Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңының орындалу барысы туралы АҚпарат



Дата03.03.2016
өлшемі26.02 Kb.
#35404
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңының орындалу барысы туралы АҚПАРАТ

Қала, кент әкімі аппаратарында және жеке бөлімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221- ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтар қабылдауын ұйымдастыру туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-ІІ «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

2012 жыл ағымында қала әкімі аппаратына 779 өтініш келіп түсті. 2011 (1006) жылмен салыстырғанда қала әкімі аппаратына келіп түскен өтініштердің жалпы саны 23 % азайды. Жеке өтініштердің саны 900-ден (2011ж.) 695-ке дейін азайды, сондай – ақ ұжымдық өтініштердің саны 106-дан 84-ке дейін азайған.

Барлық өтініштердің 15% алғашында жоғары тұрған және басқа да органдарға келіп түскен, оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 73, Тәртіптік кеңеске - 2, қала прокуратурасына – 17, Шахтинск қалалық мәслихатына – 14, облыстық маслихатқа – 9, Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы - 1, 2011 жылмен салыстырғанда олардың үлесі 17% құраған.

2011 жылмен салыстырғанда коммуналдық шаруашылық мәселелер жөніндегі өтініштер саны 148-ден 247-ге дейін көбейген. Бұл өтініштерде қала тұрғындары және үй комитеттерін басқарушылардан аббаттандыру және үй ішіндегі шаруашылықтарды жөндеуді сұраған, аулаларды немесе балаларға арналған алаңдарды көркейтуді, үй шатырларын жөндеуге көмек көрсетуді, су жабдықтау, электрқуаттандыру, жарықтандыру, төлелерді су басу, үйлерді орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне қосу мәселесі бойынша өтініштер келіп түсті.

2012 жылы тұрғын үйлерге және шағын және орта бизнес объектілеріне қызмет көрсету үшін жер учаскелерін ұсыну мәселелері жөнінде 25 өтініш келіп түсті.

Жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі өтініштер саны 25-тен 22–ге дейін азайды.

Азаматтардың тұрғын – үй шаруашылығы туралы өтініштерінің саны 608 – ден 273-ке дейін азайды. Бұл өтініштерде азаматтар Шахтинск қаласының тұрғын үй қорынан жай беруді, даулы тұрғын үй мәселелерін сот арқылы шешіп беруді сұрайды. Өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес түсініктемелер беріледі. Есеп беру кезеңінде Жайларды жекешелендіру мәселесі туралы азаматтардан 30 өтініш келіп түсті.

Есеп кезеңі ағымында әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша 30 адам өтінді. Өтініштер әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу, қиын материалдық жағдайдарына байланысты материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша.

Білім беру мәселесі бойынша 12 өтініш келіп түсті. «Ласточка» бала бақшасын сатып алу және ашу туралы, №12 мектептің жабылуы туралы, мектептер мекмелерін жөндеу мәселелері бойынша.

Қала әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауында 400 адам қабылданды.

2012 жылыжеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Шахтинск қаласының әкімі қаңтар-ақпан айында қала және қала маңындағы кент тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізді. Қала әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу барысында берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары уақытында әзірленді және оған мониторинг жүргізілді.

Жұмыс механизімін жаңғырту және тұрғындарға мәселелерді шешуге көмек көрсету жөніндегі жүйені жетілдіру мақсатында, қала әкімі аппаратында тоқсан сайын халыққа «Ашық есіктер күні» акциясы өткізіледі, онда қалаған сұрақтары бойынша тікелей өтініп қала қызметтері мамандарынан қажетті түсініктемелерді ала алады.



Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстар барысы қала әкімінің аппараттық кеңестерінде, қала әкімдігінің отырыстарында, қала әкімі аппаратының басшысында бақылау күндерінде, құқықтық жалпы оқуда қаралады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет