Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнестің жоғары және орта кәсіпкерлік топтарының басшылары Жобаның қатысушылары бола алады.
Қолдауға қол жеткізу тетігі:
«Іскерлік байланыстар» Жобасының бірінші кезеңі
1. Өтінім беруші белгіленген нысанда Жобаға қатысу үшін жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге немесе жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігіне жүгінеді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші немесе жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігі өтініштерді қарастырады және экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеуді жүргізеді және іріктеуден өткен қатысушылардың тізімін Операторға жібереді.
3. Оператор жиынтық өтінімді қалыптастырады, оны салалар (кіші салалар) бойынша топтастырады және халықаралық және шетелдік ұйымдарға бизнес-тренингтер және тиісті салалар бойынша келесі тақырыптық бизнес-тағылымдаманы ұйымдастыру жөнінде ұсынысты жібереді.
4. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірлесе отырып Оператор ұсынған салалар тізбесінен қабылдаушы елдің ерекшелігіне қарай салаларды (кіші салаларды) таңдайды және Бағдарлама қатысушыларын іріктеуді жүргізеді.
5. Оператор Уәкілетті органға халықаралық және шетелдің ұйымдар бойынша салаларды бөлуді және Жоба қатысушыларының мақұлданған тізімін келісуге енгізеді.
6. Уәкілетті орган Халықаралық және шетелдік ұйымдармен және Оператормен бірлесе отырып оқыту бағдарламасын әзірлейді және шеңберінде Жоба қатысушылары өз кәсіпорындары дамуының бизнес-жоспарларын әзірлейтін Жоба қатысушыларына арналған бизнес-тренингті ұйымдастырады.
7. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Уәкілетті органмен және Оператормен бірлесе отырып іріктелген салалар (кіші салалар) тізбесіне сәйкес бзнес-тренингтер өткізу үшін осы салаларда (кіші салаларда) тісті біліктілігі бар шетелдік және отандық оқыту орталықтарын, консалтинг компанияларын, бизнес-тренерлер мен сарапшыларды тартады.
8. Бизнес-тренинг аяқталғаннан кейін Жобаға қатысуды жалғастыруды қалайтын Жоба қатысушылары тікелей кәсіпорындарда өз бизнес-жоспарларын жетілдіреді және Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін жетілдірілген бизнес-жоспарларын Оператор мен халықаралық және шетелдік ұйымдарға ұсынады.
«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңі
1. Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушілерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірге Жобаның бірінші кезеңі шеңберінде әзірленген бизнес-жоспарлардың ұсынылған үздіктерін іріктеуді жүргізеді және Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін Уәкілетті органға қатысушылардың тізбесін ендіреді.
2. Уәкілетті орган қатысушылар тізбесін Жұмыс тобының қарауына шығарады.
3. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірге топтық бағдарламалар күнтізбесін құрастырады және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін серіктес кәсіпорындарды іздеуді жүзеге асырады және Бағдарлама Қатысушыларын тағылымдамаға жібереді.
4. Тағылымдама нәтижелері бойынша қатысушылар алған білімдерін, тәжірибелері мен технологияларын ескере отырып Кәсіпорынды дамытудың толық жоспарын дайындайды.
5. Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушілерімен және шетелдік ұйымдармен бірлесе отырып Бағдарлама қатысушылары-кәсіпорындардың даму жоспарларының іске асырылу монторингін жүргізеді.
|