмасы, өтінішхаты) бойынша істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотта талқылау немесе сот актісін орындау үшін қажетті процестік әрекеттерді жүргізуі;
22) қылмыстық қудалау (айыптау) – қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті және оны жасаған адамды, соңғысының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ осындай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет;
23) қылмыстық қудалау органдары (лауазымды адамдары) – прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
24) қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдар – сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, қорғалуға құқығы бар куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы, медиатор;
25) қылмыстық процеске қатысушылар – қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделердi қорғайтын тұлғалар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, күдіктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбiрленушi, жекеше айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi;
26) қылмыстық процесті жүргiзетін орган – сот, сондай-ақ сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
27) қылмыстық iс – бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық қудалау органы және (немесе) сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;
28) мемлекеттік айыптау – прокурордың бірінші және апелляциялық сатыдағы соттағы, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында айыптауды дәлелдеуден тұратын процестік қызметі;
29) нақты ұстап алу – жүріп-тұру бостандығын қоса алғанда, ұстап алынған адамның бостандығын шектеу, оны белгілі бір орында мәжбүрлеп ұстау, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлеп жеткізу (қолға түсіру, үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға мәжбүрлеу және сол сияқтылар), сондай-ақ ұстап алынған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің орындалуына қарамастан, көрсетілген шектеулер нақты болған кезден бастап адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дәлдікпен елеулі түрде шектейтін қандай да бір өзге де әрекеттер;
30) наразылық – прокурордың қылмыстық іс бойынша сот шешіміне өз құзыретi шегiнде және осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзген ден қою актiсi;
31) орталық орган – осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекет атынан шет мемлекеттің құзыретті органының немесе халықаралық сот мекемесінің сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) қарауға және оның орындалуын ұйымдастыру мақсатында шаралар қолдануға немесе құзыретті органның құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхаттын) шет мемлекетке жіберуге уәкілеттік берілген орган;
32) өкiлдер – жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің, жекеше айыптаушының, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай бiлдiруге уәкілеттік берiлген адамдар;
33) өтінішхат – тараптың немесе арыз иесінің қылмыстық процесті жүргізетін органға жолдаған, процестік әрекеттер жүргізу немесе процестік шешім қабылдау туралы өтінуі, ал қадағалау сатысында – қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;
34) прокуратура органының басшысы – өз құзыреті шегінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары;
35) процесс прокуроры – прокуратураның басшысы осы Кодекске сәйкес қылмыстық іс бойынша заңдардың қолданылуын қадағалауды жүктеген прокурор;
36) процестік әрекеттер – осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн әрекеттер;
37) процестік келісім – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім;
38) процестік шешiмдер – қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты шығарылған актiлері;
39) санкция – соттың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық қудалау органының процестік әрекетті жасауына берген рұқсаты не қылмыстық қудалау органы жасаған немесе қабылдаған процестік әрекетті немесе процестік шешімді прокурордың бекіту актісі;
40) сот – сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалы түрде немесе жеке-дара қарайтын, кез келген заңды түрде құрылған сот;
41) сотқа дейінгі іс жүргізу – қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бастап оны прокурор мәні бойынша қарау не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін сотқа жібергенге дейін іс бойынша іс жүргізу, сондай-ақ жекеше айыптаушының және қорғаушы тараптың қылмыстық іс бойынша материалдар дайындауы;
42) судья – сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiби судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);
43) сұрау салушы тарап – құзыретті органы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш жасайтын мемлекет немесе халықаралық сот мекемесі;
44) сұрау салынатын тарап – құзыретті органына сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) жолданатын мемлекет;
45) тараптар – сот талқылауында жарыспалылық және тең құқылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық қудалауды) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар;
46) тергеулік – осы қылмыстық құқық бұзушылықты тергеп-тексеруді қандай да бір қылмыстық қудалау органының құзыретiне жатқызатын, осы Кодексте белгiленген белгілердің жиынтығы;
47) тергеу судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы;
48) төрағалық етушi – қылмыстық iстi алқалы түрде қарау кезiнде төрағалық ететiн не істі жеке-дара қарайтын судья;
Достарыңызбен бөлісу: |